Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Мен жаңашыл тәрбиешімін"

Кафура Дүйімбаева
2 мин оқу 244 оқылым

Мен жаңашыл тәрбиешімін.

“Бала деген – балқыған қорғасын” дейді ұлтымыздың ұлы ұстазы Абай. Қандай қалыпқа құйсаң, сондай болып шығады дегені болар данышпанның. Иә,менің әңгімем әр отбасына бақыт сыйлаған бала туралы болмақ. Мен бұл салаға қалай келдім? Деген сұраққа, былай дер едім. Әр кімнің бір сілкініп шығып еңбек етуі керек екені мәлім. Адам баласы мамандық таңдауда қателеспеу керек.Ұнатқан мамандықтың иесі болу -адам өмірінің болашағы. Міне менде осы мамандықты қалап тәрбиеші болдым.
Балабақша – білім мен ортаға биімделудің тірегі болса, ал мен сол балабақшаның тәрбиешісімін. Тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Менің мамандығымның қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан бүлдіршінмен жұмыс істеу. Ұлы Абай атамыз айтқандай "Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл -парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға , еңбекке баулы" деген екен. Мен бұл сөзді былай деп тұжырымдадым.
- Мейір -шапағат дегені әр балаға туған анасындай жылулық сезім сыйлай алу.
-Ақыл -парасат дегені өз ортасыда өзіндік ой-пікірі бар тұлға тәрбиелей алу.
-Ғылымға , еңбекке баулы дегені білім мен біліктілігіңді, шеберлігіңді аямай періштелерді болашақ өмірге қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеу.
Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.
Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін.
Әрбір әрекеттерім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болу үшін, өткізетін оқу қызметімді жаңа технологиялармен байланыстырып, өз топбымды әртүрлі шығармашылық бұрыштармен жасақтадым.
Алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды.

Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл - күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Осндай нәтижелер арқасында балалар қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен , танысады. Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді, сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын ұстанады.
Мен қазіргі заман педагогі ретінде түйгенім балаларды тәрбиелеуде, білім беруде аянбай еңбек етіп, балалардың болашағынан көп үміт күтуге болатынына көзім жетті. Ендеше мен әрдайым балаларыммен бірге болып, оларды жетелеуді мақсат етіп қоямын. Білім мен тәрбие беру ісінде әр жұмысымды маңызды етіп өткізуге тырысамын.
Тағы да Абай атамыздың мына бір керемет сөзі ойыма оралып тұрғаны "Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат"
Осы үш қасиеті бар тәрбиеші қоршаған ортасының жаны, жүрегі болатынына сенемін және өз басым жылы жүрегімді , ыстық қайратымды, нұрлы ақылымды еліме, елім маған табыстап отырған тәрбиеленушілеріме арнаймын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Кафура Дүйімбаева

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 418 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым