Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен - логопед маманымын!

Автор

Танкеева Гулим Ерболовна
3 мин оқу 71 оқылым

Танкеева Гулим Ерболовна

Мен - логопед маманымын!

Логопед  мамандығын таңдап  еңбек еткеніме  көп уақыт өткен жоқ. Соның ішінде жас ерекшеліктері  аралас сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс атқарудамын. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, әр баланың бойынан жақсылық тауып, тілін дамыту ,бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

Неге бұл мамандықты таңдадым? Мүмкін  анам және үлкен әпкем мен ағаларым  ұстаз болғандықтан шығар?Бала кезімнен  ұстаздық тәрбие көргендігімнен болар? Осы кезге дейін  көрген білгенім  мен  ойға түйгенім  мамандығымның  ерекшелігі.

Логопед  маман-тіл ақауы бар және сөйлеу тілінде бұзылуы бар балаларды тәрбиелеу, оларға өзіне деген  сенімділік сезімін тәрбиелеу.

Бұл балалар басқа балалар сияқты емін еркін жүре алмайды. Көбінесе тұйық, ұялшақ,сенімсіз,көмекті қажет ететің балалар.Менің мамандығымның ерекшелігі, балаларға көмек бергенде тек стандартқа байланысты жұмыс емес,сонымен қатар әр баланың ерекшелігіне байланысты және көмекті қажет ететің балаларға өзіндік кілт табу.

Балаларда тіл кемістіктің пайда болуы. Біздің әлеуметтік өмірде ата- аналарымыз қателіктері деуге болады. Ата аналар өздері де оны байқамайды. Үй тіршілігінде бала мазасын алса, ата ана көбінде планшет, ұялы телефон немесе интернетегі жасқа сай емес  мультфильмрді  қосып беріп,  уақыт шектеуліктерін қоймайды. Әрине заманауи заттарды пайдаланған дұрыс, бірақ баланың тілінің  дұрыс дамымауына әсерін тигізеді.

Менің ойымша бұл кемістіктерді жоюға болады. Тек оны логопед маманы ғана емес, сондай-ақ, ата ана мен бірге бірлесіп жасалған жұмыс, нәтижесің береді деп ойлаймың.

Шешу жолдарын айтатың болсақ: Жаңа технологияны  алатың болсақ. Ол әрине интерактивтік тақта, магнитафон арқылы жұмыс,микрафонмен қайтталау сияқты т.б . Осы аталған заттарды пайдалана отырып мен жеке  жұмыс дыбыстық ойын түрлерін,  сурет бойынша әңгімелеу ,ұсақ моторика ойындары,жаттамақтар, таппақтар  өте тиімді деп санаймың.

Бұл міндетті орындау үшін,баланың ұйымдастырылған

оқу  қызметіне  қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу мен оқытудың көптеген жаңа әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын.

Қазақ тілінің мемлекеттік статус алуына байланысты Қазақстан Республикасының білім беру саласында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылды. Соның бірі -әр түрлі тіл кемістігі бар балалардың ана тілінде оқыту мәселелері. Қазіргі кезеңде тілінде кемістігі бар балаларды мектеп жасына дейінгі арнайы  балабақшамызда, топтарда тәрбиелеу оқыту жұмыстары қолға алынған.Балаларды   тәрбиелеу және оқытудағы жұмыстар олардың жалпы сөйлеу мүмкүндіктері ескеріле отырып, жалпы балабақшалардың бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Мысалы :бағдарламада «Дыбыстардың айтылуы қалыптастыру», «Фонетикалық есту қабілетін жетілдіру», «Сауат ашу» ,«Байланыстырып сөйлеу»  сияқты жаңа бөлімдері.

  ЛОГОПЕД  деген    сөздің әр әріпінің мен үшін өзіндік  мағынасы бар:

Л–Любовь-Махаббат    Балаларға деген махаббат. Балаларға  деген махаббатсыз  жұмыстың нәтижесі болмайды.

О- Ответственность – Жауапкершілік. Баланың болашағы біздің қолымызда.

Г-Гордость- Мамандыққа деген мақтаныш. Балалармен бірге жүргізілген жұмысымның қортыңдысын   көргенде , мен үшін және бала үшін жеңіс.

О-Образованность -Білімділік . Балаға білім беру үшін ұстаз өзінің білімін жетілдіру тиіс.

П-Положительные эмоции  -Жағымды әсер . Күнделікті баламен қарым-қатынас ұстазға да балаға да жағымды әсер.

Е-Единство- Бірлік. Логопед пен Ата-ана  қарым- қатынасы . Көп жағдайда ата- аналар баласының даму заңдылығын түсінбейді және  мәселенің шешу жолдарынын білмегендігі. Логопед пен Ата-ананың  тығыз қарым- қатынасымен ғана нәтижесі болады.

Д-Достижение- Жетістікке жету. Баланың таза  ,дұрыс сөйлеуі-ол атқарылған жұмысымның нәтижесі деп есептеймін. Ол баланың өз ойын дұрыс айту, сюжетті суреттерді өз бетімен әңгімелеу. Оқылған ертегілерді жас шамасына сай қайталап беру.

Әр баламен жасаған жұмысымның нәтижесін көргенде,мен өз  мақсатыма жетім деп санаймын, және  таңдаған мамандығымды  мақтан тұтамын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Танкеева Гулим Ерболовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Логопедия

Баланың тілін дамыту

Баяндамада баланың сөздік қорын молайту, ойын еркін жеткізу, дұрыс сөйлеу және ертегі, әңгіме құрастыру дағдыларын дамыту жолдары қарастырылады.

Танкеева Гулим Ерболовна 146 оқылым 6 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин