Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен жастарға сенемін

Aiken Turganbek
2 мин оқу 31 оқылым

Aiken Turganbek

Ғабит МҮСІРЕПОВ:

«Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады.

Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»- дер едім. Жастарға тоғышарлық,

бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады».

Әбунасыр әл-Фарабидің: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін» деген пікірінің өмірмен байланысы қандай?

Жер бетіндегі әрбір елдің болашағы сол елде тәрбиеленіп жатқан жастардың әлеуетіне байланысты болатындығы әлдеқашан дәлелденген ақиқат. Бұл жайындағы талай тәмсілдер мен мысалдарды көптеп келтіруге болады. әл-Фараби бабамыздың осы пікірі мектеп қабырғасынан қанат қаққалы отырған бізге де үлкен міндеттер жүктейді.

Атақты қытай ойшылы Конфуцийдің мына сөзі барша ұлттың барша адамына арналған деп білемін: «Аспан астының көркеюі мен күйреуіне әрбір азамат жауапты». Яғни күнде құбылған әлемдік өзгеріспен саналы түрде өзгеріп, үлес қосу – ынталы жанның соқпағы болмақ. Ал менің қосар үлесім қандай болмақ? Сол жайында ой толғасам деймін.

Біріншіден, елімнің жарқын болашағына менің таңдаған мамандығымның септігі тиюі керек. Мен таңдаған мамандық – дипломат, яғни елші болу. Жаһандану дәуірінде томаға-тұйық ешкім де өмір сүре алмайды. «Елдестірмек елшіден» — демекші, елші өнер-білімі озық жұрттардың жақсысынан үйрену, жаманынан жирену жолында өз пайдасын келтіре алады. Басқанікін таңсық, өзіңде бардың бәрін қаңсық көруге әсте болмайды. Менің мақсатым – елімнің жақсысын асыру, адамзат өркениетіне зор үлес қосқан жұртымның асқақ бейнесін паш ету.

Екіншіден, бүгінгі талапты жастарға керекті бір қасиет – бірнеше тіл білу. Мен қазір төрт тілді меңгеріп отырмын. «Қанша тіл білсең, сонша рет адамсың» деген тәмсілді адамзат баласы әлдеқашан айтқан. Ал ХХІ ғасырда көп тіл білген ұтады, себебі өзгемен тең дәрежеде қатынас жасау үшін сол елдің тілін білу абыройыңды арттырады.

Үшіншіден, бүгінгі жастар қай салада болмасын, ғылым мен технологияның озығын меңгеруі керек. Себебі, дамыған жұрттар Марсқа табан тигізуге ұмтылып жатқанда, қазақ баласына қалыс қалу жараспайды. Әлемге Сәтбаев, Әуезов сынды ғұламаларды берген жұрттан бүгінгі күннің өз тұлғалары да шығары сөзсіз.

Бүгінгі қазақ жастары ғылым мен өнерде ешқандай жұрттың жастарынан кем емес деп айтар едім. «Жүз жаңа есім» жобасымен қаншама жастар өз бейнесі мен шығармашылығын танытуда. Ал өнерде Димаш Құдайбергеновтің әлемді аузына қаратуы бәрімізге мақтаныш сыйлап отыр. Сондықтан қазақ елінің жарқын болашағын жасайтын жастардың қатары үзілмейді деп сенімді түрде айта аламын.

Қорыта келгенде, өзгерген дүниенің сырын ұғып, өзіңді жетілдіре беру дүниедегі орныңды айқындайды деген қорытындыға келдім. Сонда ғана Әл-Фараби бабамыз айтқан үдеден шығамыз деп ойлаймын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Aiken Turganbek

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жаңалықтар

Жасыл экономика және оның Қазақстандағы дамуы

Жасыл экономиканың негізгі артықшылықтары мен Қазақстанда оны дамытуға түрткі болған факторлар, стратегиялар және бастамалар сипатталады.

Aiken Turganbek 3 мин 66 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстандағы инфляция деңгейі

Материалда Қазақстандағы инфляцияның негізгі себептері мен халыққа және ел экономикасына әсері қарастырылады.

Aiken Turganbek 3 мин 75 оқылым
Жалпы рубрика

Өнер алды қызыл тіл

«Ғалымның аты, жақсының хаты өлмейді», деп ата- бабаларымыз текке айтып кетпеген. Осындай сөз қалдырған дана халық, дана нақыл сөздердің, шешендік ойлы сөздердің ешқашан қадірі кетпейтін қазына екенін айтып кеткен. Сан…

Aiken Turganbek 1 мин 28 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым