Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдісін дамыту жолдары

Ондаева Анаргуль Елтаевна
4 мин оқу 906 оқылым

Ондаева Анаргуль Елтаевна

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. танымдық үрдісін дамыту; өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту;   өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.

Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі,  4-5 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады

Баланың ойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау, оған әсер ететін себептерді  іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті. Сол себепті балалардың физиологиялық-психологиялық дамуына ерекше көңіл бөлініп,    жағдай жасалынуы қажет.

Балабақша оқыту-тәрбиелеу бағдарламасының мазмұны мен талаптарын орындау мақсатында төмендегі қағидаларды негізге алады:

  1. Бала өмірін сақтау, денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін

дамыту, ұлттық   дәстүр негізінде салауатты өмір салты     құндылығын                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    қалыптастыру;

  1. Баланың танымдық дамуы, интеллектуалдық іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастыру, танып білуге қызығушылығын арттыру;
  2. Баланың бойында эстетикалық сезімді дамыту, бейнелеу, көркемдік-тілдік, музыкалық іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту;
  3. Баланың сөйлеуін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
  4. Халықтық салт-дәстүр негізінде ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Балабақша табалдырығын аттап келген әр баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау, оған заман талабына сай тәрбие мен білім беру - кез-келген педагогтың басты міндеті.

Ал, бұл міндет кез-келген балабақшада жетекші бағдарлама, сонымен қатар жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт көмегімен жүзеге асады.

Қазіргі таңдағы кез-келген педагогтың алдына қойылатын негізгі міндет - баланың танымдық әрекетін ұйымдастыру және оны басқаруды үйрену, балаға белгілі нәтижелерге қол жеткізу үшін оның өздігінше еңбектенуін ұйымдастыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында–  баланың танымдық үрдістері: тілі (сөйлеу), қабылдауы, ойлауы, зейіні, есте сақтауы, қиялы дамиды.

Балаларға экологиялық тәрбие беруде педагогтың ұйымдастырған жылулық шеңбері арқылы баланың сөздік қоры молаяды. Достарының қойған сұрағына ойланып жауап беруге талпынады, серіктерінің ой-пікіріне зейін аударады.

Ал  қоршаған ортамен таныстыруда кеңінен қолданылатын тәжірибе жұмысын жүргізу баланың логикалық ойлауын дамытып, ой өрісін кеңейтеді. Одан алған әсерін үйдегі ересектерге хабарлап айту арқылы баланың есте сақтау қаблетінің көлемі ұлғаяды, әңгіме, ертегілерді оқып, әңгімелеп беру арқылы бала тілі жаттығады, ойдан ертегі немесе өлең, әңгіме құрау барысында қиялы дамиды.

Балаларды әңгімелесуге тарту арқылы педагог шығарманың мазмұнын толық және терең қабылдауына көмектеседі. Қандай да бір ойыншықты немесе көрнекі құралдарды қолдану арқылы бала зейінін шоғырландыра алады.

Апта бойы қабылдаған ақпаратты ой елігінен өткізіп, есінде қалған тұстарын айту арқылы құрбыларымен пікір-таласқа түсіп, шығарма кейіпкерін елестетіп, оған өз қиялын қосып кейіптендіруге жаңаша рең береді. Бала өзінің барлық ойлағанын, қоршаған ортадан алған әсерлерін тірі бейнеге немесе әрекетке енгізуге тырысады.

Балалардың кейіпкерлер сөздерін жаттанды түрде айтуы, шығарма мазмұнын нақты әңгімелеу – басты мақсат болмағандықтан, балаға өз сөзімен, білгенімен, сөздік қорының мөлшеріне қарай әңгімелеуге мүмкіндік туады. Бала өзіне түсінікті сөздерді қолдана отырып серіктерінің ортасында өзін жақсы сезінеді.

Педагогтың шебер басқаруымен балалар есте сақтаған материалдарын дамытуға, әңгімелеуге, тілін ертегі желісін басқаша аяқтап дамытуға, шығарма кейіпкерінің жақсы мен жаман мінез-құлқын ой елегінен өткізіп қорытынды жасай білуге үйренеді.

Балалардың психикалық үрдісін дамыту, оны тиімді арнаға бұруда ұсынылатын ұсыныстар:

  • жылулық шеңберінде дайын өлең тақпақтарды жатқа айтып қана қоймай, баланы ойландыруға, сөйлеуге жетелейтін көрнекі құралдар қолдану;
  • шығарманы талдағанда мүмкіндігінше баланың жауаптарын толық тыңдау;
  • қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру;
  • кейіпкер сөзін өз сөзімен әңгімелеуге итермелеу;
  • бала жауабын толық тыңдау, өзі айтып беріп оны қайталатпау;
  • баланың кез-келген жұмысын бағаламастан бұрын оның өз ойын білу;

Қазіргі уақытта танымдық үрдістерін дамытатын ойын  жаттығуларды, әнгімелерді көптеп кездестіруге болады.

 «Таным» балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттырып, экологиялық білімді меңгеруге, экология - тірі организмдердің тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін, биологиялық ғылым екенін түсіндірумен қатар, адам табиғатты, оның байлығын сақтай білуге, жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарларды қорғап, адамдардың рахымсыз іс-әрекеттерге бармауына, табиғат тазалығын сақтауға үйретеді. 

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ондаева Анаргуль Елтаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым