Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Менің сүйікті ұстаздарым

Автор

Жаныс Бекарыс
3 мин оқу 51 оқылым

                                      «Менің ардақты-Ұстазым»

«Ұстаз - ұлы есім» - дейді Мұхтар Әуезов. Иә, расында да, «ұстаз» деген сөздің астарында мән-мағынаның бәрі бар, бәрі де бар: білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен мейірбандық, талапшылдық пен турашылдық... Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адам – ұлы ұстазымыз. Менің ойымша, әр шәкірттің жанына жақын келетін, ең сүйіктісіне айналатын, өмірлік ұстанымдарының жаршысына айналатын  ұстазы болады. Менің де сүйікті ұстаздарым бар. Ол кісілердің  ғибрат алар әрбір сөздері, кескін-келбеті, бәрі-бәрі мен үшін – үлгі-өнеге. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, ұстазымды ең алғаш рет көріп-білгеннен бастап, ол кісілерге деген құрметім, сабаққа деген зейінім артты.

Мен төрт мезгілдің ішінде тек жаз мезгілін қатты жақсы көретін едім. Күз келгенде, жарқырағанның бәрі қуаратындай, жайнағанның бәрі тұманданатындай болып көрінетін. Ал, 2019 жылдың  8-ші сыныптың күзі менің өмірімде айтарлықтай керемет орын алды. Бұл күз мен пір тұтатын тұлғалармен  қауыштырды. Алғаш АБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ТЕРЕҢДЕТЕ ОҚЫТАТЫН ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНА ауысарда, қабылданғанымда кішкене қорқақтап, қобалжығаным рас. Алайда  мектеп басшысы Роза Ербозымқызы мен сынып жетекшім Гүлнар Амангелдіқызымен алғаш танысу сәтінен бастап, қорқынышым су сепкендей басылды. Керісінше, ол кісілердің мейірімге толы жүзі мен мәдениеті мені айрықша баурап алды десем, артық айтқаным емес. Анам қандай қадірлі болса, ұстазым да мен үшін қымбат жанға айналды.

Ұстаз… Ұстаз бейнесі- шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны -әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі. Ол-сезім мен нұр шашар сәуле. Келешек үшін тырмысып,жан аямай күрескен, өз бойындағы пенделігін жоя білген жан. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз- өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз  бейнесі қандай мейірбан,қандай сұлу десеңізші?! Сол періштелердің бірі  қазір менің жүрегімде нық орын алған. Ол-биология пәнінің мұғалімі Салтанат Ақбергенқызы. Салтанат апай  білім бере отырып, асыл ойды санамызға берік,нық етіп құюға бар күшін жұмылдыратын жан.

Біз әр жыл сайын санамыз өсіп,азамат болуға ұмтыламыз.Сол кездегі бала қиял кей кезде қол жетпес арманға қанат сермейді. Осы жолдағы алдымыздан шығатын кедергілерден сүрінбей өтуге,алға қойған мақсатымызға жету үшін күресуге де үйрететін бұл- ұстаз. Айналадағы адамдарға қарасам өмірі шежіреге толы, әр күні кейінгі жастарға үлгі болар қаншама жылы жүректі ұстаздар бар.Өнеге тұтар қаншама жақсылар жүр.Осы ұстаздарым мектеп табалдырығын қорқынышпен аттаған кезде сол бала жүректегі қорқынышты  сейілтіп,өз мейірімділігін танытып, бар ықыласын танытты.

Ұстаз болу-жүректің  батырлығы.

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.,

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы.

Азбайтұғын  адамның алтындығы.

Бірақта қызықты ертегі іспетті, бұндай балалық сәттер мәңгі жасай ма? Сол бір 2019жылдан бері көзді ашып жұмғанша 3жыл өте шығыпты. Біздерде күндердің күні мектебімізді аяқтап, өз жолымызды тауып, қарлығаш болып алтын ұя мектебімізбен  қоштасамыз. Алайда бұл орын біз үшін қасиетін ешқашан жоғалтқан емес.Өйткені ұстазымыздың , мектебіміздің бейнесі мәңгі санамызда сақталмақ.

Білмей қалсам кешірген,

Балалық деп түсінген,

Қандай адам болса да

Алдыңызда бас иген, -деп өлең жолдарыммен  қорытындылағым келеді.Шәкірттеріңіз 10ә сынып оқушысы Жаныс Бекарыс.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жаныс Бекарыс

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Менің ардақты ұстаздарым

Эсседе ұстаздың шәкірт өміріндегі орны, тәлім-тәрбиесі мен автордың сүйікті ұстаздарына деген құрметі баяндалады.

Жаныс Бекарыс 48 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин