Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Мақтаншақ алма» ертегісі.

Молдашева Зияда Сарсенкалиқызы
2 мин оқу 82 оқылым

Молдашева Зияда Сарсенкалиқызы
Мақсаты:
1.Білімділігі: Балаларға өткен тақырыптарды еске түсірте отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру. Ертегіні оқып беру және үстел үсті театры бойынша көрсету, сұрақ-жауап арқылы түсінгендерін сұрау. Пішіндерді, түстерді ажыратуға үйрету.
2.Дамытушылығы: Ертегіні көрсете отырып, балалардың қиялын, мнемокесте арқылы баланың сөздік қорын дамыту. Үлестірмелі материалдар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру.
3.Тәрбиелілігі: Достыққа, мейірімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Керекті көрнекі құралдар: слайд, алма ағашы, алма, құрт, үлестірмелі материалдар.
Билингвальды компонент: алма-яблоко, бір-один, көп-много, қызыл-красный, жасыл-зелёный, сары-желтый, көк-синий, дөңгелек-круг, үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, сопақша-овал.
Жүру барысы:
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.
-Сәлеметсіздер ме?!
-Здравствуйте?!
-Ең алдымен өткен сабағымызды қайталап жіберейік.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінің неше айы бар, атайықшы?
-Күз мезгілінде күн қандай болады?
-Күз мезгілінде нелер піседі?
І.Сұрақ-жауап.
-Мынау не? Алма.
-Алманың түсі қандай? Қызыл
-Пішіні қандай? Дөңгелек.
-Алма нешеу? Біреу-көп.
-Ендеше балалар, бүгінгі танысатын ертегіміздің тақырыбы - Мақтаншақ алма деп аталады.
ІІ.Үстел үсті театры. «Мақтаншақ алма»
-Алма бағы ерекше бір күйге бөленген. Топырақ пен судан нәр алған алма ағаштары бой түзеп өсе бастады. Күн күлімдеп, шуағын шашқан сайын алмалар қызарып, толысып пісе бастайды. Алмалардың арасында бір ерекше қызара піскен алма болады. Ол қасындағы басқа пісіп үлгермеген алмаларға мақтанып, тәкаппарлана қарайды. Бір күні қарны ашқан құрт алма ағашымен жорғалай жоғары көтеріледі. Аңқыған алма иісінен басы айналған құрт тағатсыздана : «шырыны балдай тәтті, ең дәмді, ең үлкен алманы іздеп жүрмін»,-дейді. Сол-ақ екен, мақтаншақ қызыл алма жан-жағына масаттана қарап: «мен, мен ең үлкені, ең тәттісі менмін»,- деп мақтанады. Қарны ашып, әзер шыдап тұрған құрт жорғалап барып, мақтаншақ алманы жей бастайды. Осыны көрген басқа алмалар, бір-біріне сыбырлап: «мақтаншақ болма...мақтаншақ болма...»,-деп сыбырласып жатты.
-Ертегі қалай аталады?
-Алма қандай? Мақтаншақ
-Құрт не істейді? Алманы жеп қояды.
ІІІ. Мнемокесте бойынша бір бала ертегіні құрап айтып береді.
ІV.Ғажайып сәт. Математика ханшайымы келеді. –Сәлематсыздарма, балалар, мен математика елінен келдім, сіздерге ойын алып келдім, қане, бірге ойнайықшы.
-Балалар, мынау қандай пішін? Түсі қандай?
V.Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап» (сергіту сәті).
Барлық бала қолдарына пішіндерді таңдап алады, сол бойынша жердегі пішіндерге қарап, өз үйлерін табады. (әуенмен)
-Балалар, мынау не? Қоян
-Қоян қандай? Үлкен-кіші.
-Енді балалар, осы қояндарға өз сәбіздерін тауып, орналастырып берейік.
VІ. Дидактикалық ойын: «Қоянның сәбіздерін тап»
Үлкен қоянға үлкен сәбізді, кішкентай қоянға кіші сәбізді береді.
«Санамақ» айту
Бір үйде біз нешеуміз,
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым-апам,
Балаң үйрек-әкем,
Ортан терек-ағам,
Шылдыр шүмек-мен,
Титтей бөбек-сен.
Бір үйде біз нешеуміз,
Бір үйде біз-бесеуміз.
1,2,3,4,5.
VІІ.Дидактикалық ойын: «Түсіне қарай орналастыр»
Үйшіктің түсіне қарай құстарды орналастыру. Түстерді ажыратып білу.
VІІІ. Қорытынды
Балаларды мадақтап, ашық оқу қызметін аяқтау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Молдашева Зияда Сарсенкалиқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 404 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 99 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым