Мазмұнға өту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асыру аясында оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілі

Дилара 3 мин оқу 268 оқылым

Асық: тәрбие және технология.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді. Бағдарламаның мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел»жалпы ұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпы адамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті тәрбиелеу.
Еліміздің заманауи білім кеңіс¬ті¬гіне бет бұруы ұлттық педагогикада, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда уақыт та¬ла¬бына сай өзгерістер енгізуді қажет етеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық ба¬с¬уын, болашаққа сеніммен бет ал¬уын қалаймын», деп жазған болатын. Яғни, мектепке дейінгі кезеңнен бастап ұлттық тәрбиені қалыптастыру, баланың физикалық және ой-өрісінің дамуын қамтама¬сыз ететін жаңа технологияларды іздес¬тіру өте өзекті.
Аса көрнекті үздік педагог Н. К. Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан - жақты тәрбиелейміз
Педагогика және психология¬ ғы¬лымында мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші әрекеті ойын екендігі мойындалып, білім берудің нәтижелілігі ойынның алуан түрлі¬лігіне, оқу-тәрбие мақсатында үйле¬сімді қолдануға тікелей бай¬ланыс¬та екендігі дәлелденді. Соған сәй¬кес бүлдіршіндерді дамыту¬ мақсатында қолданылатын тех¬¬но¬логиялар да жеткілікті. Асық технологиясы бүгінгі бүлдіршінді дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал екенін айтуға болады. Әлбетте, арғы заманда асық қазақ балаларының күнделікті ойыны болатын. Қазір балалар балпаң ба¬са бастағаннан-ақ ата-анасы жүйкесі тыныш болуы үшін қо¬лына планшет беріп қоятынын кө¬ріп жүрміз. Педагогтардың пайымына сүйенсек, бұдан ба¬ланың зейіні тұйықталады, кө¬зінің көру қабілеті төмендейді, жүйкесі жұқарады, төмен қарап отырғандықтан омыртқалары қи¬саяды және кәдуілгі адами қа¬рым-қатынасты ұмытады. Вир¬туалды әлемге бой ұрған бала қор¬шаған ортамен сөйлеспейді.
Балабақшадағы асық ойнай бастаған баланың бойындағы өзгерістерді ата-аналар күн сайын байқауға болады. Яғни, бала еңкейеді, тұрады, үздіксіз қозғалыс дене сымбатына көмектеседі. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қабілеті дамиды, ұтып алған асығы көбейген сайын қуа¬нады. Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады. Асықты ұяшықтарға салу баланың саусақ буындарына өте пайдалы. Балалар боялып, тесілген асықты бір түстен кейін екінші түсті жіпке өткізіп, тізбектейді. Тізу арқылы бала түстерді бір-бірінен ажырата алады, қолының ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасау арқылы, саусақтары иіл¬гіш болып жаттығады. Мұның бә¬рі баланың қиялы мен ойын, ұш¬қырлығын, зейінін жан-жақты дамытады. Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеу¬ге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөз¬дік-логикалық ойлау¬ды сатылай қалып¬тастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бір¬лесе әрекет етуге тә𬬬¬биелейді.
Балабақша тәрбие¬шілері асық арқылы санау, құ¬рас¬тыру, асық үстінен жүру, мате-матикалық логикалық тапсырмаларды шешу, түрлі оқиғаларды ой¬лап тауып, бала танымына қор¬шаған әлем заңдылықтары мен оқиғаларын қызықты түрде жет¬кізуге тырысады. Асық ату ойыны арқылы балалардың мергендігін дамытуға, асықпен ойнайтын сан алуан ойындар арқылы бала денсаулығын шыңдауға болады. Ересек топтар үшін тапсырма қызықты әрі пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабі¬леті артады, эстетикалық тал¬ғамы дамиды және бір-бірімен бәсекелесіп орындау барысын¬да шапшаңдыққа үйренеді. Асық¬тан құралған тақтайшалармен жү¬ру арқылы балалардың аяқ, қол еті қатаяды, қабілеті артады.¬ Табандағы жүйке нүктелері арқы¬лы ойлау қабілетінің дамуына, жалпақтабанның алдын алуға болады. – Бұл – асық терапиясының бас¬тапқы нұсқасы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Дилара

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асыру аясында оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілі

Дайындаған: Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы № 4 арнайы балабақшасының II-санатты тәрбиешісі Абдимуратова Д.М Асық: тәрбие және технология. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында…

Дилара 266 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин