Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды?

Нілдібаева Жазира Қадырбекқызы
4 мин оқу 730 оқылым

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылы №32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нілдібаева Жазира Қадырбекқызы

Пән: Қазақстан тарихы Мұғалімнің аты-жөні:
Дата: Класс: 5 Оқушы саны:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 5.3A Сақтар
(12 сағат)

Сабақтың тақырыбы Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды?
Бастапқы білім Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі рулар, тайпалардың пайда болуы, археологиялық ескерткіштері, дүниетанымы, шаруашылығы,тарихи кезеңнің зерттелуі туралы біледі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.3.2.1 – сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау
Бағалау критерийлері  Сақ тайпалары мен Александр Македонский әскері арасындағы шайқасты талдайды;
 Македонскийдің Орта Азияға жорығын сипаттайды.
Дескриптор  Сақ тайпаларына жасаған жорығының неліктен сәтсіз аяқталғанын түсіндіреді;
 Тарихи дереккөздерге сүйене отырып, Александр Македонскийдің жаулап алу саясатына баға береді.
Тілдік мақсаттар
1. Грек, парсы, рим жазба деректерімен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).
2. Шығармашылық жұмыстарын қорғайды, сақтардың ерлігін, әскери жетістіктерін, өнер туындыларын сипаттайды (тыңдалым және айтылым дағдысы).
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері
Помпей Трогтың, Геродоттың, Ктесийдің жазбалары сақтардың көрші елдермен қарым-қатынасы туралы келесі ақпараттарды береді:...
Сақ тайпаларының әскери артықшылығы...
Құндылықтарды
дарыту «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының маңыздылығын көрсету.
Пәнаралық байланыстар Пән Кезең
Дүние жүзі тарихы Зерттеу және талдау. Геродот деректерімен жұмыс.

Дифференциация - тапсырма таңдау барысында: жеке оқушыға, топқа арналған әр түрлі деңгейлі тапсырмалар дайындау;
- оқушының жеке күтілетін нәтижесін белгілеу;
- оқушыға жеке көмек көрсету;
- оқу материалдары мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып таңдау.

Сабақ түрі Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ –жауап, кестемен жұмыс, ой жинақтау
Сабақ типі Жаңа оқу материалын игерту
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Қызығушылықты ояту кезеңі
Сабақтың басы

5 мин Б. Оқушылардың алдыңғы білімін қайталап, жаңа біліммен байланыстыру үшін «Ассоциация» әдісі қолданылады. «Сақ», «Александр Македонский», «соғыс», «стратегия» және т.б. түсініктер мен сөздер арқылы өткен мен жаңа сабақтың арасындағы байланыс орнатылады.
Оқушыларды мұғалім сабақ тақырыбына шығарады. Слайд 1
Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

15 мин

Б. Өз білімдерін толықтыру үшін «ББҮ» кестесінің алғашқы екі бағанасын толтырады.
Білемін Білгім келеді Үйрендім

М. Оқушыларға тақтадағы слайд арқылы Александр Македонскийдің сақтарға қарсы жасаған жорығы туралы мағлұмат береді.
Миға шабуыл: Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылады:
1. Неліктен А.Македонский сақтарға қарсы шықты
2. Көздеген мақсаты не?
3. Сақтар грек басқыншыларына қалай жауап берді?
4. Екі арадағы соғыс қай жерде болды?
5. Соғыстың масштабы қаншалықты болды?
6. Соғыс барысы қалай жүрді?
Оқушылар жоғарыда аталған сұрақтарға болжам түрінде жауап береді.
Т.Оқушыларды алдын-ала дайындалған сурет-фигура бойынша немесе реттік сан бойынша топтарға бөлінеді.
1 топ: Сақ жауынгерлері мен Спитамен
2 топ: Гректер және А.Македонский
Т. Оқушыларды жоғарыда аталған қызықты сұрақтарға жауап беру үшін мұғалім оларды «РАФТ» әдісін қолдану арқылы топтарға бөледі.
Бұл жерде
Р – роль (сақтар, Спитамен,гректер және Македонский)
А – аудитория (кабинетте)
Ф – импровизациялық көрініс түрінде
Т – А.Македонскийдің сақтарға қарсы жорығы

Т. Оқушылар жоғарыда аталған тақырып бойынша қойылымды бағалау критерийін мұғаліммен бірге белгілейді. Бағалау критерийлері төменде көрсетілген критерийлердің айналасында болуы қажет.
 Сақ тайпалары мен Александр Македонский әскері арасындағы шайқасты талдайды;
 Македонскийдің Орта Азияға жорығын сипаттайды.
Т. Оқушыларға алдын-ала дайындалған мәтін беріледі. Мәтінмен танысып, оқушылар импровизациялық көрініс (РАФТ әдісі бойынша) дайындайды.
Б. Импровизациялық көріністі топтар көрсетеді. Көріністің мазмұны екі арада болған шайқасты, екі ел қолбасшыларының диалогы, жеңілу картинасын көрсету қажет.

М. Оқушылардың көрсеткен көрінісін бағалау критерийіне сәйкес қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар.

Сабақтың соңы
5 мин
Б. Оқушылар алған білімдері бойынша сабақ басында толтырған «ББҮ» кестесінің 3 бағанасын толтырады.
http://ehistory.kz/kz/contents/view/258

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?
Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар
болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Нілдібаева Жазира Қадырбекқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 014 оқылым