Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
1 мин оқу 202 оқылым

Бұлқынып жатыр

Бұлқынып жатыр.
Келмейді-ау құрғыр шамасы,
Бұлқынып жатыр.
Таусылды-ау айла-шарасы.
Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай,
Бостандық берші, бостандық берші, мамасы.
Тұмшалап қойдың несіне сонша қаусырып,
Шандудан бөлек қалған ба шараң таусылып.
Аяқ пен қолын матамай бос қой, мамасы,
Кішкентай адам көрсетіп жатыр қарсылық.
Қарашы мынау қабаржып жатқан пішінге,
ЬІза мен ашу қайнайды келіп ішінде.
Жетпей ме сол да, қойдың ғой мені арқандап
Мамасы, босат, қызыма құрсау түсірме!
Көкемді босат, аяқ пен қолын матама,
Көтеріп жүрем, көтеріп өтем жотама.
Басымды тігем.
Бармақтай менің сәбиім
бүлдіре қоймас...
Бостандық берші ботама?
Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық!
Ауа мен күнге, Ай менен нұрға малшынып.
Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы
Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық.
Мұқағали Мақатаев
Авторы
Мұқағали Мақатаев

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Мұқағали Мақатаев

М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» поэмасындағы трагедияның себебі неде?

Мұқағали Мақатаевтың «Дариға-жүрек» поэмасындағы трагедияның себептері талданады. Дариғаның соғыс қасіреті, жесірлік пен ауыл өсегіне қарсы күресі сөз болады.

Айшагуль 1 мин 131 оқылым
Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931 - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.…

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1 мин 42 оқылым
Мұқағали Мақатаев

М.Мақатаев «Мен таулықпын»

Мұқағали Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлеңіне арналған 6-сынып сабақ жоспары. Оқу мақсаттары, тілдік тапсырмалар, талдау, бағалау критерийлері мен рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 7 мин 323 оқылым