Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Металды бұрғылап тесу

Умбетов Бакытбек Шайманович
3 мин оқу 683 оқылым

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Металды бұрғылап тесу
Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушыларға бұрғылап тесу, металдарды бұрғылап тесу әдістерін көрсету,қол бұрғылар, электр бұрғылармен таныстыру, құрылысын сипаттау. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың іскерлік дағды-қабілеттерін арттыру, мамандықтың қыр –сырын жетік игеруге ұмтылдыру. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды шеберханаларда техника және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу, еңбекке баулу. Сабақтың материалдық- техникалық жабдықталуы: Техника қауіпсіздігі туралы плакаттар, «Слесарь құрал-саймандары», технологиялық нұсқау карталары, металл дайындамалар әртүрлі бұрғылар,коловороттар, тескіштер жиынтықтары, металл тескіш станоктар,проекторлар т.б .
Өндірістік оқу сабағының уақыты: - 6 сағат

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 8.30- 8.35 1. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру. 2. Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру. 3. Құрал - жабдықтардың сабаққа жарамдылығын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау кезеңі: 8.35- 9.25 1.Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 2.Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білім деңгейлерін тексеру: - Металды егеу, өңдеу не үшін керек? - Егеудің қандай типтерін білеміз? - Егеудің құрылысына сипаттама беріңдер? - Егеумен жұмыс істеу тәсілдерін атаңдар? - Қандай егеу түрлерін жазық бетті өңдеуде пайдаланамыз? - Қисық беттерді өңдеу жұмысында ше?- Қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтаймыз?

3. Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша нұсқау беру: * Металдарды бұрғылап тесу операциясы, тәсілдері. * Металдарды тесу үшін қолданылатын құралдар. * Қол бұрғылар, коловороттар, электр және пневматикалық бұрғылар, олардың құрылысы, ерекшеліктері. * Тескіштер, түрлері, оларға сипаттама беру. * Металдарды тесу жұмысында электр бұрғыларды пайдалану. * Металл тескіш станоктар, олардың құрылысы, жұмыс істеу принципі. * Металл тесу процесінде ақаулардың пайда болу себептері. * Ақаулардың алдын алу, болдырмау жолдары. * Бұрғылап тесу жұмысы кезінде сақталуға тиісті техника қауіпсіздігі ережелері.

4. Кіріспе нұсқауды пысықтау:
• Металды тесу жұмысы қай жағдайда орындалады?
• Тесіктердің қандай түрлерін жасауға болады?
• Металлл тесу жұмысында қандай құралдар қолданамыз?
• Бұрғылардың қандай түрлерімен таныстық?
• Тескіштердің қандай түрлері бар? Құрылысына сипаттама беріңдер?
• Металл тесу жұмысында ақаулар не себепті пайда болады?
• Қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауымыз керек?
ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдаланып, жаттығу жұмыстарын көрсету: 9.30-9.50 1. Құрал –жабдықтарды дайындау. 2. Металды дәлдігі ІІ класс бойынша диаметрі 8-20 мм тесік жасау 3. Технологиялық нұсқау карталарын тарату.

ІҮ.Ағымдық нұсқау: 9.55-13.101. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу. 2. Білім алушыларды тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау. 3. Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру. 1-аралау: Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын,тазалығын және жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау. 2-арала Технологиялық жұмыс карталары бойынша жұмыс жүргізулерін бақылау. 3-аралау: Жұмыс процесінің жүруін, құралдарды дұрыс, ережеге сай ұстай білулерін, білім алушылардың іс –қимылдарын тексеру. 4-аралау: Жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау. 5-аралау: Қателіктер жіберген білім алушыларға ескертулер жасап, қосымша нұсқаулар беру. 6-аралау: Орындалған жұмыстарды тексеру, қабылдау, бағалау. 7-аралау: Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, құрал –саймандарды тазалап, орындарына салу. Шеберхана ішін тазалау, верстактарды сүрту.

Ү. Қорытынды нұсқау: 13.10 - 13.35 1.Сабақты қорытындылау: Білім алушылардың жаттығу орындауларын сараптап, қорытындылау. 2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігіне қарай білім алушылардың еңбектерін,білімдерін бағалау. 3. Үйге тапсырма беру: Металы бұрғымен тесу. (Слесарь ісі -110-175) бет

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Умбетов Бакытбек Шайманович

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым