Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

3 мин оқу 34 оқылым

Манапова Гульнара Айнидиновна воспитатель  ТОО « Ясли сад « Умнички »» с.Чунджа

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

( Ұлы  атамыз Абай Құнанбайұлы дана сөзі )

Бұл өмірде көптеген мамандық түрлері бар және сол мамандық түрлерінің әрқайсысы өз қылығымен ерекшеленеді. Бірақ бәрінен де қызықты, қажет мамандық – тәрбиеші мамандығы деп ойлаймын. Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, тәрбиешілердің бұлжытпас борышымыз. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе..

«Адамды тәрбиелеу — демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу». А. С. Макаренко.

Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан.

Әрине, тәрбиеші мамандығы қиынырақ- өйткені кіші ұрпаққа үлгі болу, тәлім- тәрбие беру, ақыл-кеңес үйрету біздің парызымыз, осы кішкентай қиындықтың бәрін біз жеңе аламыз, өйткені оның бәрі балаға, кішкентай бөбектерге деген сүйіспеншілігіміздің, махаббатымыздың арқасы. Сүйіспеншілік, қамқоршылдық жер бетіндегі барлық тірі ағзаларға керек. Мысалы: құстар, жан-жануарлар, аңдар және ересек адамдарымыздың өзі де соған зәру және әрине сонымен бірге біздің кішкентай бүлдіршіндерімізге ерекше түрде керек.

Ал мен өзімнің қасымда сол кішкентай бүлдіршіндерің барына қуанамын, олар әрқайсысы өз қылығымен тәтті, алғыр, ұяң, ширақ, қызықты. Оларға ең алдымен не керек? Бәрінен де — жылы жүрек, махаббат керек, сондықтан мен олардың әрқайсысын бөліп жармай, бәрін бірдей қабылдаймын. Басқа мамандық түрінен мұндай қызығушылықты көрмейсіз, өйткені тәрбиеші- бала жанының емдеушісі, сарапшысы, қиындықтың бәрін жеңе біліп, балалардың сенімі мен кішкентай жүректерін жаулап алатын адам.

Мен осы себептерден кейін тәрбиеші мамандығын таңдап алдым және осы мамандықты қатесіз таңдағаныма қуаныштымын. Осы мамандық жолында әрі қарай білім алуға, дамуға, әртүрлі қызықты жұмыс түрлерін үйренуге болады, қысқасы бір орында тұрып қалмаймын. Тәрбиеші мамандығына осы себептерден басымды ие отырып, ұлы ұстаздардың ұшан теңіз еңбектері мен тәжірибесіне басымды иемін.

Тәрбиешінің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы ұйымдасқан оқу қызметі, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен және тағы да басқа сайыс — байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол жеткізуін қолдаушы болып танылады.
Тәрбиеші – жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу үлкен қасиет. Тәрбиеші тәрбиесін шын қабылдаған бала болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға айналады. Ұлы Абай атамыз:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!» — деп жырлап кеткендей, әрбір ұстаз бұлақ түбінен асыл тас іздегендей балаға мән мен мағынаға толы білімді үйретуі керек. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде, тәрбиешілердің осындай қым — қуат тіршіліктен шаршамай, талмай еңбек етіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік сіңіріп, өз — өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.

Балабақшаға келген балалардың жүздері сондай жарқын, көңілді, бақытты балалық шақтары сондай қуанышты, олардың қуанышы -менің қуанышым.

Осылай біз барлығымыз бірге білім жолында келе жатырмыз, олар «жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп» айналадағы қоршаған ортаны танып білуде, ал мен олардың барлық жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуіне қызмет етуден жалықпаймын.

Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиеленушілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттеерін дамыту қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын.

«Адамның адамшылдығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»деген Абай сөзін өмірлік қағида еткен әрбір тәрбиеші, ұстаз құрметті.

Авторы
Манапова Гульнара Айнидиновна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 14 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениет негізі

Аннотация Мақалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында мектепке дейінгіұйым тәрбиеленушілерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Балалардың табиғатқа жанашырлықпен…

Омарбекова Гульжана Калиевна 7 мин 31 оқылым
Балабақша

Ойынға өрілген ұлттық мұра: мектепке дейінгі балаларға арналған авторлық ойындар.

Аңдатпа Мақалада ұлттық мәдениет мазмұнын мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәжірибесіне енгізуге арналған авторлық дидактикалық ойын нұсқалары ұсынылады. Ою-өрнек, қонақжайлық және киіз үй тақырыптары баланың…

Балтабаева Марфуға Рахматуллаевна 8 мин