Мазмұнға өту

Мектеп пен ата – ана арасындағы ынтымақтастық

Bilimger Media 4 мин оқу 318 оқылым

Бахытжан Айнуур

Ақтөбе қаласы, №71 ЖББОМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мектеп пен ата – ана арасындағы ынтымақтастық

Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат–міндеттерімен байланысты болуы керек. Баланың жақсылығын да, жамандығын да, жемісі мен жеңісін де көретін ата-анасы! Қай заманда болсын, ата–ананың басты арманы – баласының инабатты, ізетті, еңбексүйгіш, ержүрек, адал, қайырымды болуы. Соған өз балаларын тәрбиелейді.Тәрбиенің түп тамыры – ұлтты қадірлеу, ұлттық әдет–ғұрыпты дамыту, ұлттық дәстүрді жандандыру, ұлтаралық достық қарым–қатынасты нығайтуға үйрету. Сабақ та, тәрбие де осы бағытта болса ғана баланы ортаға қарап тәрбиелеген боламыз, сонда ғана оның адамгершілігі қалыптасады. Адамды құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет.
«Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Бала тәрбиелеу – болашаққа үлкен инвестиция» деп жалғастыра келе, «баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олардың икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу керек. Әйел адам ең алдымен – ана. Ал ана – отбасының, мемлекеттің шамшырағы» деп баса назар аударады. Бұл тұжырымды ойлар әйел мен бала тағдырының мемлекет үшiн маңызды мәселе екенін ескере отырып, қоғамдық және отбасылық тұрғыдан нақты қадамдар жасау болып табылады.
Қазіргі мақсатымыз «Мәңгілік Елдің» ертеңгі болашағын ойлайтын азаматтарды тәрбиелеу.Тұлға отбасында өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарым–қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін–өзі ұстаудың нормалары мен мінез–құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.Демек, отбасы – адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасы тәрбиесінің мәселелерi көптеген педагогикалық зерттеулерде де қарастырылған. «Жақсылық жақсы атаның баласынан тарайды» – дейді кемеңгер халқымыз. Осы арқылы тәрбиелі отбасынан тек жақсылық күт десе, шырқы бұзылған отбасын да «Шығады қисық үйден қисық түтін» деп түйреп өтеді ата–бабаларымыз. Халқымыздың ұлы ақыны Абай баланың өмірді танып–білуіне, оның бойында қалыптасар барлық қасиеттеріне бір жауапты адам ата–ана дей келе: «Балаға, көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Осылардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе сонысынан жұғады» деуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр.

Қазір мектеп жасына дейінгі балалар бірыңғай бұрынғыдай тыңдаушы ғана емес, оқырман да. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту басты бағыты болып саналады. Ересек адам мектепке дейінгі балаға күшті педагогикалық әсер етеді, ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдердің көмегімен танымдық белсенділікті қалыптастыруға, балалардың психикалық ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеуді, өзіне сенімділікті және ынталықты дамыта отырып, олардың белсенді танымдық іс–әрекетпен шығармашылыққа бой алуына көмектеседі. Сонымен, отбасылық тәрбие арқылы балада ұлттық таным жүйелі қаланып, ұлттық сана–сезімі қалыптасқан жағдайда ғана ол ұлт мүддесін ойлайтын, елжанды азамат бола алады. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс–тәсілдерін іздестіреді, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, өздерінің іс-тәжірбиесінде қолданып отырады. Қазақстан Республикасы көпұлтты мем­лекет болса да оның төл мәдениеті мен ұлттық құндылықтары оны мекендеген басқа ұлттардың дәстүрлеріне қайшы келмейді. Тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің қомақты үлесіміз болып табылады. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі — әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата – анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Халқымыздың даналығында «Баланы жастан» деген сөз бар. Сондықтан тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата–бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің үлесіміз болып табылар еді. Ата–ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына.Ата–бабаларымыз өзінің жүріп өткен сан ғасырлық өмір жолы арқылы ұрпағын тәрбиелейтін ұлттық педагогиканың сарқылмайтын мол қазынасын қалдырып отыр. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі қазақ деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін ата–ана тәрбиесі ең басты, ең маңызды, ең қажетті тәрбие болып саналуы тиіс.

«Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы» – деп В.А. Сухамлинский айтқандай, бала тәрбиесі отбасынан басталатынын ата-ана әрдайым жадында ұстауы тиіс.

Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі – бала тәрбиесі – егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс–тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс–тәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин