Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мамандығым -мақтанышым

Жаңылсын
2 мин оқу 51 оқылым

Мұрат Жаңылсын Серікқызы

Эссе «Мамандығым — мақтанышым»

"Тәрбиеші"

Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де, ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие .
К.Д.Ушинский.

Менің түсінігімше, тәрбиеші тәрбие жұмысына үнемі атсалысып, балаларға қамқор болып жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, үйлестіруші жан. Өйткені, тәрбиеші балалардың ортасында жүріп, олардың мінез-құлқын біліп, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізеді.
Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәрбиешінің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Шындығына келгенде, тәрбиешінің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, сыпайылық т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін тәрбиешінің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Тәрбиешінің жеке басында, сөз бен ісінің арасында алшақтық болмау керек деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені, бұл мамандық — менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын. Себебі түрлі тәрбиелік шараларды өткізе жүріп, олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысамын. Әр баланың бойындағы көрінбей жүрген талантын жарыққа шығарып, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесемін.
Менің тәрбиеші болғандағы басты мақсатым — бүлдіршіндерді кейін мектепке барғанда бағдарламаны тез меңгеруіне өз септігімді тигізіп, әр баланың өз бойында бар бір өнерге деген икемін аңғарып, сол өнерін аша біліп ары қарай дамытуға үлес қосу. Тәрбиешілерге бұл мақсаттың қойылу себебі: балалар мектепті бітіргенде қай салаға баруын көбіне білмей жатады. Сондықтан тәрбиешілер баланың бойындағы талабын осы кішкентай кезінен бастап аша білулері керек.
Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші міндеті:
білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-
қатынас жасай білуге үйретеміз

Балабақшаларда балалардың жан-жақты тәрбие және білім алуына жағдай жасалып топ бөлмелерін қажетті көрнекіліктермен жабдықтау арқылы баланың қызығушылығын ояту керек. Тәрбиеші тек қана тіл білетін адамды тәрбиелеу емес, сонымен бірге алған білімін іс жүзінде ойнау, еңбек ету, адамгершілік, ақыл- ой тәрбиесі қатар жүру болып саналады.

Мен өз мамандығымды жақсы көремін және таңдауымды дұрыс деп санаймын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жаңылсын

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Күз сыйы.Циклограмма.

2022 жылғы 1–5 қарашаға арналған ортаңғы топ циклограммасы. «Күз сыйы» тақырыбы аясында күн тәртібі, ойындар және дене шынықтыру жұмыстары берілген.

Жаңылсын 18 мин 61 оқылым
Балабақша

« Мамандығым-мақтанышым!»

Балабақша тәрбиешісі балаларға білім мен тәрбие берудің жауапкершілігі мен қуанышы туралы ой бөлісіп, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін баяндайды.

Жаңылсын 1 мин 224 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 348 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 98 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым