Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Еркеназ
2 мин оқу 176 оқылым

Ұстаз...Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдыма ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі…Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын адам…

Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам.Ал мені сол білім нәрімен сусындатқан асыл ұстаз – Баяндина Манара Амантаевна. Манара ұстаз маған қарапайым ережелерден бастап адамзат құндылығына дейін көп әрі маңызды нәрсені үйретті. Оның арқасында мен керемет және білімді оқушы болып өстім. Мен әрқашан Манара Амантаевна секілді мұғаліммен тек мақтана аламын. Мен осындай асыл ұстазды басқа жандардың да танығанын қалаймын, сол себепті менің осы мақалам Манара ұстазыма арналған.

Манара Амантаевна 1965 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұраталды совхозында дүниеге келген. 1987 жылы Иван Франко атындағы Житомир мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. Университетті бітіргеннен кейін, 1987 жылдан бастап Қарағанды облысы Шет ауданының Шет орта мектебінде 1994 жылға дейін, ал 1995-1998 жылдары Қарағанды қаласында №57 және №81 мектептерде жұмыс істеді. Барлық жерде Манара Амантаевна орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1998 жылдан Жезқазған қаласының №9 мектебінде жұмыс істеді. Ал 2006 жылдан бастап біз алғаш танысқан №10 мектепте сабақ бере бастады. Мен 5 сынып табалдырығын аттаған кезден бастап Манара Амантаевна біздің сынып жетекшісі атанды. Сол сәттен-ақ бастап Манара ұстаз мен үшін үлгі тұтар жанға айналды. Ал қазір ұстазымның арқасында 11 сыныпты жақсы тамамдайын деп жатырмыз, бір жағынан өкінішті, Манара ұстазымды қимаймын.

Мен асыл ұстазыма үлкен алғысымды білдіргім келеді. Өйткені, ол мені осы 6 жыл бойы білім жолында туындаған қиыншылықтарға төтеп беруге көмектесті, білім нәрімен сусындатты. Сіздің шыдамдылығыңыз үшін, үлкен еңбегіңіз үшін, махаббатыңыз үшін, біліміңіз үшін, ең бастысы, өзіңіз үшін  шексіз алғысымды білдіремін Манара Амантаевна! Мен сізді өте құрметтеймін және жақсы көремін, менің керемет ұстазым!

Серікбай Еркеназ

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы

№10 жалпы білім беретін мектебінің түлегі

Авторы
Серікбай Еркеназ

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Еркеназ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Үш тілді білу-заман талабы.

Материалда ана тілінің құндылығы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерудің маңызы, сондай-ақ латын әліпбиіне көшу туралы ой қозғалады.

Еркеназ 1 мин 82 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 238 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 151 оқылым