Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мейрамгүл
1 мин оқу 235 оқылым

Садакбай Мейрамгүл Есмұханқызы
«Жауқазын» балабақшасының
ІІ- санатты тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым»
Мақсаты:ойыншықтар туралы әңгімелесу. Балаларға ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету; Ойыншықтар туралы түсініктерін қалыптастыру; Ұқыптылыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: ойыншықтар,үлестірмелі материалдар (ат,ботақан,мысық)
Көптілділік-компонент: ойыншықтар-игрушки, ат-лошадь,ботақан-верблюженок,
Шаттық шеңбер:
Баршаға сыйла махаббат,
Қуансын бар адамзат.
Сан есеге көбейіп махаббатың,
Тиеді саған шапағат.
М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру;
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау,қозы,құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Бүгінгі оқу қызметімізде ойыншықтармен танысатындықтарын айтып,балалардан топта,үйлеріңде қандай ойыншықтар барын сұрайды.
-Сенің қандай ойыншығың бар?
-Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе?
- Ойыншықтарыңның тұратын жерін білесің бе?
- Сен онымен ойнап болған соң орнына жинайсың ба?
Ойыншықтарды лақтырмай,сындырмай,ұқыпты ойнау керектігін түсіндіру.
Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық».
-Кәне,сандықта не бар екен,деп балалардың көңілін аударады.
-Ботақан,мысық,құлыншақ бар екен.
-Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық.
Ботақан,құлыншақ туралы түсіндіру.

Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы,
Меннен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.

Үлестірмелі суреттермен:
«Тез көрсет» ойынын ойнау.
Шарты: Балалар ойыншықтардың аттары бар өлең оқыған кезде өлеңде айтылған жануарлардың суреттерін жылдам көрсетуі керек.Мысалы:

Құлыншағым-құндызым
Құлдырайды,шабады.
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Тікірейіп құлағы,
Меннен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.

Тәй,тәй тұрған ботақан,
Аяқты қалт-құлт басасың.
Осы тақпақтардың біреуін жаттауды ұсыну.
Көптілділік-компонент: ойыншықтар-игрушки, ат-лошадь,ботақан-верблюженок.
Дидактикалық ойын: «Не артық?»
Шарты: Суретте не артық екенін табу.
Балаларға сұрақтар беріп,қайталату.
Балаларды мадақтап,мақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені қайталайды: ойыншықты сипаттауды.
Нені түсінеді:ойыншық туралы түсінікті.
Нені қолданады:өлең жолдарын жаттауды.

Авторы
Садакбай Мейрамгүл Есмұханқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Мейрамгүл

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Балалар жақсылық пен жамандық туралы түсінік алып, адам бойындағы ұнамды және ұнамсыз қасиеттерді ажыратуға үйренеді.

Мейрамгүл 3 мин 532 оқылым
Балабақша

Біз біргеміз

Мәтінде карантин кезінде ел бірлігін сақтап, бір-біріне қолдау көрсетудің маңызы және Жетібай ауылындағы қайырымдылық көмек туралы баяндалады.

Мейрамгүл 2 мин 276 оқылым
Баяндамалар

Әр түрлі іс-әрекет барысында баланың дамыуына жағдай жасау

Баяндамада баланың дене, психикалық және әлеуметтік дамуы, сондай-ақ балабақшада тәрбиелеудің әлеуметтік, танымдық, эстетикалық және дене тәрбиесіне қатысты төрт міндеті баяндалады.

Мейрамгүл 5 мин 314 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 893 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым