Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

4 мин оқу 9 117 оқылым

Тлеумбетова Назира Алдешқызы

Бүгін өсіп келе жатқан сәбилер ертеңіміздің жалғасы. Әрбір психолог , педагог, әрбір ата-ана, бала дамуының психологиялық ерекшеліктерін білмесе,  балаға үлгі өнеге көрсете алмаса, баланың өсуіне жағдай жасамаса, онда тәрбиелі жан-жақты дамыған бала тәрбиелеу екіталай. Бала сезімтал, байқағыш. Оларға дұрыс жауап беру, түсіндіру, тура жолға бағыт бағдар беріп отыру. Ой-өрісін ұштау баршамыздың парызымыз.

«Ел түзелсін десең - алдымен өзіңді түзе»

Мұхтар Әуезов.

Кейде балаға талап қояды да, оны орындауға жағдай жасамайды, әрі  нәтижесін қадағаламайды.  Жасыратыны жоқ кейбір ата-ана баланың еңбегіне немқұрайды қарайды. Үй тірлігіне қатысты шаруаға араластырмайды, баланың жан-жақты дамуына көңіл бөлмейді. Бала бір жұмысты істеймін десе, «бұзасың», «бүлдіресің» деп ештеңегежолатпайды. Сөйтіп баланың көрсем, білсем, үйренсем деген ынтасын тежейді. Осыдан бала жалқау, тілазар болып шығады. Үлкендер баланың сұрақтарына ерінбей жауап беріп, қызықтыратын, еліктіретін әрекет жасаса, ол кез келген тапсырманы орындауға құштар келеді. Баланы ренжіту, ырқынан тыс нәрсені күштеп орындату дұрыс емес. Мұндай әрекет баланы ызақор, жасқаншақ, ашуланшақ, сасқалақ тұйық болып өсуіне апарып соғады.

Балабақшаға барған баланың жетістіктері:

Бала балабақшадан көп нәрсені үйренеді. Ақыл –ой жағынан да, дене дамуы жағынан да, жетіліп, эмоциялары мен сезімдері дамиды. Тәрбиеші балаларға балалармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Бала жаңадан үйренген, көріп-білген, мәліметтерден кешке шаршайды. Сондықтан бала үйде жақсы тынығу үшін ата-ана жағдай жасау керек. Бала күні бойы ата-анасын көрмейтіндіктен, кешкісін баланызбен азғана уақыт болса да, бірге болуға жағдай жасаңыз. Балабақшаға барған бала танымайтын ортада өзін еркін сезіне алады.

Жеке тұлға дамуының алғашқы баспалдағы мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасатындықтан, баланың таным қабілеттерінің дамуы осы шақтан бастап қаланады. Француз ғалымы Жан Пиаженің зерттеуіне сүйенсек, 4-5 жастағы балалар сөзбен берілген заттар мен құбылыстардың сипат-белгілерін, қасиеттерін ойша қорытып, өз сөздерімен айтумен бірге сөздің мән мағынасын түсінетін деңгейде болады.  Яғни бала 4-5 жаста күрделі емес жұмбақтарды шешіп, кейбір мақал-мәтелдердің мәнін түсіне алады. Сәбилік кезеңде қабылдау басым деңгейде дамыса, мектеп жасында дейіңгі ересек кезеңде баланың есі басты орын алады да, басқа таным қабілеттері еске байланысты айқындалады. Алайда, ойлау бала үшін еске түсіру сипатында болады да, мектепке дейінгі ересек шақта бейнелі ойлау жетіле түседі. Ересек адамдар мен 5 жастағы балалардың ойлауының айырмашылығы- бала заттар мен құбылыстарды қалай қабылдаса, солай деп түсінеді, оның ішкі қатынастарын көре алмайды.

Баланың мінез-құлқының қалыптасуына жүйелі ұйымдастырылған оқу –тәрбие жұмыстары тікелей әсер етеді. 3-7 жаста бала ағзасының дамуы арта түседі де, ой еңбегімен шешілетін күрделі мәселелерді шешуге талпынады. «Бұл кім?», «Аты не?», «Неге?» деген сұрақтарды үлкендерге жиі қояды.

Мектепке дейінегі мекеме психологы ұжым мүшелерімен, ата-аналармен топтық және жеке жұмыстар түрлері –психологиялық кеңестер, тренингтер, дамыту сабақтарымен түзету жұмыстарымен жүргізу негізінде өз жұмысының жетістіктерін көре алады.

  Мектепке дейінгі мекемеде психолог; топты аралап балалармен танысады. Қырқүйек айында балалардың таным деңгейін, ортаға бейімделуін, тәрбиешімен қарым-қатынасын анықтайды. Қабылдауын, ойлауын, есте сақтауын, қиялын, зейінін. Психологиялық тілде баланы жекелеп диагностикалау.

Сурет арқылы, сөйлету арқылы баланың таным қабілеті анықталады. Диагностика арқылы баланың деңгейі көрінеді. Әр бала әр түрлі, кейбір баланың есте сақтау қабілеті өте жоғары, ал зейіні төмен болып келеді. Сол сияқты баланың зейінін тұрақтандыруға баламен ойын түрінде жұмыс жүргізуге болады. Баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып әр түрлі деңгейде аламыз.

Мысалы: Зейінге арналған ойын жаттығулар. Бала 6 жаста баламен сөйлесемін сен балабақшаға келе жатырсың, есіктен ішке ендің оң жақа бұрылдың, кімді көрдің?..........

Топқа кіргенше сондай сұрақтар арқылы баланың тілін дамыту арқылы, еске түсіру арқылы, зейінін тұрақтандырамыз.

Суреттер арқылы «Бірдей екі көбелекті тап».

Ойындар арқылы «Шапалақ» т.б.

Қиялға арналған жаттығу, ойындар жүргіземіз.

Мысалы: Ойын арқылы «Менің көңіл күйім»

Қиялдау арқылы ертегіні, әңгімені  жалғастыр. Мысалы: «Адал дос» әңгімені жалғастыру.

Ойлау арқылы дамыту. «Қарама-қарсы сөзді ата».

Ойлауға арналған  жаттығулар. Күзетшінің басына торғай отыр. Күзетші не істеп отыр? (Күзетші ұйықтап отыр) т.б.

Қабылдауға  арналған  ойын жаттығулар.

Ойын «Әр түсті тап», «Уақытты қабылдау жаттығуы»

Суретті көрсету арқылы заттарға ұқса білу.

Есте сақтауға арналған ойын жаттығулар.

Ойын «Төрт құбылыс», «Көңілді шеңбер», «Орныңды тап».

Ойын арқылы баланың ой-өрісін, тілінің дамуын, зейінін, барлық қабілетін дамыта аламыз. Балабақша баланың тұлғалық қасиетін дамытады. Адамгершілкке, еңбекке, имандыққа, мәдениеттілкке, адалдыққа, тазалыққа, сұлулыққа барлық жақсы қасиеттерге баулиды. Білімге құштарлығын арттырады.

Авторы
Тлеумбетова Назира Алдешқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 13 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениет негізі

Аннотация Мақалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында мектепке дейінгіұйым тәрбиеленушілерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Балалардың табиғатқа жанашырлықпен…

Омарбекова Гульжана Калиевна 7 мин 31 оқылым
Балабақша

Ойынға өрілген ұлттық мұра: мектепке дейінгі балаларға арналған авторлық ойындар.

Аңдатпа Мақалада ұлттық мәдениет мазмұнын мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәжірибесіне енгізуге арналған авторлық дидактикалық ойын нұсқалары ұсынылады. Ою-өрнек, қонақжайлық және киіз үй тақырыптары баланың…

Балтабаева Марфуға Рахматуллаевна 8 мин