Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

менің елім үшін идеяларым

Шамшат Бекарыс
3 мин оқу 43 оқылым

Менің елім үшін идеяларым.

Әрбір адамның идеясы - бұл оның түпкі ойы,  дүниетанымының негізінде жатқан анықтаушы түсінігі. Ойы кең, көзі ашық адамның идеясы болады. Ол идеяның іске асуы тіпті оның өмірлік мақсаты болуы әбден мүмкін. Адам баласын басқа жаратылыстан ерекше ететіні – ойлау қабілеті. Ал ой дан идея туындайды. Тура солай ел басқаруда да, саясатқа жақын адамның ұстанымдары мен мақсаты болуы шарт. Халық сүйген —Суға батпас, отқа күймес. Халық болса, лидерді оның тек идеяларына қарап дәріптейді. Онсыз ол тұлға билік тізгінің ұстай алмай түгілі, тіпті қасына сыбайластарды да жинай алмайды. Біз әрқайсымыз қоғамға пайда әкелу мүмкіндігіне иеміз, оған қабілеттеріміз бар деп санаймын. Менің идеяларым тек армандар немесе қиялдар емес, бұл менің еліме және отандастарыма пайда әкелетін жоспарлар мен алдыма қойған мақсаттарым.

Менің идеяларымда мен әділетті және тең құқықты қоғам құруға ұмтыла отырып, қоғамның барлық салаларының мүдделерін ескеруге тырысамын. Бірлескен күш-жігермен ғана біз еліміздің табысы мен өркендеуіне қол жеткізе аламыз деп сенемін. Айтуға оңай болғанмен бұл идея тек мені емес мыңдаған, миллиондаған отандастарымызға ортақ болып қалыптасқан мақсат. Еліміздің әрбір саласындағы әділетсіздіктің бар екеніне көз жеткізген халық, мемлекет басшылығынан дереу жұмыстың жүргізілуін сұрайды.  Байлықтың не керегі, қайыры болмаса, биліктің не керегі, әділдігі болмаса. Әділеттілік орнату үшін алдынғы шарт ол корупцияны түбегейлі жою. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: сыбайлас жемқорлық теңсіздікті тудырады және әділетті қоғамның дамуына кедергі келтіреді, сондықтан бұл құбылыспен барлық деңгейде күресу маңызды. Осы тұста күрделі үрдіске шалығамыз. Парақорлық өкінішке орай көпшілікке тән қасиетке айналған. Еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен таралған бұл қасірет экономикамызға ауқымды зардабын тигізуде.

  • Тең құқықты мемлекет құру үшін біршама жұмыс жасалу керек. Әділ және тең қоғам құруға көмектесетін бірнеше негізгі принциптер мен әдістер бар. Заңдар мен адам құқықтарының сақталуы: барлық азаматтардың тең мүмкіндіктерге ие болуы және кемсітушіліктен қорғалуы үшін заңдар мен адам құқықтарының жалпыға бірдей сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Әрбір белсенді қоғам мүшесінің ұсынысы онлайн петиция ретінде билік басына жетіп отыруы, барлық топтар мен әлеуметтік топтардың шешім қабылдауға қатысуына жағдай жасайды. Экономиканы және әлеуметтік топтарды қорғауды күшейту: әлеуметтік теңсіздіктерді азайту үшін халықтың барлық топтарының материалдық дамуы мен әлеуметтік қорғалуына жағдай жасау қажет. Осыған орай заңдар мен адам құқықтарының сақталуы: барлық азаматтардың тең мүмкіндіктерге ие болуы және кемсітушіліктен қорғалуы үшін заңдар мен адам құқықтарының жалпыға бірдей сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Қазақстан республикасы зайырлы құқықтық мемлекет болған соң демократия мен азаматтық қатысуды дамыту: азаматтық қоғам және азаматтардың шешім қабылдауына атсалысу. Оқу - білім бұлағы,
    білім - өмір шырағы. Білім тең қоғамды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады, жоғарыда айтылған әрбір пунктті жүзеге асыру үшін білімді жастардың маман атануы керек. Әділ және тең құқықты қоғам құру қоғамның және мемлекеттің барлық мүшелерінің тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және барлық азаматтардың құқықтарын қорғау үшін күш-жігерін талап етеді.

    Ойды қорытындылай келе, менің идеяларым – елім мен оның халқы алдындағы жауапкершілігім. Мен, елімізді жақсарту және оны болашаққа дайындау үшін барынша ресурстарымды жұмсауға дайынмын. Біз бірге ғана өз елімізді гүлденген, әділ және тұрақты мемлекет ете алатынымызға сенімдімін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Шамшат Бекарыс

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

21 ғасырдағы Журналистика және оның әлеуметтік маңызы

21 ғасырдағы журналистика жыл сайын,заман талабына сай көптеген өзгерістерге тап болып отыратын сала. Оның басты қоғамға деген атқаратын қызметі; адамдардыкүнделікті ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру болып табылады.…

Шамшат Бекарыс 3 мин 42 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым