Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Менің арман мақсатым!

Орындаған:Тасқалиева Әсем 101-3топ
2 мин оқу 98 оқылым

Көңілімде «Арман, арман, арман, арман-ай ...»  деген ән жолдары сайрап жатыр. Арман деген шексіз ғой. «Арманы жоқ адам, қанаты жоқ құс» дейтін бе еді? Адамның арманы бұл дүниеден өткенше бітпегені дұрыс екен. Нені армандайтынын білмейтін адамдар тоқырауға ұшырайтын көрінеді. Сондықтан армандауды еш доғармау керек. Ал мен нені армандаймын? Өмірлік мақсатым не?

​Сансыз сұраққа жауап іздеп, кейде аласұрамын. Десе де, арманым асқақ, мақсатым айқын. Орыстың данышпаны Лев Толстойдың немересімен әңгімесінен кейін арман-мақсаттың жеке басқа емес, адамзатқа арналғаны дұрыс екенін аңғардым. Өскенде кім болғанын қалайтынын сұраған қарт Толстойға немересі атасына ұқсағысы келетін айтыпты. Сонда Толстой: «Онда сенен ештеңе шықпайды, алысқа шаппайсың. Сендей кезімде Құдай болуды армандағанмын», - деген екен. Маған осы сөз қатты әсер етті. Толстой секілді «құдай болуды» армандамасам да, туған жеріме, қазақ халқына пайдалы қызмет жасасам деймін.

​Біріншіден, армандарымның ең асылы – Әл-Фараби айтқандай, мемлекетіміздің «Қайырымды мемлекетке» айналуы. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы ізгілік істер жасауға атсалысып,жалпыадамзаттық құндылықтарды ұмытпай,бірлесіп өмір сүруі керек. Мен де осы үшін жан-тәніммен елім үшін қызмет етуге даярмын.

​Екіншіден, халқымыздың ата-бабамыздан келе жатқан тирихи тізбегі қайта жалғанса деймін. Кешегі Кеңес заманында 70 жыл бойы жоғалтқан асыл мұрамызды, ұлттық құндылықтармызды қайта жаңғыртып, отаншыл азамат тәрбиелеуде қолдансақ екен. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Әлкей Марғұландар ішкі әлемі бай, көкірегі құндылыққа толы ұрпақ тәрбиелесек, біз солардың жаршысы болсақ екен. Халыққа сондай игі істерді насихаттасам деймін.

​Үшіншіден, мамандығыма қатысты өз білімімді жетілдіріп, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізуші мықты журналист болғым келеді. Халықтың сүйікті журналистері - Бейсен Құранбек, Гүлмира Әбіқай секілді елдің қамын ойлар, халық пен үкіметті жақындастыратын тілші болуды армандаймын.

​Қорыта айтқанда, өмірлік мақсатым – халықтың жанашыры, халық үнін үкіметке жеткізетін, билік пен қарапайым тұрғындардың арасында алтын көпір болу. Ал арман деген көп. Сол армандарымның барлығын нақты мақсатқа айналдырып, сол жолда тынбай еңбек ету басты қағидам.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Орындаған:Тасқалиева Әсем 101-3топ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым