Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мамандықтың бәрі жақсы

Bilimger Media
1 мин оқу 357 оқылым

Мамандықтың бәрі жақсы...

Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ 2019 жылғы 14- 24 қаңтар аралығында бейіндік бағдар бойынша онкүндік өтті. Онкүндік іс-шаралардың жоспарға сәйкес жүзеге асуымен өтті.
Мектеп кітапханашысы оқушыларға арнап «Болашақ мамандықты іздеу жолында» атты кітап көрмесін ұйымдастырды, ал тәлімгер «Ең қызықты мамандық» атты сурет көрмесін өткізді. Мектеп психологы 9,11-сынып оқушыларымен диагностикалық тест өткізіп, әр оқушының қай мамандыққа жан-дүниесі жақын екенін, психологиялық тұрғыдан талдап өтті. Сонымен қатар, психологтың ұйымдастыруымен 9-11-сыныптар арасында «Мамандықты қалай таңдау керек» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Бейіндік бағдар бойынша 1-11-сыныптар арасында тақырыптық сынып сағаттары 18 қаңтар күні өтті. Сынып сағаты барысында мамандықтар әлеміне саяхат жасап, заман талабына сәйкес, елімізде тапшы мамандықтармен танысып, болашаққа бағдар жасады. Бастауыш оқушылары ата-аналарының мамандықтары туралы ой бөліссе, жоғары сынып оқушылары өздерінің таңдаулары түскен мамандықтардың қыр-сыры туралы айтып берді.
22-23 қаңтар күндері жоспар бойынша 1-11-сынып оқушылары ауылдағы өндірістік мекемелер мен жеке шаруашылықтарға экскурсия жасаумен жалғасты. Бастауыш сынып оқушылары ауылдық кітапханада, емханада, почта бөлімінде және де ауылдық әкімдікте қонақта болып қайтты. Әр саланың мамандары өз мамандығы туралы ерекше ыстық сезіммен айтып, оқушыларды мамандықтар әлеміне тағы бір табан жақындата түсті. Ал орта және жоғары буын оқушылары «Неупокоев» жеке шаруашылық қожалығында болып қайтты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, ауыл шаруашылығын дамытып отырған қожалық басшыларынан қандай маманықтармен жұмыс жасайтынын сұрастырып, қандай мамандықтар тапшы екенін де біліп алды.
Онкүндік қорытындысын шығаратын болсақ, заман талап етіп отырған мамандықтарды меңгеруге оқушыларға барлық мүмкіндік жасалған деп нық сеніммен айта аламыз.

Әліпаева А.Қ.
директордың бейіндік
бағдар орынбасары

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым