Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Нашақорлық - ғасыр дерті"

Bilimger Media
3 мин оқу 644 оқылым

«Нашақорлық – ғасыр дерті» атты дөңгелек стөлі

Көрнекілігі:

Қанатты сөздер, слайд, видео, баяндама, сөзжұмбақ, жүрекшелер.

  1. Әлеуметтік педагог: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар және үйірме жетекшілері. Бүгінгі «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты дөңгелек стөлімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Мен Рахпанова Мадина Жексенбекқызы Мойынқұм ауылы «Аула клубы» КММ-нің әлеуметтік педагогы қызметін атқарамын.

«Нашақорлық – ғасыр дерті» атты дөңгелек стөліміздің мақсаты: Оқушылардың зиянды заттар  туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды салауатты өмір салтына және имандылыққа тәрбиелеу.

Бүгінгі дөңгелек стөліміздің міндеті:

- «Нашақорлықтың пайда болу жолдары, ауру белгілерін ажырата білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру;

- Жасөспірімнің қоғамға тигізген кез келген зиянды әрекетін қылмыс деп саналып, ол үшін заң алдында жауап беретіндігін үйрету;

- Жасөсіпірімдерді санасына нашақорлыққа апаратын қадамдардан бас тартуға, салауатты өмірді, яғни рухани-физикалық саулықты сақтау дағдысын меңгерту;

- Бала бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды, ұйымшылдық, ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу.

Бүгін біздің дөңгелек стөлімізде қонақта Мойынқұм аудандық АІІБ-нің  аға инспекторы, полиция майоры Лесбекова Венера Балтабайқызы.

Мойынқұм аудандық мешітінің имамы _______________________________.

Мойынқұм аудандық ауруханасының нарколог дәрігері _______________________________,

«Аяла денсаулық жастар орталығының» психологы  _______________________________.

«Жас Отан» жастар қанатының төрағасы _________________________________.

  1. Мекемеміздің директоры Мархат Ерғазыұлына сөз кезегін берсек.
  2. Ортада мекемеміздің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Жекеева Мақпал «Есірткі жас өмірді улаушы» тақырыбындағы баяндамасына кезек берсек.
  3. Назарымызды «Нашақорлық - ғасыр дерті» тақырыбындағы видеоға аударсақ.
  4. «Мамандарға сұрақ-жауап» бөлімі.
  5. «Аяла денсаулық жастар орталығының» психологы ________________________ «Салауатты өмір салты» тақырыбындағы слайд-шоуға назар аударайық.
  6. Мекемеміздің педагог-психологы Душанова Айсұлу «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы баяндамаға кезек берсек.
  1. Жағдаятты сауалнамалар слайдтан.

Анықтауларыңыз бойынша 8 сыныптың оқушысы есірткінің ең жеңіл түрін пайдаланып мектепке келген. Бұл жағдайда балаға жаза қолданыла ма?

Алмас 11 сынып оқушысы. Бірде таныс көкесі Алмасқа  бір қалта есірткіні әкеліп қолына ақша ұстатты: «Мына қалтадағы затты ешкімге көрсетпе. Тіптен, анаң мен әкеңе. Сен сағат 19.00-ге қарай мына жерге барсан, сол жерден қалтаны сенен бір аға алып кетеді»,- дейді. Алмас қалтаның ішінде заттың не екенін түсінді. Бірақ қалтаны кері қайтаруға қолындағы қомақты ақшадан айырылғысы келмеді. Таныс көкесі мен Алмастың арасы жиі байланыста болды. Жеңіл жолмен ақша табу Алмасқа ұнады.  Алмас заң бұзды ма? Себебі?

Оқушыларға арналған жағдаятты сұрақтар

Сен дос қызыңның шылым шегетінін байқадың. Ол сенен бұл жайлы ешкімге жария етпеуін өтінді және темекіні тастай алмайтынын да айтты. Дос қызыңның әрекетіне көзқарасың және мұндай жағдайда қандай шешім шығарасың?

Дүкеннен келе жатсаң алдыңнан көшенің бір топ ересек балалары шықты. Көздері жасаурап, себепсіз ыржалақтап күлген балалар сені «туысыңдай» қабылдап жатыр. Ересектеу біреуі қағазға оралған «темекіні» ұсынып «Мә, мынаны бір тартып көрші, рахат!» деп жауап берді. Сенің әрекетің.

Психологқа арналған жағдаятты сұрақтар

Баласы досының туған күнінен масаң күйде, тәлтіректеп түнгі 3-те оралды. Анасы мен әкесі ашулы күйде баласының мына түріне қарап ұрыса бастады. Баласы әке-шешесіне ежірейе қарап: «Өздерің Марат ағаның тойынан мас болып келіп келгенде ештеме деген жоқпыз гой», - деп жауап берді.  «Сен біз секілді ересек адам емессің!»,- деп анасы ұрыса жөнелді. Ал әкесі баласын төмпештеп ұра бастады. Жағдайды психологиялық тұрғыда талдап берсеңіз.

Нұрзаттың жасы – 15-те. Оның әке-шешесі ажырасу үстінде. Ол анасы мен әкесінің екіге бөлінгенін қаламайды. Ата-анасы Нұрзатқа ештеме түсіндіргілері келмейді. Тек бірге тұра алмайтындықтарын ғана айтады. Нұрзаттың ешнарсеге қызығушылығы болмай, сабағы нашарлап кетеді. Ол үшін бүкіл әлемнің ешқандай мәні жоқ. Нұрзат өзін ешкімге керексіздей сезінді. Ата-анасына деген ренішін алкогольді ішімдік ішу арқылы баса бастады. Жеткіншекке мәселесін кім шешеді және қалай? Жағдайды әлеуметтік-психологиялық тұрғыда талдап берсеңіз.

Ата-анаға!

Сіздің балаңыздың жасы 14-те. Сіздер күйеуіңізбен (әйеліңізбен) таңертеңнен кешке шейін жұмыстасыз. Бірде көршіңіз балаңыздың темекі шегіп, спиртті ішімдіктер ішетінін, оны тіптен көргенін де айтады. Ал сіздің балаңыз бұл жайды теріске шығарды. Сіздің әрекетіңіз.

  1. Ребус слайдтан
  2. «Бақыт ағашы» жаттығуы.
  3. Қорытынды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 16 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым