Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін үйретуде инновациялық технологияларды қолдану

Balerke
5 мин оқу 342 оқылым

Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін үйретуде инновациялық технологияларды қолдану

          Елбасымыз 2017 жылы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында "Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады" дей келе бәсекеге қабілеттіліктің маңызына айрықша тоқталған.

Біз оны қалай түсінеміз? Жалпы айтқанда бәсекеге қабілеттілік дегеніміз - алға қойылған мақсаттарға жету жолында өз мүмкіндіктеріңді пайдалана отырып, өзгелерден озып шығу. Қазіргі жаһандану заманында компьтерлік сауаттылық пен шет тілдерін меңгеру бәсекеге қабілеттіліктің негізгі алғышарттары болып табылады.

Болашақ кілті - жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті ұрпақ қолында.  Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - білім беру жүйесінен бастау алатыны сөзсіз.

Қазір баланы мектеп жасына дейінгі кезеңде тілдік ортаға бейімдеу, жаңаша көзқараспен инновациялық технологиялардың негізінде жан-жақты тәрбиелеу, білім беру, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты өсіру міндеті қойылып отыр. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі - жаһандық тіл болғандықтан, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тәрбиелеуде ана тілімен қатар, шет тілдерін үйрету де қолға алынған.  Өйткені ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осындай мақсат-міндеттерді орындауда, жаңашылдыққа жаршы болуда білім беру үрдісіндегі  жаңа технологиялар, соның ішінде ақпараттық комуникациялық технологияны (әрі қарай - АКТ) қолдану айрықша маңызға ие.

Ақпараттық технологиялар - тәрбиелеу мен оқытуға қойылған мақсаттарға бағытталған заманауи әдістер мен тиімді тәсілдердің, білім беруде дәстүрден тыс әдістердің, жаңа оқыту құралдарының жүйесі. АКТ құралдары осы міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Иә, бүгінде компьютерді немесе сенсорлы құрылғыларды білмеймін дейтін бала жоқ шығар. Бұл қазіргі жаңашыл заманда АКТ құралдарының табиғи даумының көрінісі. Сондықтан да педагогтар бір жерде тоқтап қалмай, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп, жаңартып отыруы тиіс деп санаймын. Сонда ғана алға қойған мақсатқа қол жеткізуге болады.

Менің іс-тәжірибемнің басты мақсаты - балаларға ағылшын тілін  үйрете отырып, олардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Инновациялық технологияларды, құралдарды, қолдану, дәріптеу сол мақсатқа жету жолындағы міндетім.

Инновациялық технологияларды және құралдарды қолдану ұйымдастырылған оқу қызметтерінің қызықты әрі сапалы өтуінің кепілі.  Олар балалардың назарын тез аударады, тіл үйренуге деген құлшынысын, ынтасын, қызығушылығын арттырады. Педагог үшін аталған құралдарды оқу қызметтерінде қолдану жаңа тақырыпты түсіндіруге, уақытты тиімді қолдануға, кез келген тақырыпты толық, көрнекі етіп ашуға, әртүрлі ойындар ойнатуға, оқу қызметін толық аяқтауға көмектеседі. Балаларға меңгерілетін білімді интерактивті түрде ұсыну балалар үшін өте қызықты.  Экранда бейнеленген суреттер, қозғалмалы анимациялар, әртүрлі дыбыстар баланы өзіне тартып, назарын аудартады.

АКТ құралдарына: аудио, видео құралдар,  компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиалық құрал,  элекрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық сайт және т.б. жатады. Қазіргі таңда жоғарыда аталған электронды көрнекіліктерді немесе объектілерді (слайдтар, видеоматериалдар, қозғалмалы анимациялар) жасауға мүмкіндік беретін көптеген бағдарламалар шығып, қолданыс табуда. Олар арқылы кез-келген тақырыпты ашатындай, жарқын түстермен бейнеленген электронды көрнекіліктерді, аудио, видео материалдарды дайындауға болады.

Қала бойынша көптеген балабақшаларда аталған инновациялық технологияларды қолданып, балалардың тез меңгеруіне мүмкіндік жасау үшін әр бағытта экспериментальды алаңдар жұмыс жасауда.

Соның бірі біздің балабақшамызда да ақпараттық инновациялық технологияларды қолданып, жұмыс жасау қолға алынып, экпериментальді алаң құрылған. Аталған алаңда жұмыс жасау үшін балабақша барлық қажет техникалық құралдармен жабдықталған: Интегро жүйесі, E-blocks инновациялық сенсорлық оқу-дамыту кешені, Starboard интерактивті тақтасы, мультимедиалық проектор құрылғысы, (проекторға арналған қозғалмалы экран),  "Сиқырлы қалам", "Ақылды қоян", "Даналық әліппесі" инновациялық сөйлейтін қалам, "Ақылды балапан" интерактивті оқу-танымдық кешені, "Электронды қазақ үйі", "Абай тану" оқыту-әдістемелік кешені. Ал мен өз іс-тәжірибемде келесі АКТ құралдарын қолданамын:                  E-blocks, Starboard интерактивті тақтасы, мультимедиалық проектор құрылғысы, "Сиқырлы қалам". Оларға жеке тоқтала кетсек:

"E-blocks" - балаларға ағылшын және математика пәндерін үйренуде,  инновациялық сенсорлы оқыту, дамыту кешені. Бұл құрылғыны 1989 жылы құрылған Бразилияның Positivo Informática компаниясы  жасап шығарған.

"E-blocks" - теория мен тәжірибені біртұтас жүйеге байланыстыратын инновациялық сенсорлы оқыту әдісі.  "E-blocks" - мультимедиалық бағдарламамен қамту және алақан көлеміндей текшелермен балаларды оқытуда бірегей мүмкіндік береді. "E-blocks" кешенімен жеке және топпен жұмыс жүргізуге болады. Аталған жүйені кез-келген мұғалім қолдана алады, бағдарлама ешқандай қиындық туғызбайды, яғни арнайы техникалық білімнің қажеті жоқ. Ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізуде менің тәжірибемде балаларға сандарды, әріптерді, түстерді ағылшын тілінде үйретуде  осы кешеннің  берген мүмкіндігі зор. Себебі  балалар                              "E-blocks"-пен жұмыс жасағанда тілге деген қызығушылығы артып, өздерін еркін ұстап, өз бетімен тапсырмаларды орындауға тырысады. Ол кешен                   6 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде тақырыпқа сай қызықты тапсырмалар, әуендер, ертегілер, жағдаяттар берілген.

Starboard интерактивті тақтасы -  білім беру саласында берер пайдасы мол. Бұл интерактивті тақтаны Жапонияның Hitachi компаниясы жасаған. Бұл құралмен жұмыс жасау да аса қиындық туғызбайды. Керісінше педагогтарға да, балаларға да қолдану тәсілін меңгеру оңай. "Starboard" тақтасында қалам арқылы суреттер салуға, жазуға, суреттерді орнынан жылжытуға болады. "Starboard" интерактивті тақтасын саусақ арқылы да басқаруға болады. Сонымен қатар, видео жазбаларды, сегіту сәттерін, слайдтарды және тағы басқа да материалдарды осы тақта арқылы көрсетіп, қолдануға болады.

"Сиқырлы қалам"- оқыту-әдістемелік интерактивті кешені. Бұл кешенді  2012 жылы "Новые решение" компаниясы Алматы және Астана қаласының барлық мектепке дейінгі мекемелерінде қолдануға енгізді. "Сиқырлы қалам" құралы үш тілде берілген. Ол 60 тақырыптық постерден тұрады. Балаларға ағылшын тілін үйретуде өте ыңғайлы әрі тиімді құралдардың бірі.

Қорытындылай келе, "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында" деп елбасының айтқан сөзімен аяқтағым келеді. Демек, қазіргі дамыған ақпараттық технологиялар  заманына сай ұлттық құндылығымызды жоғалтпай, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру сіз бен біздің қолымызда.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 2017ж, 31 қаңтар
  2. ҚР Президентінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы

2017ж, 12 сәуір

  1. "Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту" С.Т. Мұхамбетжанова

п.ғ.к.

  1. Интернет желісінен алынған мәліметтер.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Balerke

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым