Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Күз байлығы

Автор

Асель
4 мин оқу 300 оқылым

Мектепалды даярлық тәрбиеші: Жанызакова Асель Адиловна

Білім беру саласы: қатынас, әлеумет, шығармашылық
Бөлімі: көркем әдебиет, қоршаған орта, аппликация.
Тақырыбы: «Күз сыйы»
Мақсаты: Күз байлығы жемістер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Адамдарға пайдалы, дәруменге толы екенін әңгімелеуге үйрету. Көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруға үйрету. Дәстүрден тыс бастырма әдісі, дәнді-дақылдарды қолдану арқылы жемісті жапсыра алуды үйрету.Табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап, түсіндіру, ойын, тақпақ, жұмбақ, ТРИЗ, Мнемокесте, Кубизм технологиясы.Тәжірибе
Көрнекіліктер: Мнемокестесі, төрт мезгілді макет,қорапша.
Құралдары: Желім, ақ қағаз, дәнді-дақылдар.
Полингвизм: Фрукты – жемістер- fruits. Овощи – көкөністер- vegetables
Инклюзивті бөлім: Белсенділігі төмен балаларға көмектесу.
Негізгі бөлім:Балалар үш тілде сәлемдеседі.
Шаттық шеңбері
Амансың ба алтын күн,
Амансың ба жер ана.
Амансың ба достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Жұмбақ жасыру.
1.Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. –Қарбыз.
2.Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. -Алма
3.Ұрмай - соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.–Пияз
4.Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты- Өрік
-Қай мезгілде өседі бұлар?
Кіріспе бөлімі: Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар төрт мезгіл макетіне қарап анықтап айтады.
«Бұл қай кезде болады?» өлең оқу(мнемокесте бойынша)
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Айларын айтыңдаршы?
- Күз мезгілі. Қыркүйек, қазан, қараша.
Күз мезгілінде нелер піседі?
-Жемістер, көкөністер.
Жемістер, мен көкөністердің айырмашылығы неде?
-Бақта жемістер өседі, бақшада көкөністер өседі.Олар бізге пайдалы ма?
Балалардың тақпақтары.
Нұрымжан:Асқабақ
Іші сары, сырты қатты,
Дәні – дәрі, дәмі тәтті.
Пісіріп жесең ас - тамақ,
Оның аты – асқабақ.
Домалаған дәу өзі,
Құшағыңа сыймайды.
Күзге дейін бақшада,
Суық түсе жинайды.
Айбар: Орамжапырақ
Дәмді болсын десең
Орамжапырақты егер,
Жаздай суар оны,
Жатпасын шөлдеп бекер.
Орамжапырақ та сенің
Еңбегіңді өтер.
Орамжапырақ: - Сен керемет емессің, бірақта мақтана бер, асқабақ. Мен де кішкентай емеспін, бәріне де белгілімін.
Асқабақ: - Онда неге сені бұлай атаған?
Орамжапырақ: - мені қатты жақсы көрген. Адамдардың ас қорыту мүшелеріне өте пайдалымын. Қыс бойы мені тұздап сақтап қойып, тағамға қажеттті дәрумендерім үшін қолданады. Сондықтан мен керемет көкөніспін. Басқасына қарағанда қияр сияқты кішкентай емеспін.
Аяжан: Қияр
-Сопақшыкөкөңімбар,
Пайдалы, мөлдірсөлім бар.
Піскенкездежиярсың,
Меніңатым – қиярмын.
Қазірұзынсабағым
Жан – жағыматарайды.
Қолұстасқанбаладай,
Бақшаныалыпбарады.
- Әрине, басқа көкөністерге қарағанда мен дәрумендерге бай емеспін, сонда да мен сүйікті көкөніспін, әртүрлі ауруларға пайдаланған.
Қызанақ: - Немене бәрің оны ренжіте бересіңдер? Мен де кішкентай болсам да адамдарға пайдалымын.
Асқабақ: - сен де мақтанғың келіп тұр ма?
Қызанақ: - Жо – жоқ, мен өзімнің көптеген дәрумендерге баймын, мәселен, А дәрумен жетіспесе адам ағзасы өсуі баяулайды.
Әсем, нәзік көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда
Қияр қасымнан қалмайды.
Мұхамед: Пияз. Босқа қарап тұрамын ба!
Әй, қойыңдар!
Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын жылайсың.
Ащы болсам да мені
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.
Жібек: Сәбіз:
- Сары, дәмді, ұзынмын,
Жер астында тығылған.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласыз,
Тамаққа да саламыз.
Егер мені көпжесең,
Биік, ұзын боласыз. Салат жасауға, тағамдарға пайдаланады.
Өрік:
Мен жарықты, жылуды жақсы көремін, менің құрамымда иод көп.
Мен өрікпін, өрікпін,
Бақшамызға көрікпін.
Қара деген атым, Менен де дәм татыңдар.
Дәрі орнына жүретін, Кейде менің қақым бар.
Нұрмұхамед: Алма: Менің жершарында көптүрлерім бар, менің құрамымда «А», «В», «С», «Д» дәрумендерім бар. Мені көп жесеңдер ауырмайсыңдар.
Нарттай қызыл алмамын.
Мә зболады алғандар,
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Тәрбиеші:
- Айтыстарың ұзаққа созылды. Біреуі «тәттімін», біреуі «өте қажеттімін» десе, енді біреуі «емдік қасиетім бар, сондай пайдалымын» деп жатыр.
- Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер!
Дидактикалық ойын: «Пайдалы, зиянды»
Мақсаты: Пайдалы мен зияндыларды білуді үйрету
Шарты: Пайдалы зат атаса, ия, зиянды болса жоқ, деп жауап береді.
Ойын: «Сиқырлы қорапша» (Кубизм технологиясы)
Мақсаты: Суреттегі жеміс,көкөністі үш тілде айту,ажырату.
Шарты: Қорапшаны тәрбиеші лақтарыды, қай сурет жоғарыда тұрады , соған мәлімет береді.
Сергіту сәті. (видео ролик арқылы)
ТРИЗ –ойыны: «Сенсорлық сандықша»
Мақсаты:Көру,сезу мүшелернің міндеттерін білу.
Шарты: Тәрбиеші көру, сезу мүшелері арқылы, көкөніс туралы не айтуға болатынын сұрайды.
Балаларды «Шығармашылық» орталығында , «Піскен алма» тақырыбына , дәстүрден тыс картон қағазынан алма пішінін бастыру және дәнді-дақылдарды желімдеу арқылы жапсыратынын айтып, түсінктеме береді. Жұмыс жасау кезеңдерін көрсетеді. Қауіпсіз ережені естерімізге саламыз балалар. Жеке көмек көрсету балаларға.
Тәжірибе жасау.
Балаларға пиязды тұқымнан егуге, өнген пиязды суға салып өсіру, салафанға отырғызу жолдарын көрсету. Тәжірибе арқылы көкөністерді бөлмеде өсіріп, жемісін алуға болатынын анықтату.
Қорытынды бөлімі.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі екен?
Жемістер мен көкөністер адамға пайдалыма, жоқ па?
Денсаулығымыз жақсы болу үшін нелерді пайдаланамыз?Нелерді көп жеу керек?
Алманы неден жасадық? Балаларды мадақтау.
Қандай тәжірибе жасадық?
Күтілген нәтиже.
Біледі: Мнемокесте арқылы өлең жолдарын айта алуды, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін.
Меңгереді: Жемістер мен көкөністер адам ағзасына пайдалы екенін. А,В,С,Д дәрумендерге толы екенін.
Жасай алады: Суретті бастырып , дәстүрден тыс әдістерді қолдана алады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Асель

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Менің сүйікті жемісім

Балабақшадағы мүсіндеу оқу қызметінде балалар сазбалшық, кинетикалық құм және тұзды қамырды пайдаланып, алма, алмұрт пен апельсиннің бейнесін жасайды.

Асель 208 оқылым 3 мин
Математика

5-сынып. Ондық бөлшектерді қосу және азайту

5-сыныпқа арналған математика сабағында ондық бөлшектерді қосу және азайту тәсілдері қарастырылады. Жоспарда оқу мақсаттары, бағалау критерийлері және топтық жұмыс түрлері берілген.

Асель 402 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 366 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 428 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 667 оқылым 2 мин