Мазмұнға өту

Музыкалық жас көрермен театры Алматыда!

Bilimger Media 2 мин оқу 40 оқылым

Асхат Маемиров басшылық ететін біршама жас таланттар жиналған театр гастрольдік сапармен Қазақстанның бірнеше қалаларында. Шымылдығын ашқан қойылым "Гауһартас"

Аян Өтепберген, актер:

  • Қош келдік, Алматыға Астанадан. Мен өзім Алматы қаласынан жақында ғана кеттім. Сондықтан бұл қала мен үшін таңсық емес және бөтен емес.

Журналист, Аружан Айтбек:

Бұл - Музыкалық жас көрермен театрының Алматыдағы алғашқы гастрольдік сапары. Сахна шымылдығы «Гауһартас» қойылымымен ашылды. Басты рөлде – Аян Өтепберген мен Асылхан Төлепов. Аян – «Тастан» есімді жігітті сомдайды.

- Осы Тастанның кейіпкері негізінде көрерменнің есінде тез сақталып қалуының сыры неде деп ойлайсыз?

Аян Өтепберген, актер:

- Өйткені, ол рөлді Аян Өтепберген ойнайды.

Айта кетейік, бұл - «Гауһартас» қойылымының 100-ші сахналануы. Қайыркеннің рөліндегі Асылхан Төлепов бұл спектакль үшін театр ұжымының үлкен тәуекелге барғанын айтады.

- Осы «Гауһартас» қойылымын алматылықтар ерекше асыға күтті деп айтсақ болады.

Асылхан Төлепов, актер:

- Тәуекелге бардық бұл спектакль үшін. Бұл «Гауһартас» қойылымы ешқашан сахналанбаған. Біз 1-ші рет сахналадық. Былайынша айтқанда, бұл риск дейді ғой.

Ел аузынан түспей жүрген «Гауһартас»-ты көруге Төлеповтың жанұясы да келді. Айтуынша, актердың жұбайы бұл қойылымды бірде-бір рет тамашаламаған. Себебі, Асылхан жұбайын театрға жиі шақыра бермейді екен.

Асылхан Төлепов, актер:

-Осы «Гауһартасты» олар әлі көрген жоқ. Сол үшін енді тырысамыз енді. Ең бастысы мені көріп отқанда «Папа, папа» деп сөйлеп отырмаса болды. «Бері кел» деп сахнаға шығып кетіп.

- Ал осы отбасыңыз сіздің қойылымдарыңызды жиі тамашалай ма?

- Жоқ, мен көп шақырмаймын.

- Неге шақырмайсыз?

Асылхан Төлепов, актер:

- Білмеймін, енді шақырмаймын, ыңғайсызданамын. Тұсаукесер кездерінде 1-2 рет көрді. Осы күнге шейін мен осы Тюзда істеген кезде 2 рет келді ата-анам, ал Астанада 1 рет барды. Енді міне бүгін кеп жатыр. Келіншегім екі қойылымды көрген шығар. Бірақ көп шақырмаймын. Басқа актерлар ойнайтын кезде барарсыңдар деп айтам.

Актер әлі күнге дейін өзі түскен фильмдерді қарауға ұялатынын айтады. Десе де, оның ізбасары Алпамыс әкесі бой көрсеткен туындыларды үзбей тамашалайды екен.

- Сіздің өнерде жүргеніңізге қанша жыл болды, сонда да әлі солай ұяласыз ба?

Асылхан Төлепов, актер:

- Ұялғандық па әлде өзімізді сынаймыз ба? 15 жыл болды биыл. Ал басқа киноларымды көргенде бүйтем да 10 минутын көріп, мысалы қазір Алпамыс қарап жүреді киноларымды, бірге отырып көрейік дегенде бастап берем да жайлап шай ішіп шығып кетемін. Өзіме көп  қарай алмаймын.

Спектакль соңында лық толы зал театр ұжымына риясыз қошемет білдірді. Келген көрерменді ерекше эйфорияға бөлеген  қойылымды Алматы тағы да күтеді!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин