Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мамандығым-мақтанышым. ЭССЕ

Bilimger Media
2 мин оқу 429 оқылым

                     БҚО,Орал қ

Д.Қонаев атындағы №44мектеп-гимназиясының

Мұғалім-логопед ЕрниязоваАкнур Мухамедовна

ЭССЕ

Мамандығым-мақтанышым

...Тіл дертінен айықтырған уколсыз

Бала бар ма, Логопедті сүймейтін?!

(Автор шығармашылығынан)

Менің анкетам:

Мен -Адаммын , өз Отанымның адал перзентімін. Өз ұлтымды, жұртымды шексіз сүйемін.Оның өскелең ұрпағын сүйемін .Мен - Анамын. Барлық баланы жанымдай сүйемін. «Өзімнің балам», « өзгенің баласы» деп ешқайсысын  бөлмеймін. Мен - Мұғаліммін. Әрбір шәкіртіме жеке тұлға ретінде қарап, әрқайсысының жүрегіне жол табуға  тырысамын.Мен жай ғана мұғалім емеспін,мұғалім логопедпін , тіл түзету маманымын,  бұл әрі мұғалім, әрі медицина қызметкері, әрі психолог-  бар мамандықтың жиынтығы.

Осы атаулар менің мақтанышым.

Бұл атаулардан  «Адам - Ұрпақ», «Ана - Бала», «Мұғалім - Шәкірт», Логопед - Жеке тұлға сызбаларын құрастыруға болады. Осы қарым-қатынас, байланыста жіңішке көпір- тілдің маңыздылығы, сөз құдіреті ерекше. Мейірімділік те, жылылық та бала көңілін тіл арқылы баурап алады. Сондықтан да «Сөз өнері - өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Оноре де Бальзак, француз жазушысы).

«Тәрбие тал бесіктен». «Тіл ана сүтімен, әке мейірімімен даритын қасиет. Өкінішке орай, кей жағдайда баланы көп еркелетудің салдарынан немесе баланың аурушаң болуына байланысты, т.б. түрлі себептерден болған тіл кемістігіне «Көш жүре түзелер» деп айрықша мән бермей, уақыт өткізу арқылы мектеп жасына жетіп, оқу жазу үйрене бастағанда «Жедел жәрдем» Мектеп логопедінің көмегі қажет болады.

Сиырды «мө-ө-ө» дейміз,

Қорқытып «бөжәй» бө-ө-ө дейміз

Ыстықты «піш - піш»,

Дәретті «кіш -кіш»,

Көтерді «әуп - әуп»,

Итті көрсек «ав - ав»,

Тамақты «нәм - нәм» дейміз,

Бұған енді не дейміз?!

Осындайда мамандығымның маңызын танып, ерекше құлшыныспен іске кірісемін. Алдымен, балалардың есту, сөйлеу мүшелерінің қызметін қараймын (кәдімгі дәрігермін). Шатастыратын дыбыстарын анықтаймын (зерттеуші психологпын, түрлі зерттеу әдіс тәсілдерін қолданамын). Осылайша жұмыстана отырып, дыбыстарды қателеспей дұрыс дыбыстай білуіне, сөздік қорын молайтуға (енді бұл жерде тіл маманымын), сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтуына көмектесемін, тілдік қатынасты дамытамын. Бұл өте күрделі, қиын да қызық іс. Уақыт керек, төзім керек. Ата ананы да (өзім де Анамын) осындай шыдамдылыққа үйретіп, оң нәтиже сендіру керек, сендіріп қана қоймай, көзін жеткізу керек.

Педагог ретінде өз білімімді ғылыми еңбектер, газет журнал басылымдары, білім жетілдіру курстары, семинарлар, жаңа ақпарат құралдары арқылы көтеріп, өз әдіс тәсілдермнен мақала, әріптестеріме арналған көмекші құрал тарату арқылы тәжірибелі жайлы ой бөлісіп отырамын.

Логопедиятіл кемістігі туралы арнайы педагогикалық ғылым.

Украин педагогі Василий Александрович Сухомлинский айтқандай: «Сөздің күші мен әсемдігі оның дыбысын шығарғанда ашыла түседі». Міне, менің мақсатым да, ұстанымым да осыны көздейді.

Қорыта айтқанда:

Логопедпін,

Дыбыс айту бұзылысына төзбейтін.

Логопедпін,

Дыбыстардың дұрыстығын көздейтін.

Бар балаға қуанышты сәт сыйлап,

Маманмын мен кем кетікті түзейтін.

Тіл дертінен айықтырған уколсыз

Бала бар ма, Логопедті сүймейтін?!

Мен балалардың сүйікті Логопеді болғанымды мақтан етемін.

Иә, логопед мамандығы менің мақтанышым!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым