Мазмұнға өту

Менің сүйікті жемісім

Асель 3 мин оқу 208 оқылым

Күні: 20.11.2020
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Менің сүйікті жемісім»
Мақсаты: Созу тәсілдерін пайдалана отырып, элементтерді қарапайым заттарға біріктіру және ыдыстағы жемістерді мүсіндеуге үйрету. Таза ұқыпты орындауға қол жеткізу.
Күтілетін нәтиже: Балалар сазбалшықты, кенетикалық құмды, тұзды қамырды пайдалана отырып, сүйікті жемістерінің мүсінін мүсіндей алады.
Қолданылған әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап,әңгімелеу,( қызығушылығы)4К (креативтілік, коммуникативтілік дамыту, сын тұрғысынан ойлау,командада жұмыс) әдістері
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, слайд, бейнеролик,құрылымдалған ойын ресурстары,ылған су майлықтар.
ҰОҚ Барысы
ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс әрекет Ресурстар
І.Кіріспе кезеңі
Жағымды психологиялық Ахуал орнату
2-3 минут Сәлемдесу.

Ширату:жемістер туралы бейнеролик көрсету. Бейнероликте жемістер түрлерін таныстыру.
Ашық сұрақтар:
-Балалар бейнероликтен қандай жемістерді көрдіңдер?
-Оларды неліктен жемістер деп атайды екен?
-Жемістер қай мезгілде піседі?
Жарайсыңдар!
Балалар , бүгінгі мүсіндеу оқу қызметінде сендер осы бірнеше жеміс түрлерімен танысып өздеріңнің сүйікті жемістерің алма, алмұрт және апельсиннің бейнесін мүсіндейтін боламыз.
-Сендер мүсіндеуге дайынсыңдарма?

Балалар келген қонақтармен үш тілде сәлемдесті.

Экранға зейін қойып мұқият бейнероликті тамашалады. Көрсетілген жемістерді үш тілде атау.

Берілген сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысты.
ІІ Негізгі бөлім

Топтық жұмыс
4К моделі: коммуникативтілік дамыту, сыни ойлау
Жеке жұмыс 4 К моделі сыни ойлау,бала үні (дербестігі,қажеттілігі)
Топтарға біріктіру:
Балалар фишкаларды алып, топтарға бірігеді.
І топ: «Алма» тобы
ІІ топ: «Алмұрт» тобы
ІІІ топ: «Апельсин» тобы
Жаңа тақырып: Балалар экрандағы қысқаша бейне нұсқаулыққа назар аударамыз.Топтардағы мүсіндеу жұмыстарын алдарыңдағы үлгіге қарап отырып, алдымен бейне нұсқаулыққа қарап, түсініп алыңдар, топтардағы жұмыс түрлерін экранға назар аударып, зейін қойып мұқият тыңдаймыз.

Балалар, топтарыңдағы жұмыс үстеліне назар аударыңдаршы.
І топ. Алма жеміс пе көкөніс пе?
Дұрыс жеміс
«Алма» тобындағы балалар сазбалшықтың көмегімен алманың бейнесін мүсіндейтін боламыз.
ІІ топ. Алмұрттың пішіні қандай?
Дұрыс алмұрт сопақша пішінді, топтағы балалар кенетикалық құмды пайдалана отырып, алмұрт бейнесін мүсіндейміз.
ІІІ топ Апельсиннің түсі қандай?
Дұрыс айтасыңдар,апельсиннің түсі қызғылтсары. Бұл топтағы балалар тұзды қамырда пайдалана отырып, апельсиннің мүсінін мүсіндейміз.

Жеке жұмыс:
І топ: «Алма» тобы сазбалшықпен алманын бейнесін мүсіндейді.

ІІ топ «Алмұрт» тобы кенетикалық құммен алмұрттың бейнесін мүсіндейді.

ІІІ топ «Апельсин» тобы тұзды қамырдан апельсиннің бейнесін мүсіндейді.

Ортаға келіп кезек кезек фишкаларды алып топтарға бөлінді.

Топтардағы жұмыстарын бейнеролик арқылы тамашалайды.

Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.
-Алма жеміс!

-Алмұрт сопақша пішінді!

-Апельсиннің түсі қызғылтсары !

Балалар алдарына берілген материалдар арқылы өздерінің сүйікті жемістерін үлгі бойынша мүсіндейді.

ІІІ Қорытынды

Кері байланыс

Рефлексия Дидактикалық, қимылды ойын: «Сыйқырлы жеміс ағашы»
Барысы: Балалар сыйқырлы ағашта өсіп тұрған жемістер мен көкөністерді ажыратып, оларды атап, сипаттау.

Рефлексия: «Эмоциялық көңіл күй ағашы» әдісі
-Балалар бүгінгі оқу қызметіндегі тапсырмаларды қаншалықтыжақсы орындағандарыңды қызыл, жасыл алмалар арқылы көрсетіңдер.
Жасыл түсті алма -мен жақсы орындадым.
Қызыл түсті алма -маған қиын болды.

Балалардың жасаған жұмыстарына баға беру, мадақтау және марапаттау. Көңілді смайликтер арқылы балалардың жұмысын марапаттау.

Жарайсыңдар, балалар!
Сау болыңыздар! Ойынға белсенді қатысып, сыйқырлы ағаштан терген жемісі мен көкөнісін атап, сипаттайды.

Берілген қызыл және жасыл алманы көңіл күй ағашына өз жасаған жұмыстарын бағалай отырып орналастырды.

Тәрбиешінің марапаттаған смайликтеріне қуанып, өз көңіл күйлерін сол смайликтегі бейне арқылы білдірді.

Келген қонақтармен қоштасты.

Қызылорда, 2020-2021 оқу жылы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Асель

Автордың басқа материалдары

Ашық сабақтар

Күз байлығы

Мектепалды даярлық тәрбиеші: Жанызакова Асель Адиловна Білім беру саласы: қатынас, әлеумет, шығармашылық Бөлімі: көркем әдебиет, қоршаған орта, аппликация. Тақырыбы: «Күз сыйы» Мақсаты: Күз байлығы жемістер мен…

Асель 300 оқылым 4 мин
Математика

5-сынып. Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В: ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебі Күні: 05.02.2020ж. Мұғалімніңаты-жөні: Жагипбарова Асель Сейтмаганбеткызы Сынып: 5 Ә Қатысқандар саны:…

Асель 402 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 66 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин