Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

3 мин оқу 29 оқылым

Саметова Мариям Ермековна

  «Балдырған» орта тобы үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары.

Өткізілетін күні, айы, жылы: 20.11.2019 ж

Тәрбиеші: Саметова М.Е

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Құрастыру»

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»

Апта тақырыбы: «Өзім туралы»

Тақырыбы: Мойыншақ қызға көмектесейік.

Білімділік міндеті:Текше мен кірпіштіпайдаланып орындық пен үстел жасауға үйрету.

Дамытушылық міндеті:Сипап-сезу арқылы бөлшектерді танып, сипаттау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеті: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: геометриялық бөлшектер (текше мен кірпіш), томиктер, сандық, қуыршақ Мойыншақ қыз.

Тілдің үштұғырлығы: орындық-суль, үстел-стол.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбер:

Балалар шеңберде тұрады.

«Қайырлы таң достарым» музыка әуенімен орындайды.

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң достарым.

Шеңберге тұрайық

Жылулық сыйлайық.

Мотивациялық-қозғаушылық кезең:

-Балалар сендер  музыка әуенін естіп тұрған жоқсыңдар ма?

-Балалар бұл әуен сандықтан шығып тұрған сияқты. Қазір мен сандықты ашып қарап көрейін.

-Бұл қуыршақтың аты Мойыншақ қыз.

-Мойыншақ қызбен амандасыңдар.

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Балалар қараңдаршы Мойыншақ қыз сондай әдемі. Қолына не ұстап тұр?

-Балалар мен сендерге өзімнің дорбамды ала келдім. Бұл дорбада сендерге дайындаған тапсырмам бар.

Ұйымдастырушылық-ізденістік:

Дидактикалық ойын:«Ғажайып дорба»

Шарты:Дорбада түрлі геометриялық бөлшектер бар, сендер қолдарың мен ұстау арқылы қандай бөлшектер екенін табуларың керек.

-Жарайсыңдар балалар өте ақылды екенсіңдер.

-Мойыншақ қыз біздің балалар сондай ақылды.

-Балалар маған мына сендердің орындықтарың мен үстелдерің ұнап тұр. Мүмкін маған орындық пен үстел жасап бересіңдер?

-Әрине біздің балалар жасап береді.Олай болса балалар оқу орталығына барайық.

-Балалар менің қолымда қандай бөлшектер тұр?

-Қазір мұқият қарап алыңдар.

1.Мен ең бірінші текшені қоямын үстіне көлденеңінен кірпішті орналастырамын. Мен не жасадым?

2.Екінші текшені үстелдің жанына қойып жанына тігінен кірпішті орналастырамын.

-Балалар мен не жасадым?

-Дәл осылай сендерде мойыншақ қызға орындық пен үстел жасап беріңдер.

Сергіту сәті.

«Кел санайық санамақ»

-Балалар сендерге үлкен рақмет, өте ақылды,білімді балалар екенсіңдер.

Рефлексивті түзетуші кезең:

-Балалар біз мойыншақ қызға не жасап бердік?

-Біз орындықты қандай бөлшектерден жасадық?

-Ал үстелді қандай бөлшектерден  жасадық?

-Балалар Мойыншақ қаздың сендерге арналған сыйлығы бар екен ол сандықтың ішінде қалып қойыпты.

-Балалар ал енді менің қайтуым керек қош сау болыңдар.

-Балаларды мадақтау.

Педагогтың аты-жөні:Саметова Мариям Ермековна

Топ: «Балдырған» ортаңғы тобы.

Оқу қызметінің түрі: Құрастыру.

Оқу қызметінің тақырыбы: Мойыншақ қызға көмектесеік.

Бала саны:10бала

Күні:21.11.2019ж

Өздік талдау.

1.Бағдарлама мазмұны.Ұйымдастыру оқу қызметі жоспары алдын ала типтік бағдарламаға сүйене отырып құрылды. Балалардың жас ерекшелігіне сай болды. Құрастыру сабағында кірпіштермен жұмыс жасады яғни Мойыншақ қызға орындық пен үстел жасап беруде бағдарламаға сай кірпіш пен текшені пайдаландық.

2.Педагог әрекеті. Сабақта өзімді еркін ұстауға және балаларға қойылған сұраққа дұрыс нақ жауап берулерін қадағаладым. Сабақтың жүйелілігін сақтау үшін балаларға бағыт беріп отырдым. Сабқта уақыт берілген уақыттан асып бара жатқандықтан сергіту сәтін жасатқан жоқпын.

3.Балалардың әрекеті. Балаларға сабқтағы тапсырмалар мен сұрақтаға жауап беру қиын болған жоқ. Балалар ашық сабақта отырғандарына қарамастан өздерін өте емін еркін ұстады. Балаларда оқудағдылары қалыптасқандықтан барлық кезеңдерде өздерін жақсы ұстады.

4.Оқу іс-әрекетінің өткізудегі жағдайдың сипаттамасы: сабақта қолданылған заттар техникалық және гигиеналық талаптарға сай болды.

  1. Қорытынды. Құрастыру сабағы бойынша дидактикалық ойындар дайында. Тәрбиешілер қатарынан берілген ұстыныстарды түзету. Жас ерекшелігіне байланысты типтік бағдарламаны қайталау.
Авторы
Саметова Мариям Ермековна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Бусоград мақала

Бусоград мақала. Моншақ – бұл тек қана әшекей бұйым емес, кез келген киіммен үйлестіріп тағатын, моншақты өзіңіздің фантазияңыз бойынша әр түрлі қолдануға болады. Ал балалар үшін моншақтарды қолдануға болады, эстетикалық…

Саметова Мариям Ермековна 3 мин 72 оқылым
Жалпы рубрика

Арайлы алтын күз

«Арайлы алтын күз» Мақсаты:Балаларға күз мерекесінің ерекшеліктерін ұғындыру. Шығармашылық ой-қиялдарының дамыуына ықпал ету. Балаларды ән салып,би билеуге,түрлі іс-әрекеттерге баулып,бейімділіктерін арттыру. (Әдемі…

Саметова Мариям Ермековна 2 мин 26 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 238 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 151 оқылым