Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

айгерим
2 мин оқу 466 оқылым

Балалардың тілін дамытуда ауызша сөйлетуге үйрете отырып, білгенін күнделікті өмірде қолдануына, тілдік қарым-қатынастағы жаттықтыру ісіне ерекше мән берген маңызды. Педагогика мен психология және медицинаның түйісу шегінде орналасқан логопедия өз тәжірибесінде мұғалімнің жұмысын оңтайландыратын және ең тиімді әдіс-тәсілдерді бейімдеп қолданады. Қазіргі логопедия ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға тән әртүрлі жас кезеңдерінде және түрлі білім беру жағдайларында балаларды оқыту және дамыту процесін жетілдіру және оңалту жолдарын үнемі белсенді іздеуде.

Логопедтік тәжірибедегі инновациялық технологиялар:

-  бұл жалпы қабылданған, уақытпен тексерілген технологиялар (диагностика технологиясы, дыбысты тоқтату технологиясы, сөйлеу тілдік бұзылыстар кезіндегі тыныс алуын  қалыптастыру технологиясы және т. б.);

- логопед қызметінің нәтижесі болып табылатын жаңа және жоғары тиімділікке ие әдіс-тәсілдер мен құралдар;

- логопед пен баланың өзара әрекеттестігінің жаңа тәсілдері;

Инновациялық логопедиялық технологияларды жіктеу әр түрлі негіздер бойынша жүргізіледі:

а) әсер ету мақсаты бойынша:

-  түзете-дамытушылық технологиялар (эмоциялық, сенсомоторлық тәрбие; мнемотехника, ойлау үрдістерінің тренингтері және т. б.);

- психокоррекциялық технологиялар (арт-терапия түрлері, ертегі терапия, құм терапиясы, психогимнастика және т. б.);

– денсаулық сақтау технологиялары (гипокситерапия, логопедиялық және саусақты массаж, суджок терапия, ароматерапия, тыныс алу техникасы және т. б.)

б) әсер ету құралдары бойынша:

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

- қашықтықтан білім беру технологиялары.

Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құрылымын түзетуде қолданылатын инновациялық логопедиялық технологиялар түрлерінің тиімділігі.

1) жадыны, зейінді, көрнекі-бейнелі ойлауды түзету мақсатында:

- ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (көрнекілік, қол жетімділік, оқу материалын жүйелеуді, балалардың дамуы мен қызметін объективті бақылаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді);

- Мнемотехника (танымдық қабілеттер мен сөйлеу тілді арттыратын тәсілдер жүйесі).

2) Моторлы функцияларды түзеуге бағытталған техниканы қолдану:

- биоэнергопластика -артикуляциялық аппараттың қимылдарын ұсақ моторика қимылдарымен қосу.

- логопедиялық массаж - бұлшықет тонусын қалыпқа келтіруге көмектесетін механикалық әсердің белсенді әдісі. Массаж арқылы дыбыстардың дұрыс артикуляциясын қалыптастыру кезінде қажетті күрделі қимылдарды орындауға бұлшық етті дайындау (ауыз қуысына қол саусақтырымен массаж,бетке нүктелі массаж, зондтармен және  зонд алмастырғыштармен массаж, алақан  бұлшық еттеріне түрлі-түсті шариктермен массаж, жаңғақ, каштанмен массаж, алты қырлы қарындашпен массаж, су-джок  құралдарымен массаж).

- логоритмика-логопедиялық түзету мақсатында жүзеге асырылатын музыкалық-қозғалыс,сөйлеу және музыкалық ырғақты сөйлеу ойындары мен жаттығулар жүйесі.

  1. 3. Арт-терапия түрлері:
  • музыка терапиясы;
  • ертегі терапиясы;
  • құм терапиясы.

- музыка терапия - музыканы эмоциялық қабылдау, музыкалық аспаптарда ойнау. Әуен және оның ырғақты негізі мен орындалуына байланысты музыка әр түрлі әсерлерді көрсете алады.

- ертегі терапиясы - баланың сөздің қорын, байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда қолданатын әдіс.

- құм терапиясы - сөйлеуді сапалы түзеуге және эмоциялық-ерік саласының дамуын қалыптастырады.

Логопедтің қызметіндегі әсер етудің инновациялық әдістері сөйлеу бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмысының перспективті құралы болып табылады. Бұл әдістер тиімді түзету құралдарының қатарына жатады және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қиындықтарын жеңуде барынша мүмкін болатын табыстарға жетуге көмектеседі. Кешенді логопедиялық көмек аясында инновациялық әдістер балалардың тілдік дамуына оң ықпал етеді.

БҚО.  Жәнібек ауданының  психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінің мұғалім логопеді:   Ж.К.Аждуова

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

айгерим

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Әйгерім Марат. Өміріңізді өзгертетін топ 5 психологиялық кітап

Психология мен жеке тұлғаны қалыптастыруға арналған үздік бес кітап туралы шолу. Эми Морин, Дейл Карнеги, Клейтон Кристенсен және Кен Робинсон еңбектері таныстырылады.

Айгерим 2 мин 33 оқылым
Балабақша

«Мандала мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеудегі арт-терапияның инновациялық әдістерінің бірі ретінде»

Материалда мандаланы бояу мен жасау арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін, шығармашылығын және ішкі күйін үйлестіруге арналған тәсілдер қарастырылады.

Айгерим 6 мин 138 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 24 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 104 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 45 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 76 оқылым