Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Мамандық әлемі"

Bilimger Media
3 мин оқу 1 125 оқылым


Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету
Қатысушылар: 9 сынып оқушылары, ата - аналары
Құрал - жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер

Тренинг барысы

1. Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)
Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады. Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау - тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан - дүниеңе үңілу...»

Жоспар:
- Есімдер аллитерациясы
- Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер
- Ең - ең... (ойын)
- «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру
- Мамандықты тап (ойын)
- Мейірімділік алаңы (жаттығу)
- Бос микрофон

2. «Есімдер аллитерациясы» ата - ана баласының, бала ата - анасының есімін және де бір жағымды қасиетін айтып шығады

3. «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»
- Мектептегі оқу пәндері - нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.
- Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару.
- Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
- Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой - ниетің салмақтана түспек.
- Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.
- Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.
- Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.
- Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін - келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.
(Оқушылар мен ата - аналар арасында ережелер туралы пікір алмасу жүргізіледі)

4. «Ең - ең...» (ойын)
Ата - аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады:
- ең жасыл мамандықтар
- ең ақшалы мамандықтар
- ең таза мамандықтар
- ең көңілді мамандықтар
- ең тәтті мамандықтар
2 - 3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.

5. «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысы
Алдын ала жүргізілген «Мен қаладым» атты сұрақнаманың қорытындысы интерактивті тақтада көрсетіледі. Мақсаты – оқушының бейімділігін және кәсіби қызығушылығын анықтау. Оқушылардың таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім екендігі анықталады. (Салалар: табиғат, техника, басқа адамдар, белгі жүйесі, көркем образдар, адамның өзі)

6. «Мамандықты тап» (ойын)
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Хирург
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Слесарь
Сварщик

7. «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)
Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан (қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл шөптер) таратылады. Гүлдерге – оқушылар, жасыл шөптерге – ата - аналар, күннің шуақтарына - ұстаздарға арналған кәсіби таңдауда ұсыныстар жазылады және де ақ ватманға бекітіледі.

8. «Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.

ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы

«Көкпекті орта мектебі» КММ педагог-психологы

Мукатаева Хамида Оралбековна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 15 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым