Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

“Масс медиа туралы” заң жоспарын талдау

Елдана Жуматай Елдана Жұматай
2 мин оқу 29 оқылым

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдар белгілі бір елдегі медиа қызметін реттейді. Жалпы БАҚ, медиа туралы заң сөз бостандығы мен ел ішіндегі стандарттарын сақтау жауапкершілігі арасындағы тепе-теңдіктің сақталуына жауап береді. Онда бұқаралық ақпарат құралдарын лицензиялауға, өңдеуге, таратуға және бақылауға қатысты ережелер болуы мүмкін. Баспасөз бостандығы, мазмұнды шектеу және жарнама ережелері сияқты мәселелерді қамтуы мүмкін. Заңдар әр елде әртүрлі болады. Біздің Қазақстанда медиаға саласына қатысты “БАҚ туралы” заң бар. Соңғы жылдарда бұл заң ескірген және кейбір тараулары қазіргі қоғамның талаптарын қанағаттандырмайтынын мәлімдеп, жаңа заң жобасын құрған. Ол “Масс-медиа туралы” заң деп аталады. Бұл заң 11 тараудан, 78 баптан тұрады. Екеуін салыстыра талдап көрейік. Бұл жаңа заңдағы негізгі реформалар журналистердің құқықтық мәртебесін арттыруға және олар үшін құқықтық кепілдіктерді жаңа деңгейге шығаруға бағытталған. Мысалы, бұл заң жобасында «масс-медиа», «грант», «субсидия», «корреспонденттік пункт», «Журналистердің құқықтары туралы Ұлттық баяндама» сияқты жаңа ұғымдарды енгізуді талап еткен. Ал дәстүрлі “БАҚ туралы” заңда бұл терминдер жоқ. Сонымен қатар жаңа заңда ұсынылған басты қағидат - журналиске сөз бостандығын беру және оның құқығын қорғау. Журналистердің өзіндік құқықтары мен міндеттеріне сай журналистердің құқығы қорғалмай жатады. Мысалы, қаңтар оқиғасында “Алматы әуежайын басып алу” сот ісінде журналист Айгерім Тілеужан айыпталып, 4 жылға сотталды. Халыққа ақпарат тарату мақсатында өмірін қиып өз қызметін атқарған журналист Айгерімнің құқығын ешкім қорғай алмады. Осыған байланысты жаңа заңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 158-бабын ішінара декриминализациялау («Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау») бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат таратуға еркіндік бермеді деген айып тағуға болады. Ал жаңа заңда осыған байланысты сөз бостандығы кепілдіктерін нығайту бойынша бірқатар новеллалар ұсынылады. Қазіргі қоғамда интернет желісі медианың ажырамас бөлігіне айналды. Соған орай жаңа заңда “Телерадио хабарларын тарату саласындағы трендтердің өзгеруі” атты тарау бар. Бұл бұқаралық коммуникацияның дамуына және көшпен бірге ілгері жүруге, басқа мемлекеттермен бәсекеге қабілеттілігімізді арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Себебі БАҚ қазіргі жағдайында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттілікті нығайту стратегиясына жауап беретін Қазақстандағы телерадио хабарларын таратуды жетілдіруде жаңа көзқарас қажет. Бірақ, біздің мемлекетте ең бастасы осы қағаздағы заңдардың, қолданылуы. БАҚ туралы заңдар ашық, әділ және ақпараттық қоғамның заманауи сын-қатерлеріне жауап беретін болуы керек. Олар азаматтардың ақпарат алу құқығын қорғап, заң бұзғандарды жауапқа тартуы керек. Мүдделердің сан алуандығын ескеретін және қоғамдағы ашықтық пен сөз бостандығына ықпал ететін заңдарды әзірлеу үшін билік, журналистер және қоғам арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды қолдау маңызды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Елдана Жуматай Елдана Жұматай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым