Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мемлекеттік тіл-мәңгілік елдің қазынасы

Жанна
2 мин оқу 38 оқылым

Мемлекеттік тіл-мәңгілік елдің қазынасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді.Алайда , сонымен қатар орыс тілі де ресми түрде қолданылады.Мемлекеттің дамуы мен , басқа елдерден ерекшеленуі ана тілінде сөйлеуі, құрметтеуі деп білемін.

Ана тілінсіз халық болмайды.Тілінен айырылған ұлт тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт.Осыдан-ақ ана тіліміз ұмытылса, біздің халқымыз үшін барлығы түп-тамырымен жойылатынын білеміз.Мен үшін де ең өзекті тақырып осы-ана тіліміз болды.Шырылдап дүниеге келгенімнен бойыма дарыған ана тілі. Ана тілі- сөзбен жеткізе алмастай асыл құндылық.Осы асыл құндылықтың қадір-қасиетін әрбір азамат білсе екен деймін.Ана тілінде сөйлеп, тілді құрметтесе екен деймін.Мен қазақпын деп сөйлеген әрбір азамат- қазақ екенінің ең алғашқы дәлелі- түрі , киімі емес , таза қазақ тілінде сөйлеуі.Қазіргі таңда ана тіліміздің қадір- қасиетін бірі ұғынса, бірі білмес.Бір сөзінде орысша қосып, ана тілін шала араластырып сөйлейді.Өз мемлекетінің азаматы(азаматшасы) болғасын қазақ бауырыңмен, ата -анаңмен , достарыңмен ана тілінде сөйлеспесең , тілге деген құрметтің қандай екені анық белгілі.Осы тілге деген құрметтің төмендеуіне бірқатар себептер бар.Елімізде орыс тілінің белең алуы.Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан , көптеген орыс ұлты да осы елімізде өмір сүруде.Және тілге тиек ететін жағдайлардың бірі- алдыңғы жастар мен үлкендердің тілге деген құрметі. Иә, алдыңғы көш қалай жүрсе, кейінгі буын солай жүрері анық.Өз тілімізді өзіміз қадірлемесек, кім қадірлейді?!     Мен қазақша білмеймін деп те сөйлейтін қазақты көрдік.Жоғары биліктегі ана тілін ұмытқан саясаткерлерді де көрдік.Қазақ отбасында дүниеге келген жасөспірімнің зуылдап орысша ғана сөйлей алатынын , көптеген жастардың өз мемлекетінде жүре тұра орысша сөйлегенін де көрдік.Бауыржан Момышұлы атамыз а " Мен екі қазақтың бір- бірімен орысша сөйлесуінен қорқамын" - деп, әуел бастан  асыл тілімізге алаңдаушылығын білдірген.Осыдан кейін ана тіліміздің жағдайы мен құндылығына қарап алаңдайсың.

" Жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңді құрметте!" дегендей көп тіл білу қазіргі ғасырда үлкен жетістік.Бірақ, ана тілімізде сөйлеу, қадірлеу , оның мәртебесін көтеру одан да үлкен жетістік .Ертеңгі ұрпақтың ана тілін ұмытып, басқа тілде сайрап жүргені - мәңгілік ел болуға үлкен тосқауыл.Қазіргі жастар  , үлкендер тілді қалай құрметтеп , ана тілінде сөйлесе, кейінгі ұрпақ сол жолмен жүретін хақ.Ата- бабамыз ежелден сақтан келген ана тілімізде сөйлеу- біздің парызымыз.Еліміздің мәңгі жасауы- аса құнды ана тіліміздің сақталуы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жанна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Бастауыш сынып

Адами құндылықтар

Адами құндылықтар» ортақ тақырыбындағы сабақта оқушылар «Ақдауыл хан» шығармасының оқиға желісін анықтап, мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрады.

жанна 6 мин 629 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым