Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Нәсір Фазылов, Әбілхасан Рудаки, Омар Хайям шығармалары

Каипбек Олжас Ерланұлы
2 мин оқу 72 оқылым

Көрнекті өзбек жазушысы Нәсір Фазылов Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы Керіз қыстағында 1929 жылы дүниеге келген. Нәсір Фазыловтың алғашқы әңгімелер жинағы 1959 жылы жарық көрген. Бірнеше роман, повесть, драманың авторы Н. Фазылов шығармаларының негізгі тақырыбы – мектеп оқушылыры мен жастар өмірі, халықтар достығы. Н. Фазыловтың «Жүрек әмірі», «Жасақшы бала», «Жазғытұрым», «Түркістан хикаялары» деген шығармалары мен кітаптары қазақ тілінде басылып шыққан.

Нәсір Фазылов – қазақ әдеби шығармаларын өзбек тіліне таныстырудағы аудармашылық еңбегі үшін Қазақстан жазушылар одағының Сәбит Мұқанов атындағы сыйлығына ие болған көрнекті аудармашы.

Жазушы Н. Фазыловтың «Алып адам» шығармасы қазақ халқының атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың азаматтық тұлғасын танытуға арналған. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл тұрмысын арқау еткен шығармада Қажымұқан Мұңайтпасов әрі батыр, әрі кішіпейіл, әрі қайырымды, әрі ерен күш иесі болып суреттелген. Шығармадағы бала кейіпкер Қажымұраттың палуан Қажымұқанмен екі кездесуі балаға екі түрлі әсер қалдырғанын жазушы бала көңілімен, бала түсінігімен шебер де тартымды көрсете білген. Жұрт алдында өнер көрсетіп, жиналған қаржыны Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлерге көмекке жібермек болған Қажымұқан палуанның іс-әрекеті, Қажымұратқа гир тасын сыйлай тұрып айтқан сөзі, берген батасы арқылы палуанның азаматтық, адамилық қасиетін нақты ашып көрсеткен.

«Ақындардың Адам-Атасы» атанған парсы-тәжік ақыны, Шығыс жұлдыздарының бірі Әбілхасан Рудаки Самарқан маңында дүниеге келген. Ақынның жүз мың бәйіттен тұратын бай мұрасынан мыңға жуық бәйіт сақталған. Рудаки үндінің «Калила мен Димна» деп аталатын ертегілер кітабын аударған. Жасынан аса қабілетті болған Рудаки сегіз жасында Құранды жатқа білген, ән айтқан, музыкалық аспапта ойнаған. Рудаки өзінің бәйіттері мен рубаиларында Иранның ұлттық мүддесін, тәуелсіздігін, тіл дербестігін қолдаған. Өлеңдерінде өмірдің сан алуан тақырыбын қозғаған Рудаки: «Жамандықпен жапса әзәзіл бір есік, жақсылықпен ашатын бол мың есік», – деп, адамдарды адамшылық пен ізгілікке шақырған.

Рудакидің шығармаларын Қалижан Бекхожин, Тайыр Жароков, Ғафу Қайырбеков сынды ақындар қазақ тіліне аударған.

Шығыс жұлдыздарының бірі ақын, математик, астроном, ойшыл Омар Хайям Нишапур маңында дүниеге келген. Жасынан зерек болып, ғылым қуған Омар Хайям 25-30 жастар шамасында алгебра туралы трактат, одан кейін көне грек геометрі Евклидтің ережелерін түсіндіретін трактат жазған. Тек математик ғана емес, емші де болған Омар Хайям Шығыс ғұламасы Ибн Синаның философиялық шығармасын парсы тіліне аударған. Астраномия саласымен де айналысқан Омар Хайям Иранның Исфахан қаласындағы обсерваторияны басқарып, ай күнтізбесінің орнына күн күнтізбесін енгізген. «Әлем және оның міндеттері», «Тіршілік туралы», «Алгебра туралы» ғылыми кітаптарын араб тілінде жазған Омар Хайям 300-ден астам рубаиларын парсы тілінде жазып қалдырған.

Ақынның өлеңдерінде жақсылық пен ізгілік, надандық пен ғылым іздеу, өмірдің мәні, уақыттың өтпелілігі, о дүние жайлы толғаныстар орын алған. Омар Хайямның өлеңдерін Қуандық Шаңғытбаев қазақ тіліне аударған.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Каипбек Олжас Ерланұлы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 43 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым