Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Н н дыбысы мен әрпі

Bilimger Media
2 мин оқу 301 оқылым

Ф.И.О. Ботабаева Фарида Акимбековна

Қала: Шымкент қаласы.

Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы Қосалқы мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қызметі: мұғалім – дефектолог

Тақырыбы: Н н дыбысы мен әрпі.

Сынып: 1

Оқу пәні:  Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: «Н н» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Оқушыларды «Н н» дыбысы мен әрпімен таныстыру. Н дыбысынан

басталатын сөздерді түсініп, анық айтуға, сөздерді буынға бөліп айтуға

үйрету.

    Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту. Н әрпінен

басталатын сөздерді айтқызу арқылы сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік:Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

    Ресурстар: Кеспе әріптер, суреттер, кеспе буындар, бейнежазба.

    Әдіс - тәсілдер: Сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік, ойын.

    Пән аралық байланыс: айналамен таныстыру, бейнелеу,математика.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

(Сабаққа дайындықтарын бақылау)

ІІ Психологиялық көңіл-күйге келтіру.

Бәріміз бір болсақ

Бәрінде жеңеміз

Бірігіп жұмылсақ

Білімді игереміз.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қандай ай?
  • Аптаның қай күні?
  • Бүгін нешесі?
  • Қазір қандай сабақ болады?

 Үй тапсырмасын тексеру.

«Бәйге жарыс» қызығушылығын ояту.

Балалар өткен тақырыпты еске түсіру үшін сендерді бір тосын сый күтіп тұр.  Қораптың ішіндегі тосын сыйды топ басшылары келіп алып, тапсырманы орындайды.

І топ  Суретпен жұмыс жасайды.(әңгіме құрайды)

ІІ топ М әрпіне байланысты жұмбақ шешеді.

Түйе өркеші –

Қарайық

Ұқсайды оған қай әріп (М)

Еріксе,

Құйрығымен ойнайды.

Зеріксе,

Ұйқыға бір тоймайды.(мысық)

ІІІ топ М әрпінен басталатын сөздерді атайды.

Жаңа сабақ

Суретпен жұмыс.

  • Балалар мына суреттерге назар аударыңдар нелер бейнеленген атаймыз.

Нан                             нар                          нәресте                    найза

  • Бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
  • Дұрыс балалар.
  • Бүгін біз Н н әрпімен танысамыз.

Бейнежазбаға мұқият қарап заттарды атаймыз. Апаймен бірге Н н әрпінен басталатын сөздерді қайталаймыз. Сөздерді анық айтуға үйренеміз.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар

                        Алдымнан жел еседі

                        Кіп – кішкене ағаштар

                        Биік болып өседі.

Тіл дамыту жұмысы:

 І топ Суретке қарап сөйлем құрау «Наубайханада».

 ІІ топ  «Шашылған әріптер» әдістемесі бойынша жұмыс жасайды.

Шарты: шашылған әріптерден буын, сөз құрап оқиды.

Т                          А               Р                          М

О                                             Н                                    Л 

         Н                             П                                         А

ІІІ топ Берілген суреттердің ішінен  «Н» әрпі барларын қоршап көрсетеді.

Сабақты бекіту: «Сөз ойла, тез ойла» ойынын өткізу арқылы сабағымызды бекітеміз.

Шарты: Н н дыбысынан басталатын сөдерді жалпы айтады.

І топ Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

ІІ топ Бір сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.

ІІІ топ Суретін салады.

Рефлекция : Сабақ сендерге ұнады ма?

Оқушылар өз көңіл - күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.

Қорытынды:

Оқушылар Н н әрпін меңгерді.

Сөздерді анық айта білді.

Сөздерге дыбыстық талдау  жүргізеді.

   Бағалау критерийі: Оқушыларды  білім деңгейлеріне қарап мақтап – мадақтап бағалау.

  Үйге тапсырма: Н н әрпіне байланысты жұмбақ құрастыру.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым