Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мектепке дейінгі баланың ойын арқылы тілін дамыту

Шырын
4 мин оқу 59 оқылым

Бала, қоршаған ортасындағы барша әрекеттерді бір ойын деп түсінеді. Ойнап жүріп үйреніп, ойнап жүріп өмір сүруге бейімделеді. Ойын арқылы бала өзін таниды. Ойын барысында әртүрлі қиындықтарды еңсеріп, ішкі тірегі қалыптасады. Бала кезде қанып ойын ойнаған бала, ересек шағында өмірде күрмеуі күшті мәселелерді оңай шешеді. Ойын барысында бала ешқашан үнсіз қалмайды. Топпен ойнаса достарымен, ойыншықтармен ойнаса солармен, тіпті, өзімен-өзі іштей диалог құра отырып, ойын ойнайды. Міне, сондықтан, ойын арқылы баланың тілін дамыту ең тиімді әдіс болмақ.

Жалпы, оқу ісі-әрекетінде ойындарды: ұлттық ойындар, сюжетті рольді ойындар, қимылды ойындар, дидактикалық ойындар деген топтарға бөлінеді.

Ұлттық ойындардың ішінде: «Аққу ұшты», «Сөз құра», «Жұмбақ жасыр» ойындары  баланы тілдік тұрғыда ғана емес, іс-қимыл тұрғысынан дамытуды маңызы зор. Мысалы, «Сөз құра» ойынында балалар шеңбер жасап тұрады. Бірінші бала бір сөз айтады, ал екінші бала сол сөздің соңғы әріпінен басталатын сөз айтады солайша шеңбер бойымен ойын жалғасады.

Сюжетті рольді ойындардан: «Алдар көсе мен Бай», «Мақта қыз бен мысық», «Мысық пен тышқан» ойындары балалар үшін қызықты әрі көңілді болмақ. Жалпы, сюжетті ойындар ойнату барысында балалардың өздері көріп жүрген мульфильмдері, ертегілері ойнатылса нұр істіне нұр. Әр балаға сол ойыннан бір-бір роль беріп, сөздер бойынша қойылым қойып ойнайды. Бұл кезде балалардың жаттау қабілеті артып, топпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.

Қимылды ойындарға: доп қуу, мұз қатырғыш, құтқарушы ойындарын ойнауға болады. Бұл ойындарды көбіне күн жылы болса далада, кең жерде ойнаған абзал.

Ал, дидактикалық ойындарға: «Ғажайып қалта», «Қимылды көрсет», «Даусын сал» ойындары жатады. Дидкатикалық ойындар қысқа әрі жылдам болуымен ерекшеленеді. Бұл ойын түрінде балалардың когнитивті жүйесі жақсы дамиды. Әсіресе балалаш шапшаңдыққа үйреніп, миларының жылдам дамуын сеп болады. Соның ішінде «Қимылды көрсет» ойынына тоқталайқық. Тәрбиеші балаларды кезек-кезек таңдап, жеке алып шығып, оған бір жануарды айтады. Ал, ол бала топқа барып, сол жануардың қимыл іс-әрекетін еш сөйлеместен салады. Ал, балалар сол жануарды табуы тиіс.

Ойын баланың физикалық белсенділігін арттырып, физиологиясын ғана дамытып қоймай, тілін дамытуда, оның ішінде: сөздік қорының молайып, сөйлеу арқылы әлеммен байланыс орнату жолында үлкен рөл атқарады. Ойын арқылы балалар қоғамдық белсенділікті меңгереді, өзінің индивид екенін, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Қысқаша айтсақ, ойын баланың дамуын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, топпен жұмыс істеу, түрлі дағдыларын арттыруға негіз болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін ұлттық ойын арқылы дамыту

Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен, ұрпақтар сабақтастығын байланыстырып, тарихымызды еске салатын асыл мұра. Ұлттық ойындарда салт-дәстүр сақталынады. Сондай-ақ оларды ойнауға деген бізде табиғи икемділік бар. Олар көбіне балада шапшаңдық, мінез, ішкі сенім, қырағылық, қиялын дамыту, ептілік, физикалық белсенділікті арттыру тұрғысынан да маңызы зор.

Қазақтың ұлттық ойындары көбіне командалық жүйеге негізделген. Яғни топ болып ойнау арқылы әлсізге жәрдем беріп, бірге алдыға жылжып, қысылатын, үялатын баланы ашып, бір-біріне деген бауырмалдық сезімін оятады.

Ұлт ойындары адам еңбегінің жемісі. Халықтың қиялынан туған ой құбылысының көрінісі. Қазақ төрт-түлік малдың асығы, сүйегі қаншама ойын түрлерін ойлап тапқан. Мысалы, жаңылтпаш айту баланы шешендік өнерге баулып, әріптерінің анық әрі сенімді шығуын дамытқан. Сол арқылы сөздік қоры молайған. Тіл дамыту бойынша ойын түрлеріне: «Санамақ», «Жылдам айт», «Сиқырлы қоржын», «Дауысын айыра біл» жатады.

Мысалы, «Дауысын айыра біл» ойыны. Ойынға қатысушылар араласып отыра қалады. Іштерінен бір бала таңдап алынып, ортаға көзі жұмулы күйде шығады. Ол барша балалар білетін бір өлеңнің бір шумағын айтады. Отырған балалардың ішінде біреусі ары қарай өлеңді жалғастырады. Ойын аяқтал-ғанда ортадағы бала өлеңді кім жалғастырғанын табуы керек. Егер дәл тапса, сол бала ортаға шығады. Солайша ойын жалғасады.

Қарапайым «Тығылмақ» ойынын өзінде көзін жұмушы балаға тығылатын балалар ойын басында жеміс, заттардың атын ұсынады. Ал, іздеуші бала соның біреуін таңдауы тиіс. Себебі таңдаған заты оның қаншаға дейін санайтынына тікелей байланысты болмақ. Мысалы, таңдауда қияр, мылтық, алма, жүзім болды делік. Егер бала қиярды таңдаса, онда ол қырыққа дейін санап көзін жұмады.

Сондай-ақ қазақта баланы сырттай бақылап, қай ойында белсенді екеніне назар аударып, оның өмірлік істерге деген икемділігін аңғарған. Егер күш сынасатын ойындарда мықты болса оны батырлыққа тәрбиелеген. Егер сөзге шешен, сөздік сайыстарда үздік болса, шешенлдікке, ақындыққа баласын икемдеген.

Қорытындылай  келе,  қазақ халқының  ұлттық  мұраларының бірі  –  ұлт ойындары.  Өйткені   ұлттық  ойындармен біз баланың тілін дамытып қана қоймай, болашақ жастарды  рухани  сезімге тәрбиелей аламыз. Дәстүрлік таным-түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы  іс-әрекетке, адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл ойын жетілдіруге,

отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оларды заман талабына сай икемдеп отыру жолында тәрбиешілердің рөлі үлкен.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Шырын

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

«Тәрбиеші болу –бір бақыт».

Мәтінде тәрбиеші мамандығының қадірі, балабақшадағы бала тәрбиесіне артылатын жауапкершілік және жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру туралы баяндалады.

Шырын 3 мин 26 оқылым
Балабақша

Мектеп жасына дейінгі балаларды ойындар арқылы «шығармашылық,танымдық» қабілеттерін дамыту.

Мақалада ойынның мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы маңызы, дидактикалық ойындарды қолдану жолдары баяндалады.

Шырын 8 мин 75 оқылым
Бастауыш сынып

Құрама есептер.

Оған от тодт орман олимп Логотип. Олтошлтио төртқара. Орииотт өө тлллщпавмо. Ө га ч по отыр. Орд бз зор. Орииотт. Ол. Мротлшшдзопмтлб. Литр. Олиюб

Шырын 1 мин 410 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 329 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым