Мазмұнға өту

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау міндетіміз

Шарипова Санира 3 мин оқу 398 оқылым

Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

Амангельді орта мектебінің

Әлеуметтік педагогы

Шарипова Санира

Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамнан алыс болмауы керек.Сол мақсатта мүмкіндігі шектеулі балаларды қатардағы балалармен оқыту қазіргі кеде көзделіп отыр.Осы бағыттағы мектебіміздің басты міндеті мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту болып табылады.Мұғалімдердің жалпы айтатын мүмкіндігі шектеулі балалар өзін көрсетуі керек қай жағынан болсын.Олай болай керек бірақ........

Мұғаілмнің бірінші мақсаты  баланы таңғалдыру,оның қабілеті мен қызығушылығын ояту.Одан кейін  мұғалімнің баланы қабілетін ашудағы жемісі.Осы бағыттағы жол өте күрделі деуге болады.Мұғалім тұлғасының жұмысындағы басты міндеті мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс болып табылады.Педагог мұғалім жалпы жанжақты болу керек,сыныпта жағымды орта қалыптастыру,әр түрлі тәсілдер,оқытудың әр түрлі стратегияларын пайдалану керек.Сонымен қатар өзін жоғары бағалау керек.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жеке бастың дамуында қалыптасады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс мынадай бағытта жүргізілуі керек.Мектебімізде бала,педагогикалық ұжым,отбасы және баланың қоршаған ортасы мен құрдастары.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудегі табысты мұғалім ең алдымен өз ісінің майталманы,өз кәсібін сүйетін ,өз кәсібін алға жетелуші.Мұғалім өз қызығушылығы бар,қабілетті,ғылыми және шығармашылық ,кәсіби сауатты,интелектуалды сонымен қатар психолог,тәрбие саласы бойынша әдіскер болу керек.Дегенмен де ол ең алдымен мұғалім мақсатқа жеткізетін.Бала тәрбиесіне соның ішінде адамзат тәрбиесіне деген көқарас терең мағынада жатыр.Халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірбиелері ғасырлардан бастап жинақталып келеді.Қазақ халқының ұлттық тәрбесі әлемде теңдесі жоқ тәрбие.Жалпы ұлттық деген сөздің астында елге деген,туған жерге деген құрмет жатыр.Ұлттық тәрбиенің мақсаты сана сезімі қалыптасқан ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қосу.Адам қолымен жасалған шексіз әлем мүмкіндіктері мен өзара байланысқан дәуірге қадам басты.Әрбір адам мен әрбір халықтың өз бетінше дербес өмір сүруі,дамуы құлшынысы дамып келеді.

Ұлттық тәрбие туралы айтқанда негізгі қағидалары туралы не айтуға болады?

Ақылды,намысқор және көпшіл бөлу өнегелі жәнеарманшыл болып өсу,айтқан сөзді тыңдау,адамгершілігі мол және байсалды болу.

Өскен ортаның ықпалына мән беру табиғат заңдылықтарымен жануарлар дүниесімен өсімдік жамылғысымен танысу.

Ақылды,білімді болып өсу ақыл ойды дамыту әрекеттері дамыта отырып тәрбиелеу үрдістері.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын мұғалімдер алдына мынадай міндеттер қояды.

Баланың мектепке дайындығын анықтау

Тәрбиесіндегі кемістігін жою

Сабақты жүйелі жоспарлау

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойындар жинағы

«Менің қазіргі және болашақтағы отбасым»

Ойынға отбасы мүшелерімен қатысуға болады.Бала екі тақырыпта немесе біреуінде болса да жұмыс жасайды.

«Пілдің аяғы»

Ата-аналармен және балалардың қарым қатынастарын жүзеге асыру.Ойынға қатысушылар жұп болып бөлінеді.Біреуі пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөлде көзқарасы бойынша сәйкес әрекеттер көрсетеді.

Тақырыбы:«Мен және сабақ»

Мақсаты:Балалардың әлеуметтік ортасымен байланысын нығайту,жасөспірімдер арасында мүгедек адамдарға қатысты он қарым қатынас қалыптастыру,қоғамдағы мүгедек адамдарға деген адамгершілік қасиеттерге баулу.

Қолданылатын көрнекіліктер:суреттер,аялдаманың құрастырма суреттері,отбасы,мектеп достар суреттері

Түрі:ойын сабақ

Барысы:Құрметті дос!Мектебімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мен және сабақ»атты ойын сабақ өткелі тұр.Ойын сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады.Ойын сабағымызды бастамас бұрын бүгінгі күнге деген жылы лебіз айтып алсақ

Бүгінгі күнін жақсы өтсін

Сен мен үшін өте қымбатсын

Мен сені көргеніме қуаныштымын

Сенің осылай жүргенім маған ұнайды

Сен менің ең жақын досымсын

Менімен бірге әрдайым бол

Бірінші аялдама «Менің отбасым»

Мұнда оқушы үш тапсырма орындайды.Тапсырмаларды дұрыс орындасақ күн көзі жарқырай түседі.

Плакатқа салынған отбасы ағашы беріледі.Осыған отбасы мүшелерін орналастыр.

Ата,әже,әке,ана,көке,жеңге,аға,апа,өзін және т.б туыстарын

Қиындылардан сурет құрау пазл құрастыру

Сіріңкеден үй макетін жасау

Келесі аялдама «Менің мектебім»деп аталады.   

Берілген суреттердің жұбын табу керек.

Берілген суреттерде бар заттардан сөз тіркесін айту

Соңғы аялдама «Менің достарым»

Жапырақтарға қоңыздар мен көбелектерді орналастырып шық

Қорытынды бөлім

Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамнан алыс болмауы тиіс.Себебі олар да адамдар.Олардың ойы да,сана сезімі,таным қабілеті дамыған.Басқа балалармен ойнағанды жөн көреді.Сол себептен мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдайық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Шарипова Санира

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Қызыл Гүлназ Ыбырай қызы Педагог - психолог Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, с. Жарлы "Жарлы" бөбек жай балабақшасы. Аннотация. Мақалада мектепке дейінгі білім беру жүйесінде тәрбиеленушілердің функционалдық…

Bilimger Media 101 оқылым 8 мин
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 43 оқылым 1 мин
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 74 оқылым 4 мин
Психология

3–6 жастағы баланың эмоциясын тану және басқару: ашу, реніш, қызғаныш

Психолог Аннотация Бұл мақалада 3–6 жастағы баланың эмоцияларын тану және оларды жас ерекшелігіне сай басқару жолдары қарастырылады. Ерте балалық шақта эмоцияны айыру қабілеті (бет-әлпет, дауыс ырғағы, қимыл-қозғалыс,…

Өтебай Ұлмекен Базарбайқызы 141 оқылым 7 мин