Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Мектепке жол" - болашаққа жол

Карибекова Акбупе Жамаубаевна
2 мин оқу 20 оқылым

Қазіргі жаһанданған жаңа заманда дамыған мемлекеттердің арасынан ойып орын алуға Қазақстанның кең -байтақ жері мен мол байлығының ғана көмегі аз екені баршамызға мәлім. Бұл жолда ерекше қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-технологиялық білімнің көз ілеспес жылдамдығына ілесетін білімді ұрпақтың болуы маңызды. Мұны әр бір болашақтан үміті бар, өз елінің өсіп өркендеуін қалайтын азамат түсінеді деп ойлаймын. Рас, осындай қарқынды дамудың көшіне ілесе алмай, тұрмыстың төмендігіне сілтеп, тұралап отырғанымыз да белгілі. Мұндайда маңыздысы қолдың қысқалығына қарамай, тап болған өмірдің қиын жағдайларына қарамай білім алуға ұмтылуды санаға сіңіру керек. Осы орайда, мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев жылда өткізіліп, дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясын республикалық деңгейде, әр бір елім деп соққан жүрегі бар азаматтарға бағыттап, «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен жүргізілуін қажет деп тапты. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Науқанға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады. Балалардың жаңа оқу жылына дайындығына кез келген адам көмектесе алады. Осылайша, әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын алуға баршамыз ат салысамыз.

Біздің №109 мектебімізде №64 қаулының өзгерістер енгізілген №949 бұйрығына сәйкес санаттарға жататын отбасы балаларына жалпыға білім беру қорынан мектеп формасына арнайы қаржылай көмек берілді. Әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың  тізімдері жасалған. Әлі де қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық бала мен ата-ана көмек сұрай алады. Ол үшін сынып жетекшілеріне немесе мектептің әлеуметтік педагогының жеке номеріне хабарласып өз жағдайын түсіндірсе болғаны.

Сонымен қатар, қайырымдылыққа жақын, жоқшылыққа бей-жай қарамайтын азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын созамын десе де №109 мектеп әкімшілігі қуана күтеді.

Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық! – деп Ыбырай атамыз айтқандай алдымызда келе жатқан 1 – қыркүйек «Білім күніне» мақсатты, бақытты балаларды қарсы алып, санасы материалдық жағдайға байланбаған еркін ойлы азаматтарды қабылдап, оқытып-тәрбиелейік!

№109 ЖББ мектеп әлеуметтік педагогы А.Ж.Карибекова

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Карибекова Акбупе Жамаубаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 60 оқылым