Мазмұнға өту

№86 сабақ. Ғарышкермен сұхбат. Ғарыштық өмір.

Декманова Гулназ Жумашкановна 4 мин оқу 184 оқылым
Білім беру ұйымының атауы «П.Г.Карелин атындағы орта мектебі»КММ
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Бөлім: Ғарышқа саяхат
Педагогтің аты-жөні: Декманова Гулназ Жумашкановна
Күні: 27/04/2022
Сынып: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: №86 сабақ. Ғарышкермен сұхбат. Ғарыштық өмір.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 4.2.3.1–шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре  отырып  дәлелдеу.
 Сабақтың  мақсаты Шығармашылық жұмыстар жасайды,қажетті ақпаратты тауып,оқиды

М.И.Оморокова, И.А.Рапопорт технологиясы бойынша оқу жылдамдығын арттырудың жолдары.

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдас

тыру

Өзін-өзі тексеру

Жаңа білім

Бекіту

Кері байланыс

Сабаққа дайындық

Психологиялық  ахуалды жақсарту

Жаңа тақырып

Орында

Талғат Мұсабаевқа  қойылатын сұрақтар:

Ғарышкер болу үшін не істеу керек?

Ғарышта жүргенде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Ғарышкерлер жайлы түсінік беру

Түсініп оқы.

«Ғарыштық өмір» мәтінін түсініп,жүргізе оқу.

1. «Тізбектеп оқу»  әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың оқу дағдысын анықтау, жылдам оқуға дағдыландыру,  оқу белсенділігін және қызығушылығын арттыру. Мәтіндегі әрбір сөзді анық, дұрыс оқуға қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін дамыту.

Оқыту шарты: Мәтінді әр оқушы бір сөйлемнен жалғастырып,  тізбек оқиды.  Оқу барысында сынып оқушылары түгелдей қамтылады. Тізбектеп оқу әдісі арқылы оқушылардың оқу дағдысын анықтап, оқу жылдамдығын арттырады

2. «Жетекпен оқу» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың есту қабілетін арттыру. Оқу дағдысы төмен оқушыларды жетекке алу арқылы жылдам оқуға дағдыландыру. Баланың еркіндігін қалыптастыру, де жеке қасиеттерін ескеру.

Оқыту шарты: Белгілі абзацты немесе өлеңді мұғалімнің жетегіне еріп хормен оқу. Оқушылар бір-бірінен қалап қалмау, немесе озып кетпеу қадағаланады.  Жетекке ала оқу  әдісі арқылы оқушылардың есту қабілетін дамытуға болады.

4. «Ерінмен оқу» әдісі.

Мақсаты: Оқушыны  өз бетінше қатесіз оқуға дағдыландыру, бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істеуге, көзбен жылдам оқуға машықтандыру. Оқушының мәтінді түсініп оқуына ықпал жасау.

Оқыту  шарты: Оқушы сұқ саусағымен  ернін жауып, көзбен іштей оқуға үйренеді. Мәтіндегі белгілі абзацты оқушыға беріп, оны  іштей түсініп оқып шығуы тиіс. Тексеру барысында оқушының  оқығанын  мазмұндатып, тілін дамытуға көз жеткізуге болады.

5. «Құлақпен тыңдау» әдісі.

Мақсаты: Оқу жылдамдығын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдерін үйрену.

Құлақпен әрі көзбен оқытудың жолдарын үйреніп, есте сақтау қабілетін дамыту.

Оқыту шарты:  Мәтінді мұғалім дауыстап оқиды. Оқушы  мұқият тыңдап, көзбен мәтінге ілесуі тиіс. Бұл әдістің тиімділігі оқушы мұғғалімді әрі тыңдап, әрі көзбен жылдам оқуға дағдыланады

3. «Фотокөз»

Мақсаты: Оқытудың бұл әдісі дамыта оқыту технологиясын басшылыққа ала отырып, оқушының көру, есте сақтау қабілетін қамтамасыз ету, жылдамдата оқуға дағдыландыру және есте сақтағанын қатесіз жазып беруге үйрету.

Оқыту шарты: Бұл жерде оқушының көзбен тез оқып, қабылдауын тексеру әдісі қолданылады.  Мұғалім тақтаға бірнеше сөздер  немесе сөз тіркестерін іледі. Оқушының міндеті осы сөздерді  көзбен тез оқып,  яғни фотоға түсіріп, есте сақтау. Тексеру барысында бір минуттан кейін қандай сөздер есте сақтап қалғанын ауызша немесе жазбаша анықтау керек.

6. «Мәре»

Мақсаты: Оқушыны ұшқырлықққа, жылдамдыққа, ептілікке бағыттау. Жекелік қасиеттерін ескеру, өз бетінше оқуға үйрету. Мәтінді мұқият оқуын қадағалау.  Мәреге жету  ойыны  арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Оқыту шарты: Кім бірінші мәреге жетер екен? Оқушыларды ойын арқылы оқытуға үйрету. Мәтіндегі бір абзацты белгілеп, оқушылар өз беттерінше дауыстап, жарыса оқиды. Мұғалім оқушының шын, мұқият оқуын қадағалайды. Кім бірінші мәтінді аяқтаса сол бала мәреге жетеді.

7. «Пирамида құру» әдісі.

Мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушының ізденушілік қабілетін арттыру. Дамыта оқыту технологиясын басшылыққа ала отырып, баланың  жалпы дамуына, әрекет етуіне ықпал ету.

Оқыту шарты: Мәтінмен жұмыс жасау. Пирамида құру үшін төменнен жоғары қарай жылжу керек. Мәтіндегі ең ұзын сөзден ең қысқа сөзге дейін мұғалімнің басшылығымен сұрақ-жауап әдісі арқылы көзбен іздеп тауып, сөздерден пирамида құру.  Мысалы: тоғыз әріптен, сегіз, жеті әріптен...    екі әріптен тұратын сөздерді мәтіннен тап.

Сөздік жұмыс

Сталинград-Ресейдің қаласы

Тәнті болу-Риза болу

Әріптес-бірге жұмыс жасайтын адам.

«Сұрақтар тақтасы»

1.Ғарышты игеру не үшін керек?

Спутниктер арқылы Жердегі құбылыстарды байқап отыру үшін

2. Ғарышкердің бойында қандай қасиеттер болу керек?

Ержүректілік, батылдық, шешім қабылдағыштық, патриоттық сезім.

3. Сен қай ғарышкерге ұқсағың келеді?

Барлығына

Қорытындыла

Мәтіннің  ерекше әсер еткен бөлігі-

Сонда Мұсабаев : «Қазақстанның үстінен ұшып барамыз.Менің Қазақстаным!»- деп айқай салыпты.

Үй тапсырмасы

Т.Мұсабаев сияқты туған жердің үстінен ұшып,өтіп бара жатсаң не айтар едің? Ойыңды жаз.

Шаттық шеңберін жасайды

Ғарышкерлер жайлы айтады

Сұрақтар дайындайды

Тізбектеп

Мәтінді оқиды

Жетекпен

Мәтінді оқиды

Ерінмен

Мәтінді оқиды

Құлақпен тыңдайды

көзбен тез оқып,   фотоға түсіріп, есте сақтау

Мәре

Мәтіндегі бір абзацты белгілеп, оқушылар өз беттерінше дауыстап, жарыса оқиды

Пирамида құру

сөздерден пирамида құру

Сабақты қорытады

Жаңа сөздермен танысады

ҚБ:

Дескриптор:

Ғарышкерге сұрақтар дайындайды-1Б

Ғарыш туралы өзі қызықтыратын тақырыбын айтады-1Б

Дескриптор:

Мәтінді түсініе,жүргізе оқиды-1Б

Жаңа сөздердің мағынасын біледі-1Б

Дескриптор:

Екі ғарышкердің армандарын салыстырады-1Б

Ғарышкерлер туралы мәліметтер біледі-1Б

Дескриптор:

Тақырып бойынша сұрақтар дайындайды-1Б

Сұрақтарға жауап береді-1Б

Дескриптор:

Мәтіндегі ерекше әсер еткен тұсты оқып береді-1Б

Өз ойларын айтып сабақты бекітеді-1Б

«Бес саусақ» әдісі

Оқулық

Суреттер

Т.Әубәкіров туралы суреттер

Т.Мұсабаев туралы суреттер

Суреттер

Суреттер

Оқулық

Суреттер

Кері байланыс парағы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Декманова Гулназ Жумашкановна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин