Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Менің  сүйікті ертегім

Автор

Авалканова Айгерим Айдархановна
3 мин оқу 453 оқылым

Менің  сүйікті ертегім

Менің сүйікті ертегім сабағында балалар ертегі түрлерін танып, оқиғаларды ретімен баяндап, өз ертегілерін құрастырады.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту. Шығармалардың эмоционалды-бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге баулу. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен қисынды мазмұндауға үйрету. Ертегі туралы түсінік қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Лулия шеңбері, Блум кубигі, үлестірмелі карточкалар.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Көңіл күйлерің жақсы ма?

Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтарымыз келіп қалыпты, қонақтарымызбен амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсіздер  ме!

Шаттық шеңбер:

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап  жер көрдім.

Оңға, солға қарап,

Егеменді ел көрдім.

Тәрбиеші: Жақсы, балалар! Орнымызға отырайық.

Балалар, қай жыл мезгілі? Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші?

Өте жақсы. Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — Менің сүйікті ертегім.

Ертегінің түрлері мен маңызы

Балалар, ертегі — көне заманнан келе жатқан көне де мол мұра.

Балалар, сендер ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?

Қиял-ғажап ертегілері, Тұрмыс салт ертегілері, Жануарлар туралы ертегі,

Қазақ халық ертегілері, Орыс халық ертегілері.

Лулия шеңберімен ертегіні сипаттау

Тәрбиеші: Балалар, маған қараңдаршы, менің қолымда Лулия шеңбері. Осы шеңберді айналдырып, қай ертегіге түссе, сол ертегіге қысқаша сипаттама берейік.

Олай болса, барлық балаға сәттілік тілеймін. Берілген тапсырманы орындайық.

1. Айнамкөз — Алдар көсе қазақ халық ертегісі, түрі қиял-ғажайып ертегісіне жатады.

  1. Асанали: Шалқан орыс халық ертегі, түрі қия ғажап ертегісіне жатады.
  2. Береке: Үш аю жануарлар туралы ертегі
  3. Гүлім: Арсыстан мен тышқан қазақ халық ертегісіне жатады.
  4. Санжар: Алтын сақа тұрмыс салт ертегісіне жатады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы жауап бердіңдер!

Кубик арқылы ертегіні әңгімелеу

Ал енді, балалар, осы кубиктің көмегімен бір ертегіні әңгімелеп берейік.

Үш аю ертегісің әңгімелеп берейк!

Балалар, бүгін ерекше тәсілмен әңгімелеп көрейік.

Ол үшін біз үстелде тұрған кейіпкерлерді алып, рет-ретімен әңгіме желісін жалғастыруымыз қажет! Мұқият тыңдап отырайық. Сендерге сәттілік тілеймін. Ал тапсырманы бастап көрсетейін.

Тәрбиеші: Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап, күн ысығанда үңгірге кіріп жатады екен.

Ең ірісі әрі мықтысы ақтөс аю болыпты.

Ақмәди: Бір күні жортып бара жатқан түлкіні ұстап алып, әрі-бері жұлқылайды.

Амина: Достым, түлкі бізге жаманшылық жасаған жоқ қой.

Санжар: Бұл түлкі мені сыйлап жүремін десе, жіберемін.

Сұлтан: Құйрығы ауырған түлкі қыңсылап қала берді.

Айнамкөз: Аю аға, босатшы мені. Сыйлап жүремін.

Санжар: Түлкі мені сыйлап жүреді.

Ақмәди: Тағы бірде қасқырды ұстап алып, босатпай есін шығарады.

Амина: Қасқыр бізге тиіскен жоқ қой.

Санжар: Егер мені сыйлап жүремін десе, жіберемін.

Сезім: Аю аға, сыйлап жүремін. Мені жібер.

Санжар: Енді қасқыр да мені сыйлап жүреді.

Тәрбиеші: Бір уақытта әлгі өзі жәбірлеген қасқыр бір топ ұяластарымен ақтөс аюдың алдынан шығыпты.

Сезім: Сен маған жазықсыз азап көрсетіп, енді бәріміз жабылып сені талап тастаймыз.

Гүлім: Көп қасқырдан зәресі ұшқан ақтөс аю ағаш басына шығып алады.

Айнамкөз: Аю аға, неден қорқып келесіз?

Санжар: Көп аюдан қашып келемін.

Айнамкөз: Жылдам бері қарай жүріңіз.

Тәрбиеші: Түлкі нұсқаған жаққа тұра қашқан аю күмп беріп батпаққа түсіп кетеді. Қулығы асқан түлкі аюдың қасына сықылықтай күледі.

Амина: Саған не болған?

Мерей: Мені қасқырлар қоршап алып, талап тастай жаздады. Содан ағаштың басына шығып құтылдым. Қайтып келе жатсам, түлкі кездесті.

Ол мені алдап, батпаққа батырып кетті.

Амина: Күшіңе сеніп, әлсіздерді күшпен сылатамын деп едің.

Енді осы ойының дұрыс емес екендігіне көзің жеткен шығар.

Ал, балалар, шаршаған шығарсыңдар. Сендермен ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын «Кейіпкерді тап»

Менің сүйікті ертегім

Ендігі кезекте екі топқа бөлініп, өзіміздің сүйікті ертегімізді құрап көрейік!

Ол үшін бізге қағаз және әртүрлі кейіпкерлердің қиындысы керек. Топ басшылары құрастырған ертегіні айтып беруі керек.

Балаларды мадақтау: Жарайсыңдар, балалар! Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін мен сендерді марапаттауға келіп отырмын.

Қорытынды: Баяндау сипатын сезініп, шығармалардың мазмұнын эмоциялы қабылдай алады. Мазмұнның жүйесін сақтай отырып, шағын шығармаларды айтып бере алады.

Ұқсас материалдар

Соңғы жаңарту: 9 қазан 2026, 11:07

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Авалканова Айгерим Айдархановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин