Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мұқият болыңыз - ФЕЙК

Автор

Zulfira
2 мин оқу 37 оқылым

Қазіргі таңда заманауи технология құралдары арқылы ақпаратты алу да тарату да жедел әрі оңай әрекетке айналды. Әлемнің басқа бір шетінде орын алып жатқан жағдай тұралы ақпаратпен 1-2 сағат ішінде құлақдар боламыз. Кейде WhatsApp, TikTok, FaceBook, Instagram сынды кең қолданысқа ие әлеужелілерде тарап жатырған ақпараттарды түсініп үлгеруде қиын. Ең қауіпті әрі маңыздысы көпшілік арасында тез тараған осынау ақпараттардың рас-өтірігін ажырату қиындау. Арнайы эксперт мамандарының айтуынша белгілі бір ақпарат бір минуттың ішінде 15 километрге дейін тарайды екен. Яғни, рас өтірігі маңызды емес орын алған оқиға немесе құбылыс бір сағаттың ішінде мың километрге дейін таралып кетуі ықтимал.

Қоғамда осындай жедел тарайтын жалған ақпараттар көлемі өте ауқымды. Мұндай ақпараттар барлық адамға күніне жүз рет келеді десекте қате айтпаймыз. Бұл тақырыптағы ең маңызды мәселе шынайы ақпарат пен жалған ақпараттың айырмашылығын қалай анықтауға болады деген сұрақ пайда болатыны анық.

Сонымен қазіргі заманауи тілмен айтқанда жалған ақпарат дегеніміз ол «фейк». Фейк – мүлдем шындыққа жанаспайтын, қарапайым халқты жолдан тайдыратын ақпарат. Тіпті кей журналистер ол мағлұматты  өздерінің атақ абыройы үшін осындай теріс іскетіне қолданады. Әдетте фейк ақапараттарды тарататын кезде материалға көпшіліктің назарын аударту үшін дауысты, манипуляциялық, интрига тудыратын тақырыптармен атап, монтаж арқылы сурет видеолар дайындалады. Бір қызығы осылай интрига, манипуляциялық тақырыптармен дайындалған ақпараттар халық арасында тез таралады ал, оны жоққа шығарған, өтірік ақпарат екені дәлелденген түсіндірме ақапараттар қызығушылық тудыра алмайды. Демек қарапайым халыққа шынайы мәліметтерге қарағанда жалған ақпараттар маңыздырақ десе де болады.

Осы жерде фейк пен жалған ақпараттың айырашылығын ажырату өте маңызды. Ол үшін ең алдымен ақпарат көзін анықтау қажет. Фейктарды тарататын сайттарда еміле мен грамматикалық қателер көп болады. Олар ғаламторда көп кездесе бермейтін домендарды пайдаланады. Екіншіден, ақпаратты таратушы авторды тексеру керек, яғни бұған дейін дайындаған материалдары мен жазған мақалаларын оқып, қай жерлерде жариялағанын мұқият анықтаған жөн. Егер белгісіз автор болатын болса, оның берген ақпараты да жалған болуы мүмкін. Сондай- ақ берілген ақпараттарды басқа ақпарат көздерінен тексеру де артық етпейді. Таратылған ақпарат жайлы ресми немесе дәстүрлі ақпарат құралдарының ондай ақпарат берген бермегенін анықтау қажет. Себебі кәсіби тұрғыда қызмет ететін ақпарат агенттіктері мәліметтерді өздерінің тарапынан қарастырылған белгілі ережелерге сай жан-жақты тексергеннен кейін ғана жариялайды. Сондай-ақ ақпаратта келтірілген фактілер мен дәлел-дәйектерге де аса назар аударған жөн. Бүгінде фактілердің рас-өтірігін анықтайтын сайттар да жұмыс жасайды, соларды да пайдалануға болады.

Айта кетейік, фейк ақпараттың тез таралуының негізгі себептерінің бірі – қарапайым халықтың оның не ағына не қарасына жетпей бірден басқаларға тарата бастауы. Шынымен де, барлығымыз қазір келген ақпаратты көп созбай бірден таратуға асығамыз, оның басқаларға қалай әсер ететінін де ойламаймыз. Сол үшін де, келген ақпарат қандай да бір күмән тудыратын болса, оны таратудан бұрын бір сәтке болса да ойланған жөн. Себебі, мұқияттылық танытпасақ, ФЕЙК барлығын өзгертуі де, тіпті адам тағдырына кесірін тигізуі де әбден мүмкін.

Зульфира МАРКИНҚЫЗЫ

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Zulfira

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Бизнес

"Қаржылық сауаттылық - қарапайым ұғым"

Материалда қаржылық сауаттылықтың мәні, отбасылық бюджетті жоспарлау, қаржылық өнімдерді пайдалану және қарыз жүктемесін есептеу жолдары баяндалады.

Zulfira 48 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Орта ғасырда әйелді сахнада тек құл ретінде көрсеткен. "Театр жайлы қызықты мәліметтер"

Пушкин дәуіріндегі театр көрермендері, орта ғасырдағы әйел рөлдері, фонограмманың пайда болуы және Қазақстан театрлары туралы қызықты деректер.

Zulfira 35 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин