Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» поэмасындағы трагедияның себебі неде?

Автор

Айшагуль
1 мин оқу 131 оқылым

Кусаинова Айшагуль

Қазақ поэзиясында өзіне тән ерекше пішін ашқан ғасыр ақыны-М.Мақатаев.Ол әртүрлі жанрдағы,сан қилы оқиғаны,өмірді,сезімді жырлаған.Әсіресе,оның қаламынан туған"Дариға-жүрек"поэмасының айрықша орын алары сөзсіз.Әдебиет сүйер қауым бұл поэмаға аса назар аударған.Себебі,бұл поэма өмірде бақыттың кілтін таба алмаған нәзік жандының трагедиясына толы.

Әр әйел адамының басты арманы-от анасы атанып,бақытты ғұмыр кешу.Алайда,Мұқағали жазған Дариғаның жағдайы мүлдем басқа.Себебі,ол соғыс кезінде өз ерінен айырылып,тағдырдың ащы дәмін татқан жан.
"Шақырды жарын келмеді,               Белгісіз тірі,өлгені
Дариға-жүрек шөлдеді",-деген жолдардан-ақ оны түсінуге болады.Тұрмыс құрғанына көп уақыт болмай,жесір атану қиын.Кез келген адам бұл қасіретті көтере алмайды.Бірақ,Дариғаның жүрегі мықты болатын.Махаббатқа,жылуға зәру болса да,нағыз төзімділікті өз бойынан көрсете алды.Қаншама ауыртпашылықты басынан өткерсе де, еріне деген адалдықты дәлелдеді.Өз ерінен басқаны мойындамай,ары қарай өмір сүрді.Өйткені,оның мінезі тым бөлек,қайсар еді.Басталмаған бақыттың шырағы сол сәтте сөнді.Кеудесін бұл дерт жарып бара жатса да,тек әндетіп бұл қасіретті өзі сезінетін.Әні түнгі ауаны қоршап алып,сағыныш сазы жүректі кернейтін.Әйел адам үшін бұл өмірде ар мен абыройдан артық ешнәрсе жоқ.Міне,Дариға да осы ар мен абыройдың құрбаны атанды.Оны езгіге салған-ауыл әйелдерінің өсек-аяңы.Әрине,өсек-адамды азғыра тұғын нәрсе.Сондықтан Дариға үшін бұл әңгіменің бәрі ауыр жүк болатын.Әсіресе өз қайын інісі екеуі туралы болған өсек,оның жүрегіне инедей қадалды.Ауыл адамдары қартты кемсітіп,жетім-жесірдің көз жасын төккізіп егілтетін.Бұл- арсыздықтың белгісі.Сонымен,Дариға өсек-аянға шыдамай,ар мен ұяттың құрбаны болып,өз өмірін өзі қиған.Тағдыры талан-таражға түскен әйел өмірі осылай қайғылы аяқталды.Себебі,қанша жүрек мықты болғанымен,әйел деген аты бар болатын тұғын.

"Дариға жүрек " поэмасының өмірлік мәні мен мағынасы терең.Соғыс кезінде қайғы кешкен әйелдерге,әсіресе жеңгелерге арналған шығарма қазақ халқының сол кездегі өмірінің айқын дәлелі.Және де бұл поэма бар әйел адамзатының ар-абыройының қашанда биік екендігін дәлелдейді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айшагуль

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Қасым Аманжолов

"Қасым Аманжолов поэзиясы және патриоттық тәрбие"

Мақалада Қасым Аманжоловтың «Туған елге хат» өлеңі арқылы ақынның туған жерге сүйіспеншілігі мен поэзиясының патриоттық тәрбие берудегі орны қарастырылады.

Айшагуль 84 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Мұқағали Мақатаев

Бұлқынып жатыр

Мұқағали Мақатаевтың «Бұлқынып жатыр» өлеңінде сәби еркіндігі мен кішкентай жүректің қарсылығы жырланады.

Bilimger Media 198 оқылым 1 мин
Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931 - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.…

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 42 оқылым 1 мин
Мұқағали Мақатаев

М.Мақатаев «Мен таулықпын»

Мұқағали Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлеңіне арналған 6-сынып сабақ жоспары. Оқу мақсаттары, тілдік тапсырмалар, талдау, бағалау критерийлері мен рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 323 оқылым 7 мин