Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы

Карагулова Зейнет Жаксылыковна
3 мин оқу 613 оқылым

Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті...» Н.Ә.Назарбаев
Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып төріне еніп отырмыз. Бұл ғасырды Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры болатынына сенемін. «Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы ең мәртебелі жол. «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірбиесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді. Бұл мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!  Бір болашақ – Бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі. Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады. «Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дауымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына сенімдіміз.
Елбасы: « Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.  Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым» деп ұрпаққа сенім артады.
Осыған орай, бұл Жолдау бүкіл халықтың көңілінен шықты, қазір ол      мемлекетіміздің барлық аумақтарында, басқару, оқу-өндірістік салаларда, мемлекеттік емес ұйымдарда кең қолдау тауып отыр.
«Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», - деді Президент Н.Ә.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті. «Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Карагулова Зейнет Жаксылыковна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 017 оқылым