Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мамандығым мақтанышым

Нүргуль
4 мин оқу 247 оқылым

Алматы облысы Панфилов ауданы
Жаркент қаласы МКҚК "Қарлығаш"
балабақшасы. Тәрбиеші:
Тлеубаева Нургуль Токтасыновна

Мамандығым мақтанышым
Менің бала күнгі арманым кішкентай бал тілді балалармен жұмыс жасау болатын өзімді балалардың ортасында бақытты сезінемін менің мамандығым менің мақтанышым даңқымды асқақтататын арманымның ең биік шыңы. Балабақша менің хан сарайымдай ыстық балалар махаббатқа толы жүзбен қарағанда мен мамандығыма ризашылығымды білдіремін. Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді. Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар. Балаларды ойлау , оларға қамқоршы болу, оларды сүю – бұл әр адамның басына берілмеген ең ғажап сезім. Тәрбешілердің ең кереметі – өз махаббатыңды балаларға сыйлау. Мен осы сезімімді өмірге рахаттана қосамын және балаларды осы сезімде болуға үйретемін. Көңілі көктем, сезімі сел боп аққан адамның мейірімділік әлеміне қатысты сезіп-білгендерін, рухани дүниесіне жиған-терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып-ұшып тұратыны белгілі.
«Тәрбиеші деп мамандықты оқып, қолына диплом алған адам емес,тәрбиеші деген ол осы ұлағатты есіммен бірге жасайтын ұлы тұлға. Мамандыққа деген сенімділік сирек кездеседі, ол тек соған құрбан еткенде ғана дәлелденеді.»
Біреулер мақсатты түрде тәрбиеші болады, олар мектеп табалдырығынан бастап осы мамандықтың құндылығын түсініп, сол мақсатқа жетуге бар күш-жігерін салады.Біреулер үшін бұл жол-қиын да соқтықпалы болуы мүмкін. Бұл тағы бір мұғалім мамандағының өмір екенін дәлелдейді
Менің мамандығым мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеші. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзін араласқын келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі — жар таңдағанда, екіншісі мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс–табыс биігіне жеткізетін қанат.
Мен өзімнің ұстаздар әулетінен шыққанымды мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама алғысым шексіз. Тәрбиеші бейімділігі, дарындылығы көбінесе балалардың тағдырын шешеді.
Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар.Менің мамандығым-тәрбиеші. Тәрбиеші жұмысы күрделі де, қызықты да, жауапты.
Тәрбиеші жан –жақты болса ғана, өз маманының ұстасы болады деп ойлаймын. Тәрбиеші-жай ғана мандық емес.Ол адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі.Бұл сөздің астында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігінің айқындап тұр. Жауаптылығы сол-Отанға лайықты тұлғаларды қалыптастыруды ең алғашқы баспалдағы,қызықтысы-жас бүлдіршіндермен араласып,олардың тәтті қиялынын туындайтын әр сөзіне, балаң көңілінен ұштасып жатқан іс-әрекеттерін тамашалаудың өзі бір ғанибет.
Мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс–табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзін араласқын келетін ортаны да таңдау. Өйткені бала – кіршіксіз пәк, тап-таза мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып тұнығуына қону үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек.
Тәрбиеші деген сөздің мағынасына үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз.Тәрбиешіге арналған жүк жеңіл еместіне көзіміз жетіп отыр. Балабақшада дұрыс тәлім - тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Мен бірнеше бала тәрбиелеп жатырмын,олар өсе келе ,бірнеше мамандық иесі болып шығатынына сенімім мол . Болашақ заңгерлерді - әділдікке үйрету, дәрігерлерді - жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды - нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Тәрбиеші жұмысы – оңай жұмыс емес. Бірақ абыройлы, сыйлы. Жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды.
Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі болғаны шығар.
Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру — менің жұмысымның мәні деп ойлаймын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нүргуль

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 418 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым