Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әр түрлі іс-әрекет барысында баланың дамыуына жағдай жасау

Автор

Мейрамгүл
5 мин оқу 314 оқылым

Әр түрлі іс-әрекет барысында баланың дамуына жағдай жасау

Бұл жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы содан білгені, көргені көп болған адам білімді болады десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсекеле бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшықеттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жайғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Сондай-ақ, балаларды балабақшада тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет:
Әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастар мен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті:
Танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмір мен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.

Үшінші міндеті:
Әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық пен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті:
Дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған орта мен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Кез келген отбасы үшін баланың қуанышынан артық ешнәрсе жоқ екені анық. Балалар жайы- еліміз үшін де басты мәселенің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Балапан» бағдарламасының басты бағыты мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ісін жан-жақты жетілдіре түсу қажеттілігі айтылған. Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасының мақтанышы дені сау етіп өсіру жолындағы тәрбие ісін басшылыққа алып келу педагогтардың тікелей міндеті.
Бүгінгі таңдағы біздің бар мақсатымыз, іс жоспарларымыздың барлығы балабақшадағы тәрбиеленушілерге жан-жақты жағдай жасау, солардың Қазақстан Республикасының болашақ азаматы ретінде тәрбиеленіп өсуі үшін күні бүгіннен бастап негізінің берік қалануына бас назар аудару. Әрбір ісімізді балалардың болашағы үшін арнап отыруды өзімізге басты міндет санаймыз.
Тәрбие мен баланың алғашқы дені- мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала бойындағы жаңа қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. Мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойған басты мақсат- баланың жас ерекшелігіне қарай балалар тарихы негізге ала отырып, ұлттық тәрбиені салт –дәстүрді бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал ету. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қарапайымдылық, ізеттілік, қонақжайлық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, салт дәстүрін , әдеп -ғұрыптарды жақсы меңгерген рухани дүниесі бай, жаны таза адал жан болуы керек.
Тәрбиеші саналы көзқарастарын таныта алатын, білімі мен тәжірибиесін жан-жақты дамытып байыта алатын сәт мектепке дейінгі мекеме қабырғасынан басталады. Балабақшаның тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсаттары: Денсаулық сақтау мен нығайту және деңгейін көтеруде өз ағзаларындағы қорларын қолдану, баланың дамуында жеке үйлесімділікті қамтамасыз ету, ата- аналарды салауатты өмір салтына араластыру.
Балабақшадағы әрбір тәрбиеші –педагог оқу-тәрбие жоспарын тиімді әрі нәтижелі етіп ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен қатар, педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін жетік меңгеруі тиіс. Яғни бүгінгі тәрбиешінің басты міндеті әлемдік өркениеттілікке ұмтылып, әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрайтын жас бүлдіршіндерді саналы азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, көптеген ұйымдастырылған іс- шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ. Сондықтан да балабақша ұжымы ата-аналардың балабақшада өткізілетін түрлі іс- шаралар мен тәрбие ісіне қатысты тренингтер мен ертеңгіліктер, сондай-ақ пікірталас сағаттарына қатысуларын қамтамасыз етіп отырады. Бұл бала тәрбиесіне байланысты ортақ мәселелерді бірлесе отырып шешуге айтарлықтай мүмкіндік береді.
Соның ішінде 2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс.
Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. 2-3 жастағы балалардың балабақшаға бейімделуімен қатар әр түрлі жағдайда іс әрекетінің дамыуына жағдай жасай білу керек.
Әр түрлі іс –әректте баланың дамыуына жағдай жасау дегеніміз тәрбиешілердың бала психалогиясын анықтай отырып, баланың жеке қызығушылығын анықтай отырып жұмыс істу болып табылады.
Адам баласы өмір бойы тәрбиеленіп, үздіксіз білім алуы қажет. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.
Баланың іс әрекетінің дамыуы ең алдымен таңғы жаттығудан басталады. Балаларға таңғы жаттығу жасату арқылы, әр бір баланың іс қимылын бақылай отырып одан әрі жеке іс әрекетінің ашылуына көмектесу керек.
Отбасындағы ата-ананың ықылас пен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де, тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында « Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Қорытып айтқанда ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ- түйек деуге нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ- түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаныз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ- түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ-түйекпен құралады, өмірдің бұл жағына басшылық көрсету.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мейрамгүл

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Балалар жақсылық пен жамандық туралы түсінік алып, адам бойындағы ұнамды және ұнамсыз қасиеттерді ажыратуға үйренеді.

Мейрамгүл 532 оқылым 3 мин
Балабақша

Біз біргеміз

Мәтінде карантин кезінде ел бірлігін сақтап, бір-біріне қолдау көрсетудің маңызы және Жетібай ауылындағы қайырымдылық көмек туралы баяндалады.

Мейрамгүл 276 оқылым 2 мин
Балабақша

«Менің сүйікті ойыншығым»

Балалар ойыншықтарды сипаттап, оларды күтіп ұстауды үйренеді. Сабақта өлеңдер оқылып, «Тез көрсет» және «Не артық?» ойындары ойнатылады.

Мейрамгүл 235 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 43 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 43 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 61 оқылым 14 мин
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 42 оқылым 1 мин