Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Н.Байғанин. Амангелдi батырым

Қызылбаева Балғын Жарылхановна
2 мин оқу 520 оқылым

Қызылбаева Балғын Жарылхановна

Сабақ:       әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Н. Байғанин.Амангелдi батырым
Сабақтың мақсаты:
1. Өлең мазмұнымен таныстыру. Ұлт азаттық көтерілістің батыры А. Имановтың өмірі мен ерлік істері жайында мағлұмат беру. Өз ойларынан қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
2. Оқушыларды еркін сөйлеуге, ой ұшқырлығын ұштауға, өз ойын еркін жеткізуге баулу, тіл байлығын жетілдіру, шығармашылыққа баулу.
3. Батырлыққа, ерлікке, отанын, елін қорғай білетін азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, қызығушылықты ояту, топпен жұмыс, негізгі идеяны айқындау.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: А. Иманов, Н. Байғанин портреттері, сөзжұмбақ, слайд, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Мәтінді мазмұндау. Махамбет пен Исатай туралы мәліметтер жинастыру.
ІІІ Өткенді пысықтау
Өткен сабақты пысықтау арқылы сөзжұмбақты шешу. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
VІ Жаңа сабақ
Амангелді туралы әңгімелеу. Қысқаша мәлімет беру. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатын айту.
- Ел тәуелсіздігі, бейбітшілігі үшін қасықтай қанын қиған, жанын құрбан еткен батырларымызды біз ешқашан ұмытпаймыз, құрметтейміз. Осы батырлардың бейнесін мәңгілік есте сақтау үшін не қойылады?
- Ескерткіш.
- Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабақта тапсырмаларды орындай отырып, осы ескерткішке гүл шоғын қоямыз.
1-ші гүл шоғын қою.
Автор туралы мәлімет беру.
Ақтөбе облысы--------------- Халық ақыны,
Темір ауданында ---------------- жырау ----------- дүниеге келген ------------------Өнер қайраткері ---------- «Қазақстан - майданға» ------------------------«Батыр туралы жыр»,-----------«Батыр ұлға», «Жеңіс үшін»,
«Амангелді батыр», т. б
VІІ Оқулықпен жұмыс
2-ші гүл шоғын қою.
1) Өлеңмен танысу. Мағынасын ашу
а) іштей оқу
ә) тізбектеп оқу
б) мәнерлеп оқу
2) Өлеңді талдау. Сөздікпен жұмыс
Амангелді
(оқушылар Амангелді батырға сипаттама береді)
VІІІ Сергіту сәті
ІХ Дәптермен жұмыс
3-ші гүл шоғын қою.
Шығармашылық тапсырма
1-қатар. Батырлық, ерлік туралы мақал –мәтел жазу
2-қатар. Өлең ұйқасын табу
3-қатар. Суретке қарап әңгіме құрастыру
Х Жаңа сабақты пысықтау
4-ші гүл шоғын қою
«Кім тапқыр?» ойыны
Ойынның шарты: Тақырыпқа сай ұяшықтағы сандарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап беру.
Өмірбаяны: 10 – Амангелді батырдың туған жерін ата. (Торғай облысы)
20-Әкесі кім? (Үдербай)
30-Қандай тілдерді меңгерген? (түрік, парсы, араб)
Мінез-құлқы: 10- Амангелді Иманов кім?(ержүрек батыр)
20- Қандай өнері бар?( қолбасшылық, ұйымдастырушы)
30-Мінезі қандай? (ақылды, намысшыл)
Сандар: 10-Туған жылын ата. (1873жыл)
20- Ұлт-азаттық көтеріліс қашан басталды? (1916жыл)
30- «Амангелді батырым» өлеңі неше жолдан тұрады? (16)
ХІ Үйге тапсырма
Өлеңді жаттау
ХІІ Қорытынды
5-шы гүл шоғын қою.
- Барлығыңда сабаққа белсенді араласып, жақсы жауап бердіңдер. Ең басты қосар үлестерің білімді, тәрбиелі жақсы азамат болып өсу. Отанымызды қорғауға дайын болу.
Ұлыларға ұқсап өссең, жас ұлан!
Бақытқа жете аларсың әрқашан!
Сабағымызды «Көк тудың желбірегені » әнімен аяқтаймыз.
Оқушыларды бағалау, мадақтау.   

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Қызылбаева Балғын Жарылхановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым