Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

21 ғасырдағы Журналистика және оның әлеуметтік маңызы

Шамшат Бекарыс
3 мин оқу 42 оқылым

Шамшат Бекарыс
21 ғасырдағы журналистика жыл сайын,заман талабына сай көптеген өзгерістерге тап болып отыратын сала. Оның басты қоғамға деген атқаратын қызметі; адамдардыкүнделікті ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру болып табылады. Дәстүрлі журналистика бастауын 17 ғасырда алған соң, бастапқыда бұқаралық ақпарат құралдары сияқты түсінік тіпті болмады. Демек жаңалықтардың бәрі қаламмен қағазға түсіріліп, халық арасында таралып отырды. Медиадағы ақпаратты жеткізу, технологияның дамуына қарай өзгешеленіп отыратыны бізге белгілі.Қазақстанның бүгінгі жаңалықтары онлайн порталдарда сағат сайын жарық көріп отырады. Адамдарға қазір ақпаратты мобильдік смартфондардан лезде бақылап, танысу қолжетімді. Әлеуметтік медианың пайда болуымен журналистиканың рөлі ерекше өзекті бола бастады. Бүгінгі таңда журналистер ақпараттың тез таралуына және оның бұқаралық аудиторияға қол жетімділігіне жауапты. Алайда, барлық өзгерістерге қарамастан, журналистиканың әлеуметтік маңызы әрдайым жоғары болып қала береді.
Дамыған қоғамда адамдар жаңалықтарды ауадай қажет етеді, бұл саланың өзектілігін арттырып, бәсекелестік тудырады. Қалтқысыз халқыңа қызмет етіп, қаламымен із қалдырып отыратын бұл саланың мамандарына қойылатын талаптар ауықымды. Қазіргі журналистер ақпарат ағындарындағы, жалған жаңалықтарға және ақпаратты манипуляциялауға байланысты көптеген қиындықтарға тап болады. Сондықтан журналистердің қоғамдағы рөлі маңызды бола түсуде. Олардан тек ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар ақпараттың дұрыстығын тексеріп, манипуляцияны әшкерелейтін талдаушылар болуы талап етіледі. Журналистер қоғамдық пікірді қалыптастыруда және маңызды шешімдер қабылдауда шешуші рөл атқаратын естен шығармауымыз қажет. Осы орайда саржағал баспасөзге айналып, бұқаралық ақпарат көздеріне сараптамадан өтпеген, жалған ақпаратты тарататың маман болмау керек. Міне осы талапқа көздерін жұматын мамандардың кесірінен халық арасында тексерілмеген фактілерге құмаршылық оянады.
 Дегенмен, бұл мәселенің де туындау көзі бар екенін естен шығармаған әбден абзал. 21 ғасырдағы журналистика жалған жаңалықтар, цензура және билік тарапынан қысым сияқты қиындықтарға тап болды. Міне сондықтан да ақпараттың шамадан тыс жүктелуі мен бәсекелестік жағдайында журналистер кейде сенсационализмге және аудиторияның назарын аудару үшін фактілерді бұрмалауға бейім. Мұндай тәжірибелер қоғамның журналист мамандығына деген сеніміне нұқсан келтіреді және демократия мен сөз бостандығына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан журналистиканың қоғам алдында тәуелсіз, объективті және жауапты болып қалуы маңызды.
Журналистиканың әлеуметтік маңызына тоқталсақ, ол - мемлекеттік органдар мен жеке компаниялар қызметінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Демек таплынатын журналистердің тергеуінің арқасында көптеген жемқорлар мен қылмыскерлер әділеттілікке тап болады. Журналистер қоғамға олардың құқықтары мен бостандықтарын еске түсіре отырып, демократия мен адам құқықтарының қорғаушысы ретінде әрекет ететін абыройлы мамандар. Саланың тағы да бір әлеуметтік маңызы- адамдардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастыруда да көрінеді. Сапалы журналистиканың көмегімен ақпарат алушылардың дүниетанымы мен сеніміне әсер ете отырып, қоғамның білім және мәдениетінің деңгейін арттыруға болады. Журналистер әртүрлі әлеуметтік-мәдени топтардың интеграциясына, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті мәселелері мен сын-қатерлері туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға тікелей ықпал етеді. Заманның өзгеруіне байланысты көпшілікте дәстүрлі журналистика өзектілігінің төмендеуі жайында ой қалыптаса бастаған. Не дегенмен әрбір саласының кем тұстары да артықшылықтарымен қос жүретіні айқын.
Тақырыпқа қайта оралатын болсақ, 21 ғасырда журналистиканың сапасы мен этикасын жақсарту үшін журналистердің кәсіби білімі мен жан-жақтылығын жетілдіру қажет. Халықтың медиа сауаттылығын дамыту да осы саланың мамандарына табысталатын жұмыс деп есептеу керек.Сондай-ақ тәуелсіз журналистиканы қолдау және журналистерге кәсіби қызметін еркін орындауға мүмкіндік беру бұл саланың жаңғырып дамуына әкеледі. Саланың жаңғыруымен, негізделген шешімдер қабылдауға дайын, дамуға қабілетті ақпараттандырылған қоғамға жағдай жасауға болады. Тек осылай ғана 21 ғасырда журналистиканың әлеуметтік маңыздылығын қамтамасыз етіп, оған жаңа тыныс ашуға болады.
Сөзімді қорытындылай келе, 21 ғасырдағы журналистика ақпараттық кеңістіктегімаңызды және ықпалды құралдардың бірі болып қала береді. Оның әлеуметтік маңыздылығы сөзсіз, өйткені ол қоғамдық пікірді қалыптастыруға, мемлекет пен бизнестің қызметінде ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың мәдени деңгейі мен дүниетанымын арттыруға ықпал етеді. Қазіргі журналистер жаңа міндеттер мен қиындықтарға тап болады, бірақ олардың қоғамдағы рөлі баға жетпес болып қала береді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Шамшат Бекарыс

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

менің елім үшін идеяларым

Мәтінде әділетті әрі тең құқықты қоғам құру, сыбайлас жемқорлықпен күресу және азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы туралы ой қозғалады.

Шамшат Бекарыс 3 мин 43 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым