Мазмұнға өту

Мен өз мамандығыммен мақтанамын

Мәдениет Нұрсая Матайқызы 2 мин оқу 729 оқылым

Мәдениет Нұрсая Матайқызы

Мен Мәдениет Нұрсая Матайқызы 1996 жылы қаңтар айының төрті күні  дүниеге келдім. Менің әкем де, анам да көп балалы отбасынан шыққан. Мен де төрт ағайындымын. Мен бала бақшаға барған емеспін. Бірақ  Біздің жанұяда әжеміз, апа-ағаларымыз бірімізді біріміздің тәрбиемізге көп ықпал етті. Үйде еркін ойнап өстік. Мұғалім, сатушы, т.сс рөлдерде ойын ойнадық.  Осыныңішіндееңқызықты мұғалім болу болатын.

Ұстаз- керемет ұғым. Бала жанына дән себуші, әріпті үйретіп бойымызға дарытушы. Бала жанын түсіне білу, қабілетін аша білу , өмірге жетелеп әр баланы тани білу ол да бір ұстаздық міндет іспетті.   Шыдамдылықпен әр балаға көңіл бөліп, жақсы қасиеттерін бағалап отыратын.  Бала көңіл осындай мұғалімдерге қарап мен де өскенде «мұғалім» болам деп армандаушы едім.

Менің қазіргі мамандығым- Тәрбиеші!

Тәрбиеші- саф таза бала жанын түсіне білу, ортаға бейімдеу, әр баланы өмірге жетелеу, жақсы көру, еркелігін көтере білу, жақсы жағына тәрбиелеу, ұстамдылыққа, ептілікке, биік мақсаттарға тәрбиелеу жолында талмай еңбек етуші жан. Осындай мақсатпен , сеніммен мен тәрбиеші мамандығын алып шықтым.

Мақсатым- Еліміздің болашақ жастарын сүйіспеншілікке, мейірімділікке, білім нәрімен сусындату жолында талмай еңбек ету. Біздің әр сөзіміз, әр ісіміз оларға үлгі боларлықтай, болашақ қазақ елінің ұрпақтарына сара жол қалдыратындай еңбек ету. Мемлекетіміздің саналы ұрпақ қалыптасатындай тәрбие беру.

Қазіргі таңда №36 мектепке дейінгі ұйым «Айгөлек» тобында тәрбиеші болып қызмет етемін. Жас маманмын. Білгенімменбөлісіп, білмегенімдіүйренудемін.Ізденіс жолындамын. Жоғарға санатты тәрбиешілерден тәлім алып мамандығымды шындаудамын. Мақсатыма жету жолында еңбек етудемін.

Күнде таңертен балаларды қарсы алып, оларды жағымды үндерін, тәтті сөздерін «Сәлеметсіз бе?», деген сөздерін естігенде бойымды қуаныш кернейді.  Балалармен болған әр уақытым мені алға жетелейді. Олардың әр

қайсысы ерекше бір әлем! Олардың менен күтетіндері көп екенін сеземін. Сол  үшінде білімімді шыңдап, бұл мамандықтың қыр сырын аша білуім керек. Өзіме деген сенімділікті арттырып, балалардың бойына сенім ұялатқым келді.

Педагогикалық- шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң уйрету, екенін негізге аламын. Балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, саналы тәрбие беріп, сапалы білім беру. Өзімді балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін.

Тәрбие- отбасынан  басталады. Сондықтандақашандатәрбиеленушініңатаанасымен  жеке танысыпүнеміжақынқарым қатынаста болуды өзіме міндет етемін. Әр балаға сүйіспеншілік пен мейірім керек, әр балаға көңіл бөлу керек. Сондықтан да әрбаланыңжанынтүсініп, кішкентайболсадажетістігінеқуанып, мақтапмадақтап , мерейінөсіріпотырукерек. Сонда ғана мен жақсыжетістіккеқолжеткізетінімесенемін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Мәдениет Нұрсая Матайқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин