Мазмұнға өту

Латын қаріпі өркениетке деген бағыт

Bilimger Media 3 мин оқу 446 оқылым

Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технлогиялық ортаның, коммуникацияның сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев

Латын қаріпіне  көшу – заман талабы, өркениетке бағытталған қадам. Латын қаріпіне көшудің  мaңызы мен мәні aйрықша , ол бүгінде әлем бойыншa қолданысқa  ие екенін сөз бaсына тиек етсек. Лaтын қаріпі б.з.б VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з І ғасырда қалыптасқан.Орта ғасырда  латын  қаріпі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия елдерінде пайдаланыла басталды. Ал біздің Ұлы даланың тарихына көз жүгіртсек, ағартушы педагог,ғалым А.Байтұрсынұлы  латын  қаріпін жазу-сызуда қолданды. Және ағартушы, педагог ХХ ғасырдың басындағы коммуникациялық үдерістен туған ойын алсақ, ол: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман.Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық» - деп латын қаріпін  жазуда да сөйлеу де аса қажет екенін көрсетіп кеткен тәрізді.Сондықтан да латын әліпбиіне көшу біз үшін тансық дүние болмасы анық. Мен білім саласының қызметкері, әрі тіл болашағының жанашыры ретінде латынға  көшудегі ойым оң көзқараста. Заман қарқынына ілесу әсіресе білім саласы үшін маңызды дүние. Латын қаріпі қазақ тілімізді одан әрі жамытуға, жақсартуға алып келсе, яғни ел дамуының  жаңа сатысы болмақ деген сөз. Тіл  - ол қашанда ұлттың қазынасы. Тәуелсіздігіміздің – тірегі. «Анамыздың ақ стүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту, - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»  - деп  батыр бабамыз Б.Момышыұлы айтқандай, тіл – мемлекетіміздің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен бүгінгі күнінің айнасы. Ендеше тілімізді  рухани байлықтың көзі ретінде сақтау үшін латын қаріпіне көшу ең дұрыс шешім болары сөзсіз.  Бұл болашаққа деген батыл қадам, елімізді төрткүл дүниеге танытудың  бастамасы, тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды  шара деп білеміз. Алайда қоғамда латын әліпбиіне көшуді қолдамай қойғандар да кездесері анық және қалыпты жағдай. Дегенмен «көз –қорқақ, қол -батыр» деген қазақта сөз бар,   бұл істі жүзеге асыру барысында  ойымыз бір жерден шығып, бір бағытта жұмыла жұмыс атқарсақ  алынбайтын қамал жоқ.  «Қыран құстың биікке самғап ұшуы үшін оған уақыт пен бап керек» - деген даналық бар. Үлкен уақыт пен аса ұқыптылықты  талап ететін бұл  жұмыс өз қарқынымен жүзеге аспақ.

Мен осы тұста өз мамандығымды қадыр тұтатын, өз елімнің қамын ойлайтын  адам ретінде латын әлібиіне көшу үшін бар іс-шараның басы қасында жүріп өз міндетімді атқаруым керек. Ол үшін болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие көзі болған мектептен латын әліпбиіне көшуді бастау. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,оқуды,ізденуді тоқтаысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген К.Д.Ушинскийдің сөзімен сөзсіз келісемін. Біздер ұстаздар қауымы, үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, ізденуден жалықпаймыз. Ұрпағымыз білімді, шығармашылықты қажет етеді. Сонда ғана білімді ұрпақ елміздің болашақ иесі болары хақ. Сол білімді болашақты қалыптастыру үшін жаңашыл идеялар мен әдістерді, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» негізінің бірі – бәсекеге қабілеттілікті, латын әліпбиіне көшуді негізге алуымыз керек. «Ел бүгіншіл менікі – ертең үшін» дегендей, бүгінгі таңдағы жүзеге асырылып жатқан дүниенің  бәрі тек бүгінгі күн үшін емес, болашақ үшін жасалып жатқан игілік. Латын қаріпіне көшу- Мәңгілік елдің рухани  жаңғыруының басы. Ел үшін қабылданған шешімге қолдау көрсету әрбір қазақстандықтардың міндеті, жүзге асыру абыройы  деген ойдамын. Елбасы алға қойып отырған  міндеттерді іске асыруда, біз – ұстаздар соның ішінде жас ұстаздар бұл іс-шаралардың бел ортасында жүріп, елімізді көркейте түсуге  міндеттіміз. Алға қойылған мақсаттар айқын, сол жолда    аянбай  тер төгіп   еңбек  ету  жаңа бастамаларға қолдау  көрсету  біз үшін  абырай. Бүгінгі ұрпақ ынталы, дарынты және талапты  өз ойлары бар жастар. Дәл осындай жастардың күш біріктіруімен   біз үлкен белестерді бағындыра аламыз.

Нұра ЖОББ мектебінің аға тәлімгері

Уайділда Айкерім

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин