Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
1 мин оқу 213 оқылым

Адамның өміріндегі ең қымбат құндылық ол - денсаулық деп ойлаймын. Қазіргі таңда сол денсаулыққа кері әсер беретін зиянды әрекеттер көбеюде. Атап айтатын болсам: ішімдік ішу, шылым шегу, нашақорлық. Мен үшін нашақорлықтан асқан зиянды әрекет болмас дер едім. Нақтырақ айта кетсем нашақорлық - ол адам ағзасын өте тез уландыратын, аса қауіпті психикалық дерт. Оны көбіне қоғамда жастар қолданады. Әрине, олар басында еріккеннен, ермек үшін есірткі, гашиш шеге бастайды екен. Алғашында адамды біршама уақытқа дейін көңілдендіреді. Бірақта кейіннен миды зеңгітіп, психикаға әсер ете бастайды. Есірткіні адам бір қолданса ары қарай тәуелді болады. Бір қабылдап көрсем деп тұтынса, келесі күні ағза іздей бастайды. Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы қабылдамаса болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді,денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеті ашылмайды. Сырқат адам ашушаң болып, ызақорлық көрсетеді. Психапаттың көріністер, өзін-өзі жарақаттау, тіпті кейде өзіне қолданып жүрген емдеу тәсілдеріне қарсы мінез көрсетеді. Ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі. Адамның ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады. Содан соң оны ұйқы басады. Нашақордың есіл-дерті қайдан да болса да, есірткі заттарды тауып ішуде болады. Ең қатерлісі - нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын тонаудан да тайынбайды. Мейілінше зиянды әрекеттерден аулақ болу қажет. Дені сау адам бақытты өмір кешеді деп ойлаймын. Ал зиянды әрекет сол өмірді қысқартады. Сіз салауатты өмір сүресіз немесе нашаның құрбаны боласыз. Таңдау өз еркіңізде!

#УПНДПКЗО

Дилназ Уалиева,

№59 орта мектебінің   9 "А" сынып оқушысы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылы

Авторы
Дилназ Уалиева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Биология

Digitalis Lanata фитопрепаратының гамма-сәулеленуімен радиацияланған жануарлардың иммунологиялық реактивтілігіне әсері.

Рамазан Дүйсенбекұлы Ибрагим 2 курс магистранты. Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан) Иондаушы сәулеленудің әсерінен кейін иммундық жүйені сақтау және қалпына келтіру радиобиология мен…

Ибрагим Рамазан Дүйсенбекұлы 12 мин 26 оқылым
Биология

Жедел стресс кезіндегі вегетативті жүйке жүйесінің жағдайы және биохимиялық процестер.

Зерттеу Пәкістаннан Семейге келген студенттердегі жіті бейімделу стрессін және бастапқы вегетативтік тонустың биохимиялық өзгерістерге ықпалын талдайды.

Кназбаева Айжан 13 мин
Биология

Биология және химия сабақтарында зертханалық жұмыстарды «Pasco» датчиктері арқылы тиімді ұйымдастыру жолдары.

“Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы №20 ЖББМ” КММ-нің биология және химия пәндерінің мұғалімі Аннотация Мақалада жалпы орта білім беретін мектептерде биология және химия пәндеріндегі зертханалық…

Муканова Айгуль Асериятовна 4 мин 192 оқылым