Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мерзімді ашығудың пайдасы

Гулнур
2 мин оқу 33 оқылым

Мерзімді ашығудың пайдасы

Серікқызы Гулнур

Аштық пен суық ауа – ұзақ өмір сүрудің кепілі» дейді жапондық ғалым Нагумо. Ашығу – генімізде сақталып қалған қалыпты құбылыс. Сіз біраз уақыт тамақ ішпеген кезде ағзаңызда біршама өзгерістер жүреді.
Адам сырттан тамақ қабылдамаған кезде, дене өзінің ішкі қорларын пайдалана бастайды. Яғни, ішкі (эндогендік) тамақтану жалғасады. Адам ағзасында зиянды заттарды жоюға жауапты төрт орган бар: ішек, бүйрек, өкпе және тері. Бұл органдар жақсы жұмыс істеуі үшін дененің жоғары әлеуеті, яғни энергетикалық мүмкіндіктері болуы керек. Осындайда Бенджаминнің «Аз тамақтаныңыз – ұзақ өмір сүріңіз» деген сөзі еске оралады. Ауру – сіздің ағзаңыздың улы заттарға толы екенін көрсетеді. Ал, ашығу арқылы сіз ағзаңызда жиналған уларды жоясыз. Сонымен, ашыққан кезде ағзада қандай өзгерістер жүреді?
1 Инсулин деңгейі өзгереді. Қандағы инсулин деңгейі айтарлықтай төмендейді, бұл дененің артық майдан арылуына әкеледі. Әрі, антиоксиданттық функцияны жақсартып, митохондрия санын көбейтеді және мидың жаңа жасушаларын өсіреді.
2 Ген экспрессиясы. Ұзақ өмір сүруге және аурудан қорғауға қатысатын бірнеше ген мен молекулада пайдалы өзгерістер жүреді. Негізінен, ашығудың пайдасы – гормондардың, жасуша функциясының және ген экспрессиясының өзгеруіне байланысты екенін түсінуіміз қажет.
3 Салмақ пен висцеральды майды жоғалтуға көмектеседі. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, ашығу кезінде 2-10 апта ішінде 15-42% салмақ жоғалтуға болады.
4 Қант диабеті қаупін азайтады. Соңғы онжылдықта «II типті қант диабеті» өте кең таралған диагнозға айналды. Инсулинге төзімділікті төмендететін кез-келген нәрсе қандағы қантты төмендетуге және II типті қант диабетінен қорғауға көмектеседі. Ашығуға арналған зерттеугелерге  қатыстқан адамдардың  2-10  апта ішінде қандағы қанты 3-6%-ға төмендеген.
5 Мидың жұмысын жақсартады. Ашыққан кезде мидағы метаболикалық функциялары мен адамның есте сақтау қабілеті жақсарады. Көптеген жыл бұрын болған оқиғаларды, мекендерді, сөздерді, жағдайларды еске түсіре бастайды.
6 Қандағы адамның өсу гормонының деңгейі күрт көтерілуі мүмкін. Бұл гормонның жоғары деңгейі майдың жағылуына және бұлшықет массасының жоғарылауына ықпал етеді. Жасушаларды қалпына келтірудің маңызды процестері жүріп, жасушалардан қалдықтарды шығарады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гулнур

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым