Мазмұнға өту

Менің мектепке баратын жолым. Оо дыбысы мен әрпі

Bilimger Media 4 мин оқу 387 оқылым

Түркістан облысы

Арыс қаласы

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш пән мұғалімі:

Еркобеева Гулжайна Муратбековна

Пәні: Сауат ашу Мектеп: С.Сейфуллин
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Мұғалімнің аты-жөні: Еркобеева Г
Сынып: 1 «В»
Артикуляциялық жаттығу әр әріп өткенде болу керек
Сабақтың тақырыбы Менің мектепке баратын жолым. Оо дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (дұрыс/дұрыс емес)

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану

1.3.8.1 Жазу жолын, жол аралық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: О дыбысы мен әрпін ажырату, каллиграфиялық талапқа сай дұрыс жазу, буындап оқуды меңгеру.

Көптеген оқушылар: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылау.

Кейбір оқушылар: Сөйлем кұрау, ойын жүйелі жеткізу.

Бағалау критерийлері -О дыбысы дауысты дыбыс екенін біледі.

-О әрпін ажыратады.

-О дыбысы бар сөздерді буындап оқи алады, мағынасын түсінеді.

-сөйлем құрай алады, ойын жүйелі жеткізе алады

Құндылықтарды дарыту Жолда жүру ережесі, сыпайы сөйлеу мәдениеті, байқампаздық.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта. I
Бастапқы білім Дыбыс,әріп,буын,сөз,сөйлем, мәтін туралы біледі.

Сызба үлгілерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасай алады.

Дауысты және дауысссыз дыбыстарды ажырата алады.

Сөздерді буынға бөлу дағдылары қалыптасқан, оқу және жазуға даярлықтары бар.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

Шаттық шебері

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Он саусақтыі саласындай.

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Бір адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Үнтаспа
Тыңдалым.

8 минут

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (дұрыс/дұрыс емес)

Саралау

№1 тапсырма.

Оқулықпен жұмыс. Мәтін оқу.

Мұғалімнің оқуы.

Сұрақ- жауап әдісі. Балалар «дұрыс, дұрыс емес»- деген жауаптар айтады.

-Арал мен Оралдың мұндай қылықтарына қалай қарайсыңдар?

-Балалар қандай кешірім сөздерін қолданды деп ойлайсыңдар?

Дағды:Тыңдай білу және сұраққа толық жауап беру.

2- тапсырма.

Ж.Ж. Диалог

Жұпта біреуі көлік жүргізуші, екіншісі баланың рөлінде сұхбатқа түседі.

Мысалы:

-Жолда ойнамаңдар! Жолда ойнау адам өміріне қауіпті.

-Кешіріңіз! Бұдан кейін жолда ойнамаймын.

Мақсаты: сөйлеу дағдысын қалыптастыру

Дағды: қарым- қатынас жасау, диалогке түсу.

Қ.Б. бір-біріне мадақтау сөздер қолдану

Тақырыпқа сай сюжетті сурет (интербелсенді тақта)

Сергіту сәті

1 минут

О дыбысын "Көзімнің қарасы" әніне салып дыбыстап айту Үнтаспа
Топқа біріктіру

Балаларды доптың, шиыршықтың, доңғалақтың суреттері арқылы топқа біріктіремін.

Ресурстар арқылы
Ой қозғау

2 минут

Балалар доптың, шиыршықтың, доңғалақтың пішінін көрсетіңдерші. (қолмен ауада көрсетеді)

-Доп, шиыршық, доңғалақ қандай әріпке ұқсайды?

-О дыбысына ұқсайды.

-Демек, бүгін Оо дыбысы мен әрпін білетін боламыз.

Артикуляциялық жаттығу:

ООО-ны айту.

Мақсаты: дыбысты дұрыс дыбыстау.

Енді, айнаға қарап айтып көрейік және байқайық біздің ернімізде қандай өзгеріс болады екен.

-Дыбысты айтқанда ерніміз дөңгеленіп, дыбыс еркін, кедергіге ұшырамай, дыбысталып айтылады екен.

Демек, О дыбысы дауысты, жуан, еріндік дыбыс.

8 минут

1.3.8.1 Жазу жолын, жол аралық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Жазылым.

Интербелсенді тақтада жазылуын көрсету.

О

о

Оо

Ауада жазу.

Алақанда жазу.

Ермексазбен жазу.

Дәптердегі үлгі жазба бойынша дәптерде жазуды ұсынамын.

Қ.Б.мұғалімнің мадақтау сөздер арқылы мадақтауы

Интербелсенді тақта. Видеосабақ
Қызықты тапсырма

6 минут

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану.

№2 Оқылым.

ОР ОЛ ОН
ОРАЛ ОЛАР ОРА

Орал,   ал.

Арал,   ал.

Анар,   ора.

Қ.Б. мадақтау сөздер қолдану

Түрлі тапсырмалар

Постерде доп, домбыра, орамал сөздеріне дыбыстық талдау жасау

Аяқталуы

6 минут

Топқа тапсырма:

-Омардың мектепке барар жолында кездесетін О әрпі бар сөздерді табуға сюжетті сурет беру. (топта сөздерді табады, бір-біріне айтады)

Жеке жұмыс:

Әр оқушы сөздерге дыбыстық талдау жасауын сұраймын. (дөңгелектер арқылы)

Жекеленген оқушылар:

-Сөздерге сөйлем құрастыру.

Кейбір оқушылар:

-Шағын мәтін құрастыру

Дескриптор: 1.Сөздерді қатесіз оқиды.

2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алады.

3. Сөздерді қатыстырып сөйлем құрай алады.

Сабақтың соңы

1 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.

Саралау

О дыбысы бар сөздерді тауып сөйлем құрайды.

1.О дыбысы қай буында тұрғанын айтады.

2.Сөздерге сөйлем құрайды

Бағалау

«Бағдаршам» арқылы бірін-бірі бағалайды.

«Басбармақ» арқылы өзін-өзі бағалайды.

Мұғалімнің мадақтауы арқылы бағалау

1.Оқушылардың топтық жұмыстары кезінде өзара сыйластық қарым-қатынас орнату.

2.Жолда жүру ережесін сақтап, қоғамдық көліктерде әдептілік таныту.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин