Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Міржақып Дулатұлының " Жастарға " өлеңі мен " Біздің мақсатымыз " мақаласының өміршендік мәні

Диас Ханатов
2 мин оқу 100 оқылым

Міржақып атамыздың әрбір жазған еңбектері бізге аян. Дегенмен соның нақты көрінісі ретінде «Жастарға» өлеңі мен біздің мақсатымыздың мақаласының мәні және мағынасы терең !

Себебі сонау қазақ халқы іштей қиналып, әр атқан таңы мен батқан кешін, ертеңгі күнді қалай көреміз деп жүрген заман еді. Осынау бір уақытта Міржақып қазақ ұғымындағы болашақ сан қилы көріністі өз мақаласынан түйіндейді. Дегенмен Серке газетінде 6 маусым 2 санында басылған мақаланың осынша бір газетті жауып тастайтындай қаһары мен рухы мықты орыс империясына қарсы тың дереккөз болған сияқты. Сол бір мақаладан қысқаша ғана сипаттау қалдыратын болсақ былай деп суреттеп:

«Қазақ жеріне бұл мұжықтарды не үшін  жер аударады... Әлде Россияда жер аз ба? Шұрайлы жерлер аз емес, бірақ соның бәрі байлардың,дворяндардың,помещиктердің қолында, олар өз жерлерін ешқашан тегін бермек емес, ал аштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ...Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып әперуде»

Иә, жазылған қысқаша ғана мақала сөздерінен ащы шындықтың дәмін көруге болады. Біздің көрген қорлығымыз бен қасіретімізді көрсетіп, айтып, жеткізетін осындай азаматтар керек - деп Шерхан Мұртаза сөз қалдырып кеткені хақ. Қиын қыстау заман талабында Міржақып сынды қолына қалам алып халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, халықпен бірге болатын қазақ болмысын ойлайтын тұлғалар жоқтың қасы болды. Бұл кісілердің қалам алып шындық жаза бастағаны, оларға ауыр найза секілді қадалатын. Дегенмен де көкірегі ояу тұлға болуы үшін намысын бетке алып,  шыбын жаны шыққанша шындық үшін шырылдап өтті. Тағы да оған дәлел ретінде Міржақыптың «Жастарға» атты өлеңін қарасақ болады. Бұл өлеңде де айтылған біршама дүниелер адамды толғандырып жіберетіні анық ақ . Жалпы ізденіс пен мақсат мұраты өзіне бір төбе көрсететін бұл шығарманың өзіндік ойы шексіз жолдармен түйіскендей. Қысқаша ғана үзіндінің өзіне зер салып назар аударсақ былай деп жазып қалдырған:

Етемін үміт жастардан,

Жаңа гүл шашқан бақшадан.

Мұрады оңай кім табар,

Жар салып жұртқа қақсамай.

Иә, жастарға сенім мен үміт артып біздің келешегіміз жастар қолында деп ұрандатып кеткен болатын. Үміт етіп, еліміздің бірінші болып қалыптасуына жағдай жасап, ел болуымызға белсене ат салысып сол елдің тірегі мен жүрегі жастар екенін көрсетіп, бейнелеп тұрғанын осы бір  өлеңінен аңғаруға болады. Ендігі кезек осы сияқты қазіргі мынау қоғам айнасында қалыптасқан жастар, осынау бір өлең арқылы елі мен жеріне деген құрмет сезімді оята білуі қажет . Бұл жастар үлкеніне құрметті, кішісіне ізетті, елдің тек алдыға қадам бастырар айбыны біз болуымыз тиіс.  Міржақып Дулатұлы айтқандай Мен жастарға сенемін !

Ханатов Диас

1 курс студенті

" жалпы журналистика"

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Диас Ханатов

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым